imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«Жаңа технологиялар, роботтану және автоматтандыру еңбек ресурстарына және адамдық капиталдың сапасына талаптарды күрделендіреді. Бұл жағдайларда мемлекеттің жетістігінің негізі және сұраныстарға жауап басты құндылық – адамды дамыту болып табылады »

Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан. 2018 ж 5 қазан.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

1. Skalar SAN ++ автоматтандырылған анализатор – бұл түрлі параметрлерді автоматты түрде саралауға арналған жүйе, ол «ылғалды химия» саласындағы қолжетімді, тексерілген және сенімді технологиялардың бірін қолданады. Анализатор кез келген экология және өнеркәсіп саласында қолданылуға жасалған, олар – су анализі, тамақ өнеркәсібі, тыңайтқыш өндірісі және анализі, топырақ анализі, фармакология, өсімдік шаруашылығы және темекі өндірісі. Skalar SAN ++ анализаторы аналитикалық зерттеулерді автоматты түрде тәулігіне 24 сағат бойы жасауға мүмкіндік береді. Құрылғының дизайны модульді болғандықтан, оны кез келген лабораторияның жеке талаптары мен міндеттеріне икемдеу мүмкіндігі бар, соның ішінде реттік үлгі дайындау кезеңдері де бар, мысалы: ультрафиолеттік ыдырату, дистиляция, экстракция, диализ және ионалмастырғыштағы тазарту. Skalar SAN ++ анализаторы тәулігіне 800 үлгі өңдейді және 16 параметрді қатарынан өлшейді, сондықтан ол жұмысбасты зертханалардың өткізу қабілетін және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Skalar SAN ++ көптеген детекторлық әдістерді қолдана отырып, мыңдаған аналитикалық тапсырмаларды шешуге қолданылады, қарапайымдарынан бастап: аммоний, хлорид және нитрат иондарын анықтау, күрделілеріне дейін: жалпы цианидтерді, фенолды, жалпы азот, жалпы фосфорды өлшеу және т.б.

2.Су үлгілеріндегі оттегінің биохимиялық тұтынысын анықтайтын SP 2000 роботтандырылған анализаторы Өндіруші: Skalar Analytical B.V. (Нидерланд).
Жоғары технологиялы SP 2000 роботтандырылған платформасы күнделікті аналитикалық жұмыстарды орындаудың дербес және ынғайлы автоматтандырылған жолдарын ұсынады. ОБТ, ОХТ тексеру жиынтығы (ST-ОХТ, TP, TN), pH, электр өткізгіштік, сілтілік, карбонаттар/бикарбонаттар, лайлылық, түстілігік, ион-іріктемелі электродтар (ISE) және топырақтың түйіршіктік құрамын анықтау сияқты анализ әдістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, үлгіні өлшеу және фильтрлеу, үлгіні тамызу және т.б. автоматты түрде орындалады. Клиенттің мақсаттары байланысты анализдер мен әдістерді құрамдастыруға болады. Барлық қолданылатын әдістер халықаралық ISO, EPA, Standard Methods, DIN және т.б. стандарттарына сәйкес келеді. Модульді дизайн және қолданушы белгілейтін автоматтандыру құрылғыны Сіздің өнімділік пен нәтижелердің дәлдігін арттыру бойынша талаптарыңызға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл үлгіні өңдеу уақытын, үлгіні сараптауға кеткен шығынды, қателіктертерді және «оператор/үлгі» өзара әсерін азайтады.