imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

Өзге салаларда жұмыс істейтін ҰҚҰҒЗ

ҰҚҰҒЗ Ресми сайтқа сілтеме
ҚР Ұлттық биотехнология орталығы http://www.biocenter.kz/
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті http://www.kazntu.kz/ru/node/1894
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті http://fizlab.vkgu.kz/ru/o-nas.htm

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын «ҚР Ұлттық биотехнология орталығы».

1. Ұйым атауы:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын «ҚР Ұлттық биотехнология орталығы».

2. Бірінші басшы:
Бас директордың міндетін атқарушы - Раманкулов Ерлан Мирхайдарович, Ph.D.

3. Зертхана жетекшісі:
Жолдыбаева Елена Витальевна, б.ғ.к.

4. Зертхананың негізгі ғылыми бағыттары:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 22.07.2008 ж. № 436 «Ұжымдық қолданылудағы ұлттық ғылыми зертханалар ашу туралы» бұйрығы бойынша Ұлттық Биотехнология Орталығында Ұжымдық қолданылудағы ұлттық биотехнологияның ғылыми зертханасы (ҰҚҰБҒЗ) ашылған болатын.

Зертхана 2009 жылдың 30 наурызынан бастап Ұлттық Биотехнология Орталығының негізінде қызмет атқаруда.

Зертхана қызметінің мақсаты геномдық зерттеулер жүргізу және денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау мен ауыл шаруашылығы салаларына генетикалық сынақтарды енгізу болып табылады.

Негізгі міндеттер:

  • ғылыми ұйымдар мен ғалымдарға қызмет көрсету;
  • бәсекелестікке қабілетті биотехнологиялық өнім жасау;
  • геномдық технологиялар негізіндегі ғылыми жобаларды орындау;
  • ғылыми мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру.

Зерхананың мақсаттары мен міндеттері еліміздің «өмір туралы ғылым» басым ғылыми бағытын дамытуға беттелген.

5. Негізгі жетістіктер (гранттар, басылымдар, патенттер, куәліктер...)

Зертхана негізінде орындалып жатқан гранттар:

2014 жылы зертхана негізінде гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында түрлі жобалар орындалуда.

Гранттар:

  1. Жоба атауы: «Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) сынақ-жүйесін жануарлардың және құстардың кампилобактериозын анықтау үшін қолдану». Жоба жетекшісі Шевцов Александр Борисович (2012-2014 жж.)
  2. Жоба атауы: «Қазақстан әйелдерінің сүт безі ісік қатерінің және VDR мен РТН гендерінің көп пішінділіктің, кальций деңгейінің арасындағы байланысты бағалау». Жоба жетекшісі: Акильжанова Айнур Рахметуловна (2012-2014 жж.)
  3. Жоба атауы: «Real-time ПТР көмегімен қан тобын анықтау және генетикалық сынақтама жүргізу әдістерін жасау». Жоба жетекшісі: Тарлыков Павел Викторович (2012-2014 жж.)
  4. Жоба атауы: «Қазақстан аумағында кездесетін M.tuberculosis штаммдарын молекулалық генотиптеуден өткізу». Жоба жетекшісі: Раманкулов Ерлан Мирхайдарович (2012-2014 жж.)
  5. Жоба атауы: «Қан тамырларын стеннтеуден кейінгі рестенозге генетикалық бейімділікті бағалау». Жоба жетекшісі: Жолдыбаева Елена Витальевна (2012-2014 жж.)
  6. Жоба атауы: «Тығыздығы жоғары ДНК-микрочиптерінің негізінде онкологиялық аурулардың транскриптомдарының мета-анализі». Жоба жетекшісі: Каиров Улыгбек Еруланович (2012-2014 жж.)
  7. Жоба атауы: «Генетикалық сынақтамаларды қартаюға қарсы бағдарламаларды жасау үшін қолдану». Жоба жетекшісі: Раманкулов Ерлан Мирхайдарович (2013-2015 жж.)
  8. Жоба атауы: «Көп тандемді қайталау анализі негізінде Қазақстан Республикасындағы жануарлардың бруцеллез қоздырғышының генетикалық түрлілігін зерттеу». Жоба жетекшісі: Муканов Касым Касенович (2013-2015 жж.)

Еуразиялық экономикалық қауымдастығының (ЕЭҚ) «Инновациялы биотехнологиялар» халықаралық мақсатты бағдарламасы.
1. «Бруцелланы анықтау және түр идентификациясын жасау үшін полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісінің негізіндегі сынақ-жүйесін жасау» ((2012-2014 жж.). Жоба жетекшісі: Муканов Касым Касенович.

«ДНҚ-технологиялары негізінде Қазақстан халқының бөлек топтарына генетикалық төлқұжат жасау» (2012-2014 жж.)
1. Дәрілерге сезімталдықтың молекулалы-генетикалық маркерлері Жоба жетекшісі: Раманкулов Ерлан Мирхайдарович.
2. Жүрек-тамыр аурулары кезіндегі фармакогенетикалық бейін. Жоба жетекшісі: Жолдыбаева Елена Витальевна.
3. Асқазан ісігінің пайда болу қатері кезіндегі цитокин гендерінің көп пішінділігінің маңызы. Жоба жетекшісі: Кулмамбетова Гульмира Нигметжановна.
4. Қазақ популяциясындағы ревматоидтық артриті бар науқастардың HLA-DRB1 аллельдерінің көп пішінділігін зерттеу. Жоба жетекшісі: Ахметоллаев Ильяс.
5. Қазақстан әйелдері арасындағы остеопороздың генетикалық қатерін бағалау. Жоба жетекшісі: Акильжанова Айнур Рахметуловна.
6. Тұқым қуалайтын гематуриясы бар нефриттің себебі болатын col4a5 генінің кликалық маңызы бар көп пішінділіктерін зерттеу. Жоба жетекшісі: Рахимова Сауле Еслямовна.

«Өндірістік биотехнология» бағдарламысы (2013-2015 жж.)
1. Қышқылға тәуелді ішек-қарын жолдарының аурулары кезінде қолданылатын дәрілердің жеке мөлшерін анықтауға арналған нақты уақыт режиміндегі полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісінің негізіндегі сынақ-жүйесін жасау. Жоба жетекшісі: Жолдыбаева Елена Витальевна
2. Зат алмасудың бұзылуы және ас тәртібімен байланысты гендердің көп пішінділігін анықтауға арналған диагностикалық жиынтықты жасау және тексеру. Жоба жетекшісі: Раманкулов Ерлан Мирхайдарович.
3. AZF Y хромосома локусының микроделециясын анықтауға арналған сынақ-жүйесін жасау. Жоба жетекшісі: Шевцов Александр Борисович.

Рейтингісі жоғары баспалардағы басылымдар:

1. A. Shevtsov,A. R. Kushugulova, I. K. Tynybaeva, S. S. Kozhakhmetov, A. B. Abzhalelov, K. T. Momynaliev, L. G. Stoyanovac, 1Identification of Phenotypically and Genotypically Related Lactobacillus Strains Based on Nucleotide Sequence Analysis of the groEL, rpoB, rplB, and 16S rRNA Genes Microbiology, 2011, Vol. 80, No. 5, pp. 672–681.

