imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«Жаңа технологиялар, роботтану және автоматтандыру еңбек ресурстарына және адамдық капиталдың сапасына талаптарды күрделендіреді. Бұл жағдайларда мемлекеттің жетістігінің негізі және сұраныстарға жауап басты құндылық – адамды дамыту болып табылады »

Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан. 2018 ж 5 қазан.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

25.05.2015 ж. бастап 29.05.2015 дейін ХМО негізінде (екінші ғимарат, ХМО конференц залы, 206 ауд.) Ұлттық зерттеу Томск Политехникалық Университетенің профессоры, техника ғылымдарының докторы Хасанов Олег Леонидович жүргізетін дәрістер мен консультациялар өтеді ( профессордың профайлына сілтеме ).

Келесі тақырыптар қарастырылады:

  • «Бүгінгі материалтану саласындағы бүгнгі тенденциялары. Функционалды және құрастырымдық нанокеремикадан жасалған бұйымдарды жасау»;
  • «Лазер техникасына, сцинтилляторға және өзге қолданылуға арналған оптикалы мөлдір нанокерамиканы жасау»;
  • «Наноұнтақты құрғақ компакттау әдістерінің негізінде көлемді наноматериалдарды жасау технологиясын дайындау»;
  • «Әлемдік тәжірибиесіндегі наноиндустрия инфрақұрылымын дамыту»;
  • «Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялау»;
  • «Қазіргі заманның ғылыми зертханаларын ұйымдастыру. Құрал-жабдықтар, құрылымы, сынақтар жүргізу»;
  • «Наноматериалдар жасау технологияларындағы ультрадисперстік ұнтақтарды құрғақ комакттаудың ғылыми негіздері».

Қатысуға ниет білдіргендердің барлығы шақырылады!

Қатысуға ниет білдіргендердің барлығы шақырылады! Хасанов Олег Леонидович 1981 жылы үздік белгімен Томск Политехникалық Институтының физика-техникалық факультетіндегі оқуын аяқтады. 1981-1984 жылдары «Жылу физикасы және молекулалық физика» мамандығы бойынша ТПИ аспирантурасы. 1986 ж. Физика-математика ғылымдарының кандидаты. 1990 ж. «Аға ғылыми қызметкер» атағы. 1991 ж. Томс облысынығ менеджерлер мектебі. 1999-2003 ж. «Силикат және баяу балқитын метал емес материалдардың технологиясы» мамандығы бойынша ТПУ доктарантурасы. 2004 ж. Техникалық ғылымдар докторы. Сертификаттары: 2008 ж. JEOL компаниясының JSM 7500F, JEM 2100F электрондық микроскоптарындағы жұмыс істеу үшін білітілікті арттыру туралы сертификат, АҚШ Сауда министрлігінің «Технологияларды коммерциялау» бағдарламасы бойынша біліктіліктілікті арттыру туралы сертификат (The SABIT Program, 2002), «Технологияларды коммерциялау негіздері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру туралы Мемлекеттік куәлік (Ресей федерациясы Үкіметінің Халықтық шаруашылық академиясы, 2002).

Ғылыми дәреже, құрмет атағы, мемлекеттік марапаттар: техникалық ғылымдар докторы (2004); Ресей Федерациясының жоғарғы білімінің құрметті қызметкері (2006); «Перспективные материалы» журналының ең үздік ғылыми мақаласы үшін сыйлығы (2002); 2002 жылы РҒА Силикаттар химиясының Институтының ұжымымен жазылған «Нанобөлшектердің структурасы және өлшемдік әсер» мақалаларының циклы үшін «Наука/Интерпериодика» ХАБК лауреат дипломы (2003); «Нанокерамикадан жасалған белгіленген пішінді бұйымдарды жасау технологиясын» дамытқаны үшін Бүкілресейлік көрме-конгрессі «Жоғары технологиялар. Инновациялар. Инвестициялар» 1-ші дәрежелі дипломы және медалі (2003); Томс облысының білім және ғылым байқауының лауреаты (2005); 2006 жылы 34-ші Халықаралық өнертабыстар салонының Алтын медалімен марапатталды; «Ресейдің 100 үздік ұйымы. Ғылым. Инновациялар. Ғылыми зерттеу.» атты байқаудың «Жыл ғалымы – 2010» номинациясының лауреаты (2010); Оның өмірбаяны "2000 Outstanding Scientists of the 20th Centure" атты Халықаралық өмірбаяндық орталықтың жинағында жарияланған (2002).

Еңбек қызметі: ФТФ ТПИ инжинері (1981); ТПИ аспиранты (1981-984); ТПИ-ның ядролық физика ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері (1984-985); ТПИ ФТФ №01 ғылыми-зерттеу лабораториясының (ҒЗЛ) басшысы; ФТФ деканынң ғылыми жұмыс бойынша орынбасары (1985-1988); ТПИ ФТФ «Температура» ҒЗЛ басшысы (1988-1996); ТПУ келешекті және бейдәстүрлі технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының директоры «Спектр» (1996-2007). 2007 жылдан бастап ТПУ Нано-Орталығының директоры; профессор, «Наноматериалдар мен нанотехнологиялар» кафедрасының меңгерушісі. 2007 жылдан бастап Технологияларды коммерциялау бойынша халықаралық ғылыми-техникалық орталығының сарапшысы. РОСНАНО мемлекеттік корпарациясының маманы (2009). 1991-1992, 1998-1999 жж. - Materials Research Society (АҚШ) мүшесі. 1998 ж. Ульсан университетінде (Оңтүстік Корея) шақырылған профессор ретінде дәрістер оқыды. Еуропалық керамика қоғамының мүшесі (2003). “Materials Chemistry and Physics” журналының рецензиялаушысы (2007). 2000-2010 – «Ультрадисперсті (нано) жүйлердің физика-химиясы» атты 5-ші және 9-шы Бүкілресейлік конференцияларының Бағдарлама комитеттерінің мүшесі.

Ғылыми қызметінің бағыттары: ультрадисперсті материалтану саласындағы сарапшы; наножүйелер индустриясы және материалдар; композициялық және керамикалық материалдарды жасау және өңдеу технологиялары.

Ғылыми еңбектері: «Металдардың ультрадисперсті бөлшектерінің үстіңгі қасиеттерін атомдық және ядролық-физикалық анализ әдістерімен зерттеу» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясы (1984). «Нанокерамика дайындау технологиясындағы ультрадисперсті ұнтақтарды құрғақ түрінде компакттаудың ғылыми негіздері» тақырыбына докторлық диссертация (2003). 150 астам басылымдардың авторы, олардың ішінде мақалалар және конференциялардағы баяндамалар, Ресейде (2004), АҚШ (2005), ТМД (2005), Украинада (2006), Оңтүстік Кореяда (2008), Еуроодақта (2009) патенттелген өнертабыстардың серіктес авторы.