imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің ЯМР-спектроскопиясының Инженерлік бейінді зертханасы

2009 жылдың 17 сәуірінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінде ЯМР-спектроскопиясының Инженерлік бейінді зертханасы құрылды.
Зертхана құрылғыннан бері жетекші болып тағайындалғандар:

  1. 2009 ж. қыркүйек. - 2009 ж. қазан х.ғ.к. академия профессоры Аймаков О.А
  2. 2009 ж. қазан – 2012 ж қаңтар х.ғ.к. Кемельбеков У.С.
  3. 2012 ж. ақпан – 2012 ж. маусым х.ғ.к., доцент Таутова Е.Н.
  4. 2012 ж. шілде – қазіргі уақытқа дейін х.ғ.к., профессора міндетін атқарушы Сейлханов Т.М.

Зертхананың ғылыми-зерттеу жұмысы жаңа биологиялық белсенді заттар жасау мен оларды анализдің физикалық-химиялық әдістерімен зерттеу арқылы Қазақстан Республикасында наноғылым мен нанотехнологияларды дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастық

Зертхана отандық және шетел әріптестерімен бірге еңбек етеді, және Берлин қаласының Тәуелсіз Университетімен, А.Е. Арбузов атындағы органикалық және физикалық химия институтымен, Кубань мемлекеттік технологиялық университетімен, Я. Купала атындағы Гроденск мемлекеттік университетімен, Белорус мемлекеттік технологиялық университетімен, Қазақстан республикасының ЖОО мен ғылыми-өндірістік ұйымдарымен біріккен зерттеулер жасалады.
Сонымен қатар, зертхана келесі ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеуде:
«А.Б. Беркутов атфндағы химия ғылымдарының институтының» синтетикалық заттар мен табиғи дәрілік заттар химиясының зертханасымен (Алматы);
Ф.М. Достаевский атындағы Омск мемлекеттік университетімен (Омск, Ресей);
Падуя университетімен (Падуя, Италия).

Дамудың стратегиялық бағыттары

1 бағыт: ҚР БҒМ Ғылым комитетінің, «Ғылым фонды» АҚ, «Ұлттық инновациялық фонд» АҚ ғылыми бағдарламары мен гранттарының аясында іргелі және қолданбалы зерттеулер жасау.
2 бағыт: Кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырысы бойынша ғылыми зерттеулер жасау.
3 бағыт: Кадр даярлау және ЖОО қызметкерлерінің біліктілігін көтеру.
4 бағыт: Зертхананың құрал-жабдық базасын жаңарту және жетілдіру.

Қызметтер

Түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын, біліктілікті арттыру курстарын, тағылымдамаларын, оқытуды өткізу.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің ЯМР-спектроскопиясының Инженерлік бейінді зертханасының келісім негізінде жасалтын қызметтердің бағасы.

Атауы Ерекшелігі Бір данасы, тг
1 ЯМР спектрін түсіру және өңдеу Үлгі дайындау 450
2 ЯМР спектрін түсіру және өңдеу 1Н спектрі 950
3 ЯМР спектрін түсіру және өңдеу 13С спектрі 1450
4 ЯМР спектрін түсіру және өңдеу 15N спектрі 1450
5 ЯМР спектрін түсіру және өңдеу 31P спектрі 1450
6 ЯМР спектрін түсіру және өңдеу COSY (H-H) спектрі 1950

ЯМР-спектрін түсіру кестесі

Күні Жағдайы
1 07.10.2013 Бос емес
2 08.10.2013 Бос емес
3 09.10.2013 Бос емес, түсіру жүргізілуде
4 10.10.2013 Бос емес
5 11.10.2013 Бос емес

Сіз бізбен ЯМР түсіру туралы сұрақтарыңызбен төменде көрсетілген ақпарат бойынша байланыса аласыз.

Байланыс ақпарат:
Тел: +7(7162) 721104, +7 (702) 2217880;
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.;
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Көкшетау қ., Абая к., 76, 124-каб.;
Жұмыс кестесі: Жұмыс күндерінде 9:00-ден -18:00-ге дейін, түскі ас 13:00-ден -14:00-ге дейін, Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.