2. K.T. Momynaliev, E.V. Gorbatenko, A.B. Shevtsov, O.G. Gribanov, N.N. Babenko, M.M. Kaabak. Prevalence and subtypes of BK virus in pediatric renal transplant recipients in Russia. Pediatr Transplant. 2012 Mar;16(2):151-9. doi: 10.1111/j.1399-3046.2011.01640.x. Epub 2012 Fe

3. Pavel V. Tarlykov, Elena V. Zholdybayeva, Ainur R. Akilzhanova, Zhannur M. Nurkina, Zhaksylyk M. Sabitov, Toleubay K. Rahypbekov, Erlan M. Ramanculov DNA analysis of Kazakh population from Tarbagatay region in East Kazakhstan //Croatian Medical Journal. 2013. Vol. 54 (2).

4. M. Zhabagin, Z. Sabitov, I. Tazhigulova, P. Tarlykov, Y. Yusupov, K. Dibirova, P. Nymadawa, E. Balanovska, I. Zakharov, O. Balan The gene pool of Argyn in the context of generic structure of Kazakhs according to data on SNP-Y-Chromosome markers // European Journal of Human Genetics. 2013; 21(2): 570

5. P. Tarlykov, M. Shoaib, A. Kulyyassov, C. Robin, E. Ramanculov, V. Ogryzko A novel proteomic approach to study epigenetic changes in chromatin // FEBS Journal. 2013; 280 (Suppl. 1): 9

6. A.Aitkulova, P. Tarlykov, A. Dzholdasbekova, D. Taizhanova, R. Karabaeva, E. Zholdybaeva Genetic variations associated with coronaryrestenosis in Kazakh population // FEBS Journal. 2013; 280 (Suppl. 1): 385-386

7. A. Akilzhanova, N. Takamura, K. Aoyagi, L. Karazhanova, S. Yamashita Folic Acid Deficiency: main etiological factor of megaloblastic anemia in Kazakhstan. // American Journal of Hematology. DOI 10. 1002/ajh. p.471

8. A. Zinovyev, U. Kairov, T. Karpenyuk, E. Ramanculov Blind source separation methods for deconvolution of complex signals in cancer biology. // Biochem Biophys Res Commun. 2013 Jan 18;430(3):1182-7.

9. Shevtsov A, Tarlykov P, Zholdybayeva E, et al. Draft Genome Sequence of the Live Vaccine Strain Brucella abortus 82. Genome announcements. 2013;1(6).

10. Shevtsov A, Tarlykov P, Zholdybayeva E, et al. Draft Genome Sequence of Rhodococcus erythropolis DN1, a Crude Oil Biodegrader. Genome announcements. 2013;1(5).

11. Elena V. Zholdybayeva, Saule E. Rakhimova, Barshagul T. Baikara, Nazym B. Nigmatullina ,Nagima M. Mustapayeva, Kuvat T. Momynaliev Alport syndrome in the Kazakh family: a case study. Journal of Genetics in press.

12. Kuranov, Alexandr B.; Vavilov, Mikhail N.; Akilzhanova, Ainur R.Zholdybayeva E. et al. HLA-DRB1 class ii genes in naimans from East Kazakhstan. Conference: 28th EFI European Immunogenetics and Histocompatibility Conference Location: Stockholm, SWEDEN Date: JUN 25-28, 2014 Sponsor(s): EFI TISSUE ANTIGENS Volume: 84 Issue: 1 Pages: 137-137 Published: JUL 2014

13. Ibrayeva A, Kozhamkulov U, Raiymbek D, Alenova A, Igilikova S, Zholdybayeva E., Abildaev T, Momynaliev K Molecular epidemiology of Mycobacterium tuberculosis strains circulating in the penitentiary system of Kazakhstan.// Int J Tuberc Lung Dis. 2014 Mar;18(3):298-301.

Патенттер

Инновациялы патент - «Қазақ популяциясын генотиптеу негізінде дәрі мөлшерін таңдау әдісі», №26761, 3 мамыр 2013 ж.

Өнертабысқа патент «Нақты уақыт режиміндегі полимеразалық тізбекті реакция негізінде Варфарин мөлшерін таңдаудың экспресс-әдісі», №28630, 16.05.2014 ж.

Халықаралық куәлік

Y-хромасомасының гаплотипін анықтауда сапаны бақылау куәлігі. Германияның референстік зерханамен берілген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген әдістемелік ұсыныстар: «Нақты уақыт режиміндегі полимеразалық тізбекті реакция негізінде Варфарин мөлшерін таңдау».

Жазғы мектеп

2013 жылдың 29 шілде - 9 тамыз аралығында ұлттық зертхана негізінде «Студенттерге арналған биотехнология» жазғы мектебі ұйымдастырылды. Мектепке Қазақстанның түрлі аймақтарынан 15 адам (3-5 курс студенттері) және Қырғызстаннан 2 адам қатысты.

Мектеп бағдарламасында 80 сағаттан аса дәріс пен тәжірибелік сабақтардан құрылды. Сонымен қатар, Назарбаев Университетіне экскурсия ұйымдастырылды.

7. Зертхана құралдарының суреті және техникалық сипаттамасы бар тізімі

Бөлек файл берілген

8. Байланыс ақпарат

Нақты мекенжай: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Уалиханов көшесі, 13/1 үй.

Заңды мекенжай: 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Уалиханова көшесі, 13/1 үй.

Тел/факс: (87172) 21-46-33, 21-40-20.

Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

сайт: www.biocenter.kz, www.biolab.kz

 

Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы (АжҒТҰҚҰҒЗ)

ҚР Президентінің және Үкіметінің бастауымен ғылым мен жоғарғы білім беру біріктіру мақсатында 2009 жылдың қараша айында ҚазҰТУ «Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы» құрылды.

Зертхана қызметінің негізгі мақсаты – ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын субъектілермен ақпараттық және ғарыштық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуін қамтамасыз ету. Зертхана отандық және шетел ғалымдарына олардың тұрақты жұмыс істейтін ғылыми ұйымдарының ведомствалық меншік пен жеке меншік формасынан тәуелсіз ғылыми зерттеулер өткізуге мүмкіндік береді. Зертхана елдің ғылыми ұйымдарының және ЖОО-ның ғалымдары мен мамандарына, бірлескен зерттеулер өткізуге қатысатын шетел ғалымдарына қолданыста бар барлық материалдық құралдарды келісім-шарт негізінде береді. Қазіргі таңда зертханада пайдалануға Есептеуіш кластер (Суперкомпьютер) іске қосылған.

Зертхана жетекшісі: Нурсеитов Данияр Борисович, физика және математика ғылымдарының кандидаты.

Зертхана құрамы: Бармашёв Р.И. – магистрант, зертхана жетекшісінің орынбасары, Кайракбай Б.М. – т.ғ.к, доцент, бас маман, Турсунов И.Э. – магистрант, жетекші маман, Алимова А.Н. – PhD докторант, жоғары дәрежелі маман, Бостанбеков К.А. – магистр, жоғары дәрежелі маман, Пак И.Е. – магистрант, жоғары дәрежелі маман, Заурбеков Д.Л. – магистрант, жоғары дәрежелі маман, Угай И.А. – магистрант, жоғары дәрежелі инжинер, Станбаев Н.О. - бакалавр, жоғары дәрежелі инжинер.

Қызметі:
Білім беру бағдарламалары: Үлестірілген есептеулердің теориясы; Жоғары өнімді есептеуіш жүйелер.

Ғылыми-өндірістік қызмет:

  • Жоғары өнімді есептеулерге арналған бағдарламалық жасақтама жасау;
  • Мұнай мен газ, геология, машина жасау және экономика салаларында ресурс кеңділігін талап ететін есептерді шешу;
  • Биоинформатика, биомедицина және фармацевтиканың күрделі есептерін шешу;
  • Ғарыш зерттеулерінде инновациялы суперкомпьютер технологияларын қолдану;
  • Виртуалдық шындық және мультимедиа жүйелерінің мәліметтерін өңдеу;
  • АжҒТҰҚҰҒЗ ресурстарына шалғайдан қол жеткізуге мүмкіндік беретін телекоммуникациялық компьютерлік желілерді дамыту.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:

АжҒТҰҚҰҒЗ ресурстарын өзге ұйымдарға ҒЗЖ үшін беру: Өз ҒЗЖ жүргізу: Қызметті коммерциялау:

• Жоба: «Йод галогенидтері мен олардың инфекцияға қарсы механизмінің негізіндегі белсенді дәрі-дәрмек кешендерін модельдеу»;
• Жоба: «2009-2011 жылдарға арналған нарықтық экономика механизмдерін параметрлік реттеу теориясының негізінде нәтижелі мемлекеттік саясатты жасау және орындау әдістерін дамыту бағдарламасы»;
• Жоба: «Қазақ тілін танып білудің акустикалық моделін есептеу».

• Жоба: «Мұнай-газ индустрисының нысандарындағы апаттардың тіршлікке кері әсерін тәуекелді реттеу әдістерін суперкомпьютерде жасау және орындау»;
• Жоба: «Жоғары өнімді есептеулерді қолдана отырып мемлекеттік тілдегі мәтінді оптикалық танып білудің интерактивті порталын жасау»;
• Жоба: «Grid-жүйесінің түптұлғасын жасау және оның архитектурасын құру әдіснамасы».

• Жоба: ««Самрұқ-Энерго» нысандары Мойнақ және Қапшағай СЭС-ын салыстыру туралы анимациялық 3D роликтің рендрингі»;
• Жоба: «Астана қаласындағы «Familyvillage» коттедж қалашығының тұсаукесер 3D роликтің рендрингі»;
• Жоба: «Communications Kazakhstan Digital Expo & Conference 2011» көрмесіне арналған тұсаукесер 3D ролигі;
• Жоба: «Мұнай қоймаларын және шлам жинақтаушы көлдерді тазалауды бейнелеу» тұсаукесер 3D роликтің рендрингі»;
• Жоба: ««Нефтяная страховая компания» АҚ жарнама ролигі»;
• Жоба: «Ер төстік» анимациялық 3D роликтің рендрингі».

Материалдық база

Құралдар атауы:
1. Есептеуіш кластер
FTS Primergy RX300S52 басқару серверлері;
FTS Primergy BX920 S1; Dual Server Blade Есептеуіш кластердің орталықтары;
NetApp FAS6080A Мәліметтерді сақтау жүйесі;
15 жұмыс орнына арналған терминал сыныбы. FTS Futro S550 Клиенттері;
FTS Primergy RX300S5 жасау және сынау сервері;
FTS Primergy RX300S5 шалғайдан қол жеткізу, авторизация және бақылау серверлері;
Cisco 10GbE LAN Switch N5000;
PrimergyEthernetSwitch/IBP 36/8+2;
3 фазалы APC Symmetra PX 64kW; Scalableto 160kW ішкі стабилизатормен, N+1 бұзылуға бекем жүйесі;
WILSON P135 дизельді электр генераторы;
APC Modular IT PowerDistribution жүйесі электр энергиясының таралуын қамтамасыз етеді;
InRow RD, 600mm, AirCooled, 380-415V, 50Hz жоғары тиянақты кондициялау жүйесі;
Fm200 өрт сөндіру жүйесі.

2. УНИСКАН-24 поляр-орбиталық ДЗЗ жерсеріктерінен мәліметті Х-диапазонында (8 ГГц)қабылдайтын станция.

3. GRID-жүйесі;
FTS Primergy RX300S7 grid-жүйесі сервері;
АжҒТҰҚҰҒЗ grid-жүйесінің буыны: Corei3 3.2GHz (орташа конфигурациялы) жеке компьютерлері;
ҚКАКТОО grid-жүйесінің буыны: PentiumDual-Core 2.6 GHz (орташа конфигурациялы) жеке компьютерлері;
ҚазҰТУ grid-жүйесінің буыны: PhenomII 2.8 GHz жеке компьютерлері (қосу жоспарланған).

Бағдарламалық жасақтама
♦ Операциялық жүйелер:

WindowsHPCServer 2008 R2;
CentOS 5.6. негізіндегі Rocks Cluster Distribution 5.4.3 (Viper).

♦ Мамандандырылған бағдарламалық жасақтама:

Autodesk 3dsMax 2012: 3D-модельдеу, анимация и рендеринг;
STAR-CCM+: тұтас орталар механикасының есептерін шешуге арналған бағдарламалық кешен;
MIKE 21: ағымдарды, толқындарды, қоспаларды көшіруді модельдеу;
Gaussian 09 (+ TCPLinda 8, GaussView 5): квант химиясы, молекулалық модельдеу.

Құзреті
Зертхана ҚР аккредиттеу жүйесінде сынақ зертханасы ретінде «Сынақ және калибрлік зертханалардың жұмыстарына жалпы талаптар» СТ ҚР ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкес аккредиттелген;
Зертхана қызметкерлерінде 44 куәлік бар, оның ішінде 11-і шетел куәліктері;
2010-2012 жылдар аралығында зерханада 177 студент, 34 магистрант және 11 PhD докторант тәжірибеде болды;
Зертхана негізінде 2 докторлық, 1 кандидаттық, 2 магистрлік және 6 дипломдық жұмыс қорғалды.

Зертхана туралы

ҚР Президенті мен Үкіметінің ықыласы бойынша ғылым мен жоғарғы білімді біріктіру үшін ҚР БҒМ 2008 жылғы 22 шілдедегі №436 “Ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханаларын ашу үшін ұлттық кәсіпорындарды анықтау туралы” бұйрығы бойынша ҚазҰТУ “Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы” (АжҒТҰҚҰҒЗ) ұйымына байқау негізінде іріктеп алынды. АжҒТҰҚҰҒЗ 2009 жылдың қараша айында ҚазҰТУ ректорының 2009 жылғы 25 қарашадағы №624-п бұйрығына сәйкес құрылды. 2010 жылдың маусым айында Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасының ашылуы және пайдалануға есептеуіш кластерді (Суперкомпьютер) іске қосу болды.
ҚР БжҒМ зертхананы заманауи құрылғылармен жабдықтау мақсатында АжҒТҰҚҰҒЗ үшін 400 млн. теңге және ИПЗ үшін 200 млн. теңге көлемінде зертхананы құруға қаржы бөлді.
ҚазҰТУ өз қаражатынан қосымша 500 млн. теңге таяу қаржыны ғимаратты жөндеу мен инфрақұрылымын құру, жиһаз, оргтехника және қосымша құралдар алу үшін жұмсады.
АжҒТҰҚҰҒЗ Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қазақстан-Корей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу орталығының бірінші қабатында орналасқан.

Зертхананың жалпы міндеттері:

-ақпараттық және ғарыштық бағыттағы ғылыми және технологиялық даму бағдарламалары мен жобалардың орындалуын қамтамасыз ету;
-ғаламдық нарықта бәсекелеске тұрарлық ғылыми өнімдер мен коммерциялық технологиялар құру;
-халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықта қатысу;
-жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен бірге ғылыми жобаларды құру негізінде басымдылық ғылыми бағыттарда ғылыми кадрлар дайындау.

Ақпараттық технологиялар саласындағы міндеттер:

-үлкен және аса үлкен көлемдегі мәліметтерді математикалық өңдеу;
-қиындығы жоғарғы математикалық есептерді шешу;
-компьютерлік көру саласындағы зерттеулер;
-жасанды интеллект мәселесі;
-grid-технологиясын дамыту;
-параллелді бағдарламалау саласындағы зерттеулер;
-виртуализация саласындағы зерттеулер.

Ғарыштық технологиялар саласындағы есептер:

-қашықтықтан барлау мәліметтерін өңдеу;
-ғарыштық тағайындалудағы құралдарды жобалау;
-экологиялық мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы территориясының бетін қашықтықтан зерртеуге бағытталған ғарыштық зерттеу мәліметтерін талдау және өңдеу;
-ғарыштық құрал жасауға арналған жүйелерді моделдеу;
-космофизика саласында теориялық зерттеулер жүргізу;
-ғарыштық объектілердің физикалық үрдістерін моделдеу.

АжҒТҰҚҰҒЗ даму болашағы:

-ANSYS бағдарламалық пакетін орнату және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, экономиканың әртүрлі салаларында компьютерлік инжинирингтің кең шеңбердегі физикалық есептерін шешуге мүмкіндік береді;
-GAUSSIAN бағдарламалар жиынын орнату, есептеуіш және кванттық химия, молекулярлық моделдеу, медициналық және фармацевтикалық зерттеулер саласында мәліметтерді өңдеуге жоғарғы өнімділікті жүйелерді қажет ететін химиялық есептерді шешуге мүмкіндік береді;
-Leica ERDAS IMAGINE бағдарламалық пакетін орнату, көлемдік өлшеу және есептеу жұмыстарын жүргізуге қажет ететін географиялық, экологиялық, геологиялық және әскери сипаттағы есептерді шешеді;
-PHOTOMOD бағдарламалық пакетін орнату, барлық коммерциялық мүмкін бейне түсіру жүйелері, кадрлық сандық және пленкалы камералар секілді, көрсету дәрежесі жоғарғы ғарыштық сканерлеу жүйелері, сонымен қатар синтезделген апертурасы бар радарлар кескіні негізінде кеңістіктегі ақпаратты алуға мүмкіндік береді;
-Машина жасау саласында құрылатын өнімдерді виртуалды моделдеуін ұйымдастыру мен басқару, талдау және тиімділігін арттыру үшін MSC бағдарламалық өнімдерін орнату.

Қызметкерлер

Нурсеитов Данияр Борисович – Зертхана жетекшісі, ф.-м.ғ.к.*
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Бармашёв Руслан Ильясович – Зертхана жетекшісінің орынбасары
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Кайракбай Бахыт Матхалыкович – Бас маман, т.ғ.к.
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Турсунов Ильяс Эскандерович – Жетекші маман
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Пак Игорь Евгеньевич – Біліктілігі жоғарғы деңгейлі маман
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Заурбеков Давид Лечаевич – Біліктілігі жоғарғы деңгейлі маман
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Алимова Анель Нурданбековна – Біліктілігі жоғарғы деңгейлі маман
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Бостанбеков Кайрат Аратович – Біліктілігі жоғарғы деңгейлі маман
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Угай Игорь Анатольевич – Біліктілігі жоғарғы деңгейлі инженер
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22
Станбаев Нуржан Орманович -Біліктілігі жоғарғы деңгейлі инженер
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22

Ғылыми жобаларды орындау шеңберінде қосымша қатысқан:

Маймаков Анвар Даулетович
Столяров Юрий Юрьевич
Джамалов Джалал Кудратович
Касенов Сырым Еркинович
Еламанова Гульмира Амантаевна

* Практика өту сұрақтары бойынша Зертхана жетекшісімен хабарласыңыздар.

Байланыс ақпарат

Мекен-жай: 050013, Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы, Сейфуллин даң., 122/22
(Сәтбаев көшесінен жоғары; Қазақстан-Корей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу орталығы ғимаратында орналасқан), каб.: 101, 101а, 102, 107
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

«Ядролық технологиялар және қайта жаңартылатын энергетика технологиялары» Ұжымдық пайдаланылатын Ұлттық ғылыми зерттеу зертханасы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 11 тамызындағы №472 бұйрығының негізінде университетте «Ядролық технологиялар және қайта жаңартылатын энергетика технологиялары» Ұжымдық пайдаланылатын Ұлттық ғылыми зерттеу зертханасы ашылды. Зертхананың негізгі құрал-жабдықтарына арнайы уй-жайлары бар жеке ғимарат бөлініп, арнайы талаптарға сай жабдықталды. Жұмыс орындарының аттестациясы жүргізілді. (Жалпы ауданы 820 м2).

Зертхана мақсаты: іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту және ғалымдар мен мамандарды дайындау арқылы елдің индустриалдық-инновациялық даму мәселелерін іске асыруды ғылыми және кадрлық жағынан қамтамасыз ету.

Зертхана құрамы:

  • ЯМР-спектроскопия зертханасы;
  • Қолданбалы және радиациялық физика зертханасы;
  • Тәжірибелік-өнеркәсіптік алаң;
  • Конструкторлық-жобалау бөлімі;
  • Энергия үнемдеу және балама энергетика зертханасы.

Зерттеулердің басым бағыттары:
Зертхананың зерттеу бағыттары ЖҒТК бекіткен, ҚР ғылымы дамуының басым бағыттарымен байланысты:
Өнім мен шікізатты терең өңдеу бағыты бойынша:

  • Өнеркәсіптік қалдықтар, мұнай-химия және табиғи қосылыстар химиясы;
  • Материалтану және наноқұрылымдау. Радиациялы-термиялықтехнологиялар;
  • Қайта жаңартылатын энергетика;

Энергетика бағыты бойынша:

  • Жел энергетикасы (желкенді және қалақты желгенераторларын зерттеу және әзірлеу);
  • Сутегі энергетикасы (сутекті-ауалы отындық элементтердің серіппелі-электродты блоктарын әзірлеу);
  • Күн энергетикасы (күн энергетикасына жарамды кремнийді алудың технологиясын әзірлеу).

Қызметкерлері

Әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы

Ерболатулы Досым (1978 г.р.)
Ұлттық ғылыми зертхана жетекшісі-меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ғылыми жарияланымдар - 60 астам, сонын ішінде:

  • шетелдік - 11;
  • отандық - 47;
  • өнертабысқа патенттер - 2.

Зерттеу бағыттары: металдар мен қорытпалардың қасиеттерін зерттеу; материалдардағы фазалық алмасуларды зерттеу; наноматериалдар; материалдарды асқынпластикалық куйге өткізу әдістерін зерттеу; металлдарды қысыммен өңдеу, материалдар бетін радиациялық-термиялық жетілдіру.

Марапат: облыстағы жастра саясатына елеулі үлесі үшін ШҚО әкімінің дипломы мен грантының иегері, 2008-2010 жж жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері, ғылыми зерттеулерге арналған ҚР Тұңғыш Президенті қорының гранты иегері 2010ж., жұмыс орнының «2010ж. Үздік зерттеушісі» атағының иегері.

Кабдрахманова Сана Канатбековна (1972 г.р.)
ҰҚҰҒЗ-ның жетекші ғылыми қызметкері – кеңесші
Техника ғылымдарының кандидаты
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

Полимерлік сорбенттер, гидрогельдер, молекулалық іздері бар полимерлер, ғылым мен техника тарихы.

Негізгі жарияланымдар:

  • A.Toktarbayeva, S.Kabdrakhmanova Synthesis Of Polymeric Sorbents by Immobilization of NTPH Within the Matrix of Acrilamid-Acrylic Acid Hydrogels for Extraction of Heavy Metals Ions. - Book of abstracts of International Workshop “Specialty Polymers for Environment Protection, Oil Industry, Bio-, Nanotechnology and medicint”, Almaty, Kazakhstan, 2011. – 70;
  • Қабдрахманова С.Қ., Ақатан Қ.,.Қайыркелді Қ. Өндірістік қалдық судағы ауыр металл иондарын матрицасына глицин комплексоны иммобилденген полимерлік сорбентпен бөлу. – «Менің Қазақстаным: кеше, бүгін, ертең» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, И.Жансугурова атындағы ЖМУ, Талдықорған, мамыр 2011 ж. – 212-215 б.
  • Қабдрахманова С.К. Қазақстанның химиялық өнеркәсібі. 1917-1991 жылдар аралығында даму тарихы. - LAP LAMBERT Academic Publishing GmbH&Co. KG, Dudweiler Landstr. 99, 66123 Saarbrucken, Germany, 2011.

ЯМР-спектроскопия зертханасы

АҚАТАН ҚЫДЫРМОЛЛА (1988 г.р.)
ҰҚҰҒЗ тәжірибелік-өндірістік алаңның инженер-зерттеушісі. Химия бакалавры.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

Полимерлік сорбенттер, гидрогельдер, молекулалық іздері бар полимерлер, ЯМР спектроскопия әдісімен органикалық заттардың құрылымын зерттеу.

Негізгі жарияланымдар:

Қабдрахманова С.Қ., Ақатан Қ.,.Қайыркелді Қ. Өндірістік қалдық судағы ауыр металл иондарын матрицасына глицин комплексоны иммобилденген полимерлік сорбентпен бөлу. – «Менің Қазақстаным: кеше, бүгін, ертең» атты Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конфренция материалдары, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ баспасы, Талдықорған, мамыр 2011. – б. 212-215
Ақатан Қ., Қайыркелді Қ., Айтқожина С., Тоқтарбаева А., Қабдрахманова С. Өндірістік қалдық судағы ауыр металл иондарын полимерлік сорбентпен бөлу мүмкіншіліктері. – «Постиндустриалдық әлем: Шығыс пен Батыс ғылымының диалогы,С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, Өскемен, маусым2011. - б.49-54.

Китапбаева Дина Ертаевна (1975 г.р.)
Инженер-зерттеуші химия магистрі.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

  • табиғи қосылыстар химиясы;
  • нақты органикалық синтез.

Негізгі жарияланымдар:

Исабаева М.Б., Газалиев А.М., Китапбаева Д.Е., Нургалиева А.С., Ибраев М.К. 4-амино-1,2,4-триазола негізіндегі азометин синтезі. «Экология мен халық шаруашылығы кәсіпорындарында ресурсты және қуатты үнемдейтін технологиялар» VII Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конфренциясы, Пенза, 2007. 114-116 б.
А. Газалиев, Д. Китапбаева, М. Исабаева, М. Ибраев. 4-амино-1,2,4-триазолдың алколоид негізіндегі акриламидтармен өзара әрекеті. Поиск, жаратылыстану және техникалық ғылымдар сериясы, №4, 2008. 34-35 б.
Исабаева М.Б., Газалиев А.М., Китапбаева Д.Е., Ибраев М.К., Ибатаев Ж.А. 4-амино-1,2,4-триазолдың негізіндегі кейбір N-алмастырылған тимочевиналардың синтезі. Қазақстанның химиялық журналы, №3, Алматы, 2008. 247-249 б.
Исабаева М.Б., Китапбаева Д.Е., Газалиев А.М., Ибраев М.К. 4-амино-1,2,4-триазолдың алколоидтың ацил туындыларымен өзара әрекеті. «Химия және өсімдік заттардың технологиясы» V Бүкілрессейлік ғылыми конференциясы. Баяндамалардың тезистері. Уфа, 2008. 134 б.
Исабаева М.Б., Газалиев А.М., Китапбаева Д.Е. Химия және Химия и фармакология 1,2,4-триазол туындылары. ҚарМУ Вестнигі, №3 (51), Караганда, 2008. 92-99 б.

Шаймардан Есбол (1985 г.р.)
Инженер-лаборант, химия бакалавры
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

Полимерлік сорбенттер, гидрогельдер, молекулалық іздері бар полимерлер, сирек жер металл иондарын полимерлік сорбентпен бөлу, ЯМР спектроскопия әдісімен органикалық заттардың құрылымын зерттеу.

Негізгі жарияланымдар:

Шаймардан Е. Мұхаметжанова Ә. Өскемен қаласы топырақ қабатындағы мыс және кадмий мөлшерінің антропогенді ластаушы көз қашықтығына тәуелділігін анықтау «Қазақстан жастарының ғылыми жетістіктері – болашаққа қадам» атты жас ғалымдар мен студенттердің 1-республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалы. – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,Өскемен, сәуір 2009. - б.284-287.
Шаймардан Е. Батталова А.К. Татыханова Г.С. Құдайбергенов С.Е. Металл иондарын бөліп алуға арналған акриламид және акрил қышқылынан тұратын амфотерлі гидрогельдік сорбент синтездеу. – «Экология: көп аспекті әрекеттесу – тұрақты дамудың негізгі факторы» атты Халықаралық ғылыми семинар жинағы– С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, Өскемен, қазан 2010. – б.99-105.
Батталова А.К., Шаймардан Е., Қабдрахманова С.Қ. Қалдық сулардан ауыр металл иондарын алуға арналған құрамында акриламид-акрил қышқылы/диметилглиоксим бар полимерлі сорбент синтездеу. – «Шығыстың аймақтық хабаршысы» ғылыми журналы №3 (51), қыркүйек, 2011, б.34-39.

Қолданбалы және радиациялық физика зертханасы

Тусупжанов Айдын Елеусызович (1984 г.р.)
Қолданбалы және радиациялық физика зертханасының меңгерушісі жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

  • материалдардың құрылымдық-фазалық күйін зерттеу;
  • қорытпалар мен болаттардың асқынпластикалығы;
  • наноқұрылымдау.

Негізгі жарияланымдар:

Ерболатулы Д., Скаков М.К., Гребнева В.С., Алонцева Д.Л., Түсіпжанов А.Е., Ni-Cr и Co-Ni негізіндегі қорытпалардың асқын созылымдылығының механизмдері мен құрылысының эволюциясы // ҚазҰУ Вестнигі, серия физическая №1(19). - Алматы, 2005. - 77-82 б.;
Түсіпжанов А.Е., Ерболатулы Д., 67КН5Б қорытпасының асқын созылымды деформацияның механизмдері мен сипаттамасына фазалық құрам мен түйірлер өлшемдерінің әсері// Сборник лучших научных работ студентов – Өскемен, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2006. - 85-101 б.;
Түсіпжанов А.Е., Скаков М.К., Analysis of beryllium-bearing slime by X-ray diffraction and NMRspectroscopy // «Өнеркәсіптік және жерасты құрылымдарды қорғау үшін арналған наноматериалдар» Халықаралық симпозиум және «Қатты дене физикасы» ХI халықаралық конференциясының материалдары, Өскемен қ., 2010, - 75-76 б.;
Түсіпжанов А.Е., Ерболатулы Д., Кантай Н. «Аустенит қорытпалары мен болаттарындағы асқан созылымдылық әсерін зерттеу». Физикалық мезомеханика, компьютерлік құрастыру және жаңа материалдар жасау бойынша халықаралық конференция, 5-9 қыркүйек 2011 ж. Томск, Ресей.

Кантай Нургамит (1985 г.р.)
Инженер-оператор жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

қорытпалардың асқынпластикалығы, фазалық алмасу, қорытпаларды берілген қасиеттерді алу технологиялары, материалдарды наноқұрылымдау, рентгенқұрылымдық зерттеулер.

Негізгі жарияланымдар:

Қантай Н., Тусупжанов А.Е., Найманқұмарұлы Е., Ерболаулы Д«Ni-Cr және Fe-Ni-Cr негізіндегі аустениттік қорытпалардың асқынпластикалық деформациясы және нақты ағу кернеулерінің өзгеру ерекшеліктері» Региональный вестник Востока, ШҚМУ баспасы, Усть-Камен.. 2011, №3, 18-26 б;
Қантай Н., Тусупжанов А.Е., Ерболаулы Д. «Жоғары температуралар мен созылуға деформация кезінде Ni-Cr аустениттік болаттар мен қоспалардың құрылымы мен механикалық қасиеттерінің өзгеру ерекшеліктері». 8-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары «Ядролық және радиациялық физика» (Ядролық физика институты, Алматы қ., 2011). – 83-84 б;
Қантай Н., Түсіпжанов А.Е., Ерболаулы Д. «Асқан созылмалы деформация кезінде аустениттік болаттар мен қоспалардың құрылымы мен механикалық қасиеттерінің өзгеру ерекшеліктері», «Машина құрастыру – дәстүр мен инновациялар» Бүкілресейлік жастар конференциясының еңбектер жинағы, Юрга, 2011, – 206-208 б;
Қантай Н., Тусупжанов А.Е., Ерболаулы Д. «Аустенит қорытпалары мен болаттарындағы асқан созылымдылық әсерін зерттеу». Физикалық мезомеханика, компьютерлік құрастыру және жаңа материалдар жасау бойынша халықаралық конференция, Томск, Ресей 2011 ж. – 182-183. б.

Тәжірибелік-өндірістік алаң

Туякбаев Бауыржан Толеубекович (1980 г.р.)
Тәжірибелік-өндерістік алаң меңгерушісі физика магистрі.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

  • металлдар мен қорытпалардың наноқұрылымдық күйін зерттеу;
  • металдар мен қорытпаларды фазалық алмасудың физикасын зерттеу;
  • пісірілген қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу;
  • беткейлерді радиациялық жетілдіру;
  • қайта жаңартылатын энергетика.

Негізгі жарияланымдар:

Тұяқбаев Б.Т., Скаков М.К. Ахметжанов Б.К., Ескіріп келе жатқан 36НХТЮ қорытпасының коррозиялық қасиеттеріне әсері // Қазіргі материалтанудың іргелі мәселелері №1, Барнаул, 2004 ж. – 104-107 б;
Тұяқбаев Б.Т., Скаков М.К. Ахметжанов Б.К., Қызумен өңдеудің ескіріп келе жатқан қорытпаның пісірілген қосылыстардың құрылысы мен қасиеттеріне әсері // Металдардың және қайта өндірілген материалдардың техникалық өндірісі. КарМетИ баспасы, 2004, №2 (6), 131-135 б;
Тұяқбаев Б.Т., Скаков М.К. Ахметжанов Б.К., Ескіріп келе жатқан қорытпаның пісірілген қосылыстарын электрондық-сәулелі өңдеу // ҚР ҰЯО Вестник журналы №1(29), наурыз 2007 ж. 39-42 б;
Тұяқбаев Б.Т., Ахметжанов Б.К., Скаков М.К., Ерболатулы Д., 36НХТЮ қорытпасынан жасалған серпімді сезімтал бөлшектерді өңдеу әдісі // Өнертабысқа ҚР алдын ала патентін беру туралы шешім (тапсырыс №2006/1046.1).

Плохотников Денис Андреевич (1986 г.р.)
инженер-зерттеуші физика бакалавры.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

пайдалану қасиеттерін жақсарту мақсатымен беткейлерді радиациялық жетілдіру.

Негізгі жарияланымдар:

Плохотников Д.А., ЕрболатулыД., 67КН5Б қорытпасының электрлік кедергісін қос көпір әдісімен өлшеу әдістемесі // 11-ші ғылыми студенттік конференцияның материалдары бойынша ғылыми еңбектердің жинағы. Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2008 ж. - 97-98 б.;
Плохотников Д.А., Горлачев И.Д., Титан нитриді негізіндегі қорғаушы бүркеудің құрылысы мен қасиеттеріне ауыр иондармен (гелий, оттегі) сәулелеудің әсерін зерттеу // Материалы Жас ғалымдар мен студенттердің 1-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. «Қазақстан жастарының ғылыми жетістіктері – болашаққа қадам». С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2009 ж.;
Плохотников Д.А., Горлачев И.Д., Орлова Ю.А., Невратова И.В., Титан нитриді негізіндегі қорғаушы бүркеудің құрылысы мен қасиеттеріне ауыр иондармен (гелий, оттегі) сәулелеудің әсерін зерттеу // Жас ғалымдардың VI Халықаралық ғылыми конференциясы. «Ғылым және білім - 2009». Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы ҰЕУ баспасы, 2009 ж. – 163-165 б.

Тусупов Акылбек Коримович (1965 г.р.)
Техник

Ғылыми мүдделері:

  • механизмдар мен буындарды конструкциялау және әзірлеу;
  • станок өндірісінде тасушы конструкцияларды әзірлеу.

 

Энергия үнемдеу және балама энергетика зертханасы

Жилкашинова Альмира Михайловна (1981 г.р.)
зертхана меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми мүдделері:

  • қайта жаңартылатын энергетика;
  • аустенитті болаттар мен қорытпаларды деформациялық беріктенуі.

Негізгі жарияланымдар:

Жилқашинова А.М, Жилкашинов Р. Қуаты 5,5 кВт тең нәтижелі желкенді жел генераторын жасау // Региональный Вестник Востока №2(50), 2011;
Жилқашинова А.М, Талгатов Э. «Протондар мен алмасу мембранасы негізіндегі сутегі- ауа отын элементі балама қуат көзі ретінде»/ «Балама энергетика және энергия үнемдеуші технологиялар бағыттарының болашағы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 2010 ж.;
Жилқашинова А.М. Монография - «Гадфильд болатының құрылысы мен деформациялық мықтау». LAP LAMBERT Academic Publishing GmbH&Co. KG баспасы (Германия). ISBN : 978-3-8465-0491-8, 59 б. 2011 ж.;
Жилқашинова А.М., Скаков М.К., Попова Н.А. Гадфильд аустениттік болатының пластикалық деформация және деформациялық мықтау коэффициенттерінің өзара байланысы // Вестник Науки Сибири, Ресей, № 1, 2011 ж. - 686-69 б.

Байланыс ақпарат

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің №8 ғимараты: Өскемен қ., Амур к. 18/1, №12, 15 каб. тел. (7232) 78-52-43, 21-42-95

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің №7 ғимараты: Өскемен қ., Ворошилов к. 148 №117, 119 каб. тел. (7232) 75-21-42

Материалтану саласында жұмыс істейтін ҰҚҰҒЗ

ҰҚҰҒЗ Ресми сайтқа сілтеме
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің http://nnlot.kz/RU/index.php
«Парасат» Ұлттық ғылыми техникалық холдингі http://cnzmo.kz/index.php

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің» Шаруашылық іс жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Ашық Типті Ұлттық Нанотехнология Зертханасы»

1. Ұйым атауы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің» Шаруашылық іс жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Ашық Типті Ұлттық Нанотехнология Зертханасы» шаруашылық іс жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорыны. Жарғыға сәйкес қысқаша атауы – «АТҰНЗ» ЕМК;

2. Бірінші басшысы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, техникалық ғылымдарының докторы, профессор - Мутанов Галимкаир Мутанович;

3. «АТҰНЗ» ЕМК директоры: физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD – Габдуллин Маратбек Тулепберегенович.

АТҰНЗ-ның негізгі ғылыми бағыттары:

  • нано- және оптоэлектроникада болашағы бар, сызықсыз оптикалық пен электрлік қасиеттері бар, аморфты алмаз тәрізді материалдардағы метал нанокластерларын алу технологиясын жасау;
  • өндірісте болашағы бар радиацияға төзімді материалдарды алудың радиациялық технологиясын жасау;
  • күн энергетикасында болашағы бар аморфты фазаны қайта кристалдау негізіндегі кремний мен галлий арсенидін алу және сол материалдарда нанокеуекті беткі қабат жасау нанотехнологиясын дамыту;
  • нано-өлшемді төсемдер мен жіңішке таспалы гетероқұрылымдардың технологиясын жасау;
  • метал өңдеу мен мұнай өндіру салаларында болашағы бар наноқұрылымды композиттік материалдар жасау;
  • наноматериалдарды алуға мүмкіндік беретін криогендік нанотехнологияларды дамыту;
  • плазмалық және плазмохимиялық нанотехнологияларды дамыту;
  • болашақта электр энергиясының қаут көзі ретінде пайдаланылатын сорбенттер мен нанотүтікшелерді алудың жаңа нанотехнологияларын жасау;
  • медицинада, ауыл шаруашылығында және экологияда қолдануға арналған нанобиотехнологиялар мен нанобиокешендерді жасау;
  • белгілі қасиеттері бар нанометриалдарды алу мен наноқұрылымдарды компьютерлік модельдеудің теориялық негіздерін жасау;
  • импорт алмастыратын жаңа наноқұрылымды материалдарды өндірудің нанотехнологиялық циклдің ғылыми негіздерін жасау;

Негізгі жетістіктер:

17 – PhD мен 31 – магистрант АТҰНЗ-ның ғылыми құралдар негізінде өздерінің ғылыми жұмыстарын орындауда.
АТҰНЗ-ның аналитикалық құралдарында физикалық, химиялық, математикалық және биологиялық факультеттерінің студенттері, магистранттары және PhD үшін өлшемдер жасалады.
2013 ж. АТҰНЗ-ның дәлдігі жоғары құралдарында 5000 астам үлгі зерттелді, олар Қазақстан мен шетелдің түрлі ғылми мекемелерінен жеткізілген: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми Зерттеу Институты, Ядролық физика институты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және Ресей институттары.
2013 ж. 204 еңбек жарияланды, олардың ішінде: жоғары импакт-факторы бар шетел журналдарында 30 мақала, шетел елдердегі Халықаралық ғылыми конференцияларда 48 баяндама, ЖАК ұсынған журналдарда 22 мақала.
2013 жылы 4 Халықаралық жоба ұтып алынды, және 20 астам ғылыми жоба бес бағыт бойынша орындалуда:

  • Энергетика;
  • Елдің интелектуалдық потенциалы;
  • Өмір туралы ғылым;
  • Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
  • Шикізат пен өнімді терең өңдеу
Зертхана атауы Аккредиттеу күні Аккредиттеу куәлігінің №
  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің» Шаруашылық іс жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Ашық Типті Ұлттық Нанотехнология Зертханасы» шаруашылық іс жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорыны 14.03.2013ж. № KZ.И.02.1371

АТҰНЗ құрал-жабдықтары:

HV-1000B микро деңгейде қаттылықты өлшейтін аспап (Қытай).

Автоматты турелі, үлкен анықтығы жоғары сұйық-кристалды дисплейі, кіріктірме принтері, RS232 интерфейсі және басқа жетілдірулері бар қаттылықты өлшейтін аспап. Бұл аспап жіңішке және кіші метал үлгілерлдің, сонымен қатар морт материалдардың микро-қаттылығын өлшеу үшін арналған.

Lambda 35 спектрофотометрі (Perkin-Elmer, АҚШ).

Ойыс галографиялық торы бар қоссәулелі спектрометр. Бұл құрылғы УФ және көзге көрінетін деңгейдегі оптикалық спектрлерді зерттеу, су ерітінділеріндегі, тағам өнімдеріндегі, топырақтағы түрлі заттардың концентрациясын өлшеу үшін арналған.

  • жарық шоғын ауыстыруы автоматтандырылған дейтерий және вольфрам-галогендік шамы;
  • диффузиялық шағылыстыру спектрлерін түсіруге арналған біріктіруші өріс;
  • құлау бұрышын реттеу үшін арналған приставка.

Quanta 200i 3D растрлық электрондық микроскоп (FEI Company, АҚШ).

Растрлық электрондық микроскоп нанотехнология саласындағы зерттеулерді жүргізу үдірістері жоғары деңгейде автоматтандырылған осы заманның құрылғысы болып табылады. Ол анықтығы 2,5 нм кем бейнелерді алу үшін және наноөлшемді нысандардың сапалы және сандық анализін жасау үшін қажет.

Рентген сәулелерін кіші және кең бұрышқа шашыратуға арналған S3-MICRO құрама жүйе (HECUS, Австрия).

Рентген сәулелерін кіші және кең бұрышқа шашыратуға арналған құрылғысы қатты материалдарды, гельдерді, макромолекулалық ерітінділерді және жіңішке таспаларды зерттеу үшін қолданылады. Көп атқарымды үлгі алу станциясы түрлі жағдайлардағы кез келген наноқұрылымды зерттеу үшін арналған, құрылғының нүктелі және сызықтық фокустандыруы бар.

DM 6000M оптикалық микроскобы (Leica, Швеция).

Leica DM 6000M оптикалық микрособы зерттеу мақсаттарына арналған керемет орындалған жүйе болып табылады. Оның анықтылығы жоғары камерасы және бейнелерді сақтау мен сараптауға арналған бағдарламалық жасақтамасы бар.

Зондтық пен оптикалық микроскопияны және спектроскопияны біріктірентін кешен, Атомдық Күштік Микроскоп – Раман – Сканирлеуші жақын өрістік микроскоп – TERS

Бір мезгілді Атомдық Күштік Микроскопия мен конфокалдық микроскопия (Раман, флуоресценция), түрлі объективтерді қолдану арқылы бейнелеу (100x дейін).
4 объективі бар микроскоп турелі АКМ зонды үлгіге таялған кезде де еркін айналады.
АКМ бастиегін автоматты түрде артқа қайтады (таза оптикалық өлшемдер үшін немесе жұмыс мерзімі аз объективтерді қолдану кезінде).
HotSpot – зондтағы TERS-активті аумақты автоматты түрде анықтау.
Толық автоматтандырылған, қолданылуы жеңіл.
Өлшеу бастиектері:

  • АКМ, оның ішінде, сұйықтыққа арналғандар, кантилевер және камертон датчиктери бар, Сканирлеуші жақын өрістік микроскоп, Сканирлеуші Тунельдік Микроскоп;
  • автоматты дәлдемесі және нысанды дәлдеуі бар, оптикалық сәуленің ауытқуы бойынша кантилевер иілімдерінің тетігі.

Байланыс ақпарат:
Алматы қ., әл- Фараби даңғылы, 71 а
+7 727 3773511, 3773235

 

«Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» АҚ

«Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» Акционерлік қоғамы («ЖҒМКБО» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 10 мамырдағы Қаулысына сәйкес 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылымында құрылған Металлургия және кен байыту институтының негізінде құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 Қаулысына сәйкес Орталық «Парасат» ғылыми-технологиялық холдингі» құрамына кірді.

Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми орталығы болып саналатын «ЖҒМКБО» АҚ бүгінгі күнде іргелі және қолданбалы зерттеулерді және минералдық және техногендік шикізаттарды байыту, металлургия және материалтану салаларында инновациялық жұмыстарды жүргізеді.

«ЖҒМКБО» АҚ-ң стратегиялық мақсаты – ұлттық өнеркәсіптің металқұрамды шикізаттарды өңдеу және металтану салаларында инновациялық даму міндеттерін іске асыруға қабілетті, кешенді ғылыми-зерттеу орталығы ретінде еліміздің ғылыми-технологиялық құрылымындағы шешуші буындардың бірі болу.

Орталықтың қызметі минералдық ресурстарды өңдеу, жаңа материалдарды алу, экологиялық қауіпсіздікті және Қазақстанның 50 бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиялық басымдық шеңберінде өндірістік-аймақтық кешендердің тұрақты дамуын қаматамасыз ету салаларында қазіргі заманғы ғылыми-өндірістік кластерді жасауға және дамытуға бағытталған.

«ЖҒМКБО» АҚ-ы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 ж. 18.03. № 392 бұйрығымен тіркелген ғылыми ұйым. Ұйымда «Сапалы менеджмент жүйесі» (Сәйкестік сертификаты № KZ 7500195.07.03.05.054 15.03.2010 ж. 2013 ж. 15.03. дейін жарамды) СТ ҚР ИСО 9001-2009 талаптарына сай ғылыми-зерттеу қызметтеріне, ғылыми кадрларды дайындауға қолданылатын сертификацияланған сапалы менеджмент жүйесі енгізілген.

Орталық зертханалық және өндірістік жайларлармен, коммуникациялармен, ғылыми-зерттеулерді жүргізуге қажетті қазіргі заманғы құралдармен, қондырғылармен жабдықталған, құрамына химия-аналитикалық, физикалық әдістермен талдау және металтану зертханалары кіретін Ұлттық ғылыми зертхана, сонымен бірге қосалқы қызметтер (механикалық, шыны үрлеу шеберханалары, кітапхана, патенттік, ақпараттық топтар т.б.) бар.

«ЖҒМКБО» АҚ-ң жанында, жобалардың іске асуын тексеретін және оларды техникалық, технологиялық сынақтардан өткізетін тәжірибе–эксперименталдық металлургиялық өндірісі бар.

ЖҒМКБО» АҚ-да «Минералды шикізатты кешенді пайдалану» атты халықаралық ғылыми журнал шығарылады.

«ЖҒМКБО» АҚ-да қазіргі кезде 227 адам жұмыс істейді, бұлардың 85-сі ғылыми қызметкер, 16-сі ғылым докторы (оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҰҒА) 4 академигі бар) және 47-сі ғылым кандидаттары.