imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

«Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» аймақтық инженерлік бейінді сынақ зертханасы

Зертхана туралы жалпы мәлімет

Зертхана туралы жалпы мәлімет

2007 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан жоғарғы оқу орындарында 10 инжинерлік бейінді зертхана ұйымдастырылды, ал 2008 жылы тағы 5 зертхана ашылды. Құны 200 млн. теңге болатын солардың біреуі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетінде ашылды. 2008 жылы 6 қазанда № 69 бұйрық бойынша зертхананың атауы «Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» атауына өзгертілді.
Зертхана Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетінің аймағындағы аумағы 850,2 м2 тең ғимаратта орналасқан. Зертхананың жалпы аумағы - 232 м2.
«Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» аймақтық инженерлік бейінді сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлік зертханалардың жұмыстарына жалпы талаптар» СТ ҚР ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарының сәйкестігіне аккредиттелген және 2013 жылы 24 қаңтарда аккредиттеу куәлігін алды.

Міндеті

Зертхана міндеті – қоршаған орта нысандарының, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігі саласында қолданбалы зерттеулер жасау; қолжетімді баға бойынша сапалы зерхана қызметін ұсыну. Біз озық технологияларды қолданып, ұсынылатын қызметтердің сапа бақылауы мен аналитикалық зерттемелердің, зертеудің барлық кезеңдерінің нәтижелігі мен тиімділігін арттырамыз.
Зертхананың сапа туралы саясаты сынақтар бойынша орындалатын жұмыстарды жоғары сапаға жеткізуге, нысандардың сапа көрсеткіштері туралы сенімді ақпарат алуға, сол көрсеткіштердің қойылған талаптарға сәйкестігін бағалауға, сынау зертханасының қызметін сеніммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы келесі жағдайларды орындауға ұмтылады:
- қызметкерлеріне кәсіби қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайларды жасау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- зертхана мүмкіндіктерін магистранттарды, докторанттарды дайындау үшін тиімді қолдану;
- университет қызметкерлерінің, профессорлық-оқытушылар құрамының, магистранттардың, PhD-докторанттардың әулетін ғылыми-зерттеу қызметтің басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерге қатыстыру арқылы іске асыру;
- қызметкерлердің біліктілігін еліміздің және шетелдің жетекші зертханаларында тағылымдама өту арқылы көтеру;
- зертхана дайындамасын импакт-факторы жоғары журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялау мен инновациялы патенттер алу арқылы көтеру.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары

Зертхана қызметі жер қабаттарының, жер үсті және жерасты сулардың радионуклидтармен зақымдануын зерттеуге, радионуклидтардың биологиялық нысандарға берілуін, олардың жануар және өсімдік шикізатында жиналу дәрежесін, биоиндикаторларды анықтауға және Қазақстанның Солтүстік-Шығысында ремедиация әдістерін жасауға, сонымен қатар аймақ халқының өмірінің сапа дәрежесіне әсер ететін медициналық-биологиялық және әлеуметтік-экологиялық факторларын жақсартуға бағытталған.

Зертхананың негізгі тапсырмалары:

  • радиоэкологиялық жағдайды бақылау;
  • радионуклидтардың сыртқы қоршаған орта нысандарынан тірі нысандарға берілу тізбегін анықтау, радиоактивті ластану көзінен бастап соғым өнімдеріне дейін;
  • өнімдердегі радиоактивтіліктің сақталу дәрежесін анықтау, тамақ өнімдерінің раидоактивті ластану дәрежесінің ядролық полигон орталығынан қашықтығымен байланысын анықтау;
  • радиациядан қорғалған тамақ өнімдерін шығару технологиясын жасау;
  • радиоэкологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар кешенін жасау;
  • Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы жер мен судың ремедиациясы;
  • радиоэкология бойынша мамандарды дайындау.

Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығының құрамы

Зертхана жетекшісі — Дюсембаев Сергазы Турлыбекович, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.
Жетекші орынбасары — Ибрагимов Надир Кадырович, техника ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы.
Жоғары деңгей маманы, инженер — Омаргалиева Назым Кабдулмухитовна, химия маманы.
Орта деңгейдің аға маманы — Иминова Дилраба Етахуновна, химия маманы.
Орта деңгейдің аға маманы — Ануарбекова Аймара Серикбековна, ветеринария ғылымдарының магистрі.
Орта деңгейдің маманы – Бедьярова Сания Канапьяновна, физика маманы.
Орта деңгейдің маманы – Мухамеджанова Маржан Ертаевна, физика маманы.
Консультант – Есимбеков Жанибек Серикбекович, PhD докторант.
Консультант — Пашкевич Александр Иванович, физик-спектрометрші.

Зертхана бөлімдері

Электрондық микроскопия бөлімі үлгілердің құрылысын және элементтік құрамын зерттеу үшін арналған. Негізгі құралдары:
«OXFORD INSTRUMENTS» (Ұлыбритания) фирмасының «INCA ENERGY 250» рентгенспетрлік микроанализ жүйесі бар «JEOL» фирмасының (Жапония) «JSM-6390 LV» Төменвакуумды растрлық электрондық микроскобы. Құрылғы кескінді 300000 есеге дейін ұлғайта алады, жоғарывакуумды және төменвакуумды режимінде жұмыс істей алады. Төменвакуумды режим қатты және ұнтақ тәрізді заттектерді ғана емес, сонымен қатар биологиялық нысандарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Құрылғы биологиялық нысандар мен қоршаған ортаның биологиялық емес нысандарының құрылысын 30 еседен бастап 300000 есеге дейінгі ұлғайтумен анықтауға мүмкіндік береді (сұйық және майлы заттектер зерттелмейді).
«INCA ENERGY 250» рентгенспетрлік микроанализ жүйесі зерттелетін