imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Университетінің Инженерлік бейінді биотехнология зертханасы

zkaty

Құрылған жылы, міндеті, мақсаты және тапсырмалары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 15.03.07 ж. №120 бұйрығына сәйкес Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Университетінде заманға сай құралдармен жабдықталған Инженерлік бейінді биотехнология зертханасы ашылды. Ол ғылыми-әдістемелік деңгейде түрлі бағыттар бойынша, оның ішінде мал дәрігерлігі, мал шаруашылығы, микробиология, өсімдіктердің клеткалық дақылдары, қоршаған орта объектілерін бақылау.

Инженерлік бейінді зерханасы үшін ауыл шаруашылық биотехнологиясы, экология, ихтиология және балықтарды қолдан өсіру, соның ішінде бағалы бекіре тұқымдастарын, басым бағыттар болып табылады.

Лаборатория міндеті - Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ихтиология, генетика және селекция салаларындағы тәжірибелік тапсырмаларын шешуге және сапалы, бәсекелесуге қабілетті өнім жасауға бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жасау.

Зертхананың болашағы туралы түсінік - биотехнология және ауыл шаруашылығы саласында сапалы зерттеу және консалтингілік қызмет ұсынатын, нәтижелі және кәсіби ғылыми ұйым.

Мақсаты – сапалы және бәсекелесуге қабілетті өнім жасауға бағытталған қолданбалы зерттеулер мен іргелі ғылыми негіздерді дамыту.

Ғылыми зерттеулердің бағыттары:

  • ауыл шаруашылығындағы биотехнология;
  • ихтиология және балықтарды қолдан өсіру;
  • мұнай химиясы және қоршаған орта объектілерін экологиялық бақылауға алу.

Орталықтың ғылыми-зерттеу қызметі келесі тапсырмаларды орындауға арналған жағдайлар жасайды:

  • әлемдік стандарттарға сәйкес келетін деңгейде биологиялық және техникалық мамандықтарының студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізу;
  • магистранттар мен аспиранттардың инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларын жүзеге асыру;
  • ғылымды қажет ететін технологиялар нарығына дайын өнімді шығару;
  • сапалы жас кадрлардың ғылымға келуін қамтамасыз ету.