imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«Жаңа технологиялар, роботтану және автоматтандыру еңбек ресурстарына және адамдық капиталдың сапасына талаптарды күрделендіреді. Бұл жағдайларда мемлекеттің жетістігінің негізі және сұраныстарға жауап басты құндылық – адамды дамыту болып табылады »

Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан. 2018 ж 5 қазан.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

2015 жылдың басында су үлгілеріндегі нитриттер мен нитраттарды, беттік-активті заттектерді аммонийлі азотты бір уақытта анықтайтын – Skalar SAN ++ автоматтандырылған анализаторы және су үлгілеріндегі оттегінің биохимиялық тұтынысын анықтайтын – SP 2000 роботтандырылған анализаторы (Skalar, Голландия) – аналитикалық құралдар жүйелерідің тапсырылуы күтілуде.

Skalar SAN ++ автоматтандырылған анализатор – бұл түрлі параметрлерді автоматты түрде саралауға арналған жүйе, ол «ылғалды химия» саласындағы қолжетімді, тексерілген және сенімді технологиялардың бірін қолданады. Анализатор кез келген экология және өнеркәсіп саласында қолданылуға жасалған, олар – су анализі, тамақ өнеркәсібі, тыңайтқыш өндірісі және анализі, топырақ анализі, фармакология, өсімдік шаруашылығы және темекі өндірісі.
Skalar SAN ++ анализаторы аналитикалық зерттеулерді автоматты түрде тәулігіне 24 сағат бойы жасауға мүмкіндік береді. Құрылғының дизайны модульді болғандықтан, оны кез келген лабораторияның жеке талаптары мен міндеттеріне икемдеу мүмкіндігі бар, соның ішінде реттік үлгі дайындау кезеңдері де бар, мысалы: ультрафиолеттік ыдырату, дистиляция, экстракция, диализ және ионалмастырғыштағы тазарту. Skalar SAN ++ анализаторы тәулігіне 800 үлгі өңдейді және 16 параметрді қатарынан өлшейді, сондықтан ол жұмысбасты зертханалардың өткізу қабілетін және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Skalar SAN ++ көптеген детекторлық әдістерді қолдана отырып, мыңдаған аналитикалық тапсырмаларды шешуге қолданылады, қарапайымдарынан бастап: аммоний, хлорид және нитрат иондарын анықтау, күрделілеріне дейін: жалпы цианидтерді, фенолды, жалпы азот, жалпы фосфорды өлшеу және т.б.

SP 2000 роботтандырылған анализаторының артықшылықтары:
* Толық автоматтандырылғын анализ: араластыру, қыздыру, тығындау, тығынын ашу, үлгіні тамызу, суыту және ISO 15705 және EPA 410.4 стандарттарына сәйкес st-ОХТ анализі үшін фотометриялық өлшем жасау және ТР анализ;
* Қолданылуға ыңғайлы жүйе, улағыш және күйдіргіш реактивтермен жалғасудың жоқтығы;
* Қолданылуға ыңғайлы жүйе басқа түрлі ОБТ-өлшегіштермен үйлесімді;
* Код-сызықша бойынша идентификациялау;
* Түрлі қолайлы және икемді бағдарламалар пакетімен қамтамасыз етілген, оның ішінде ерте орнатылған анализ әдістерінің файлдары, анализ жоспарлаушы, қолданушы белгілейтін қағазға басып шығаруға және ақпаратты LIMS/Excel-ге экспорттауға мүмкіндігі бар есеп түрлері, сапаны бақылауға арналған жақсы функциялар және т.б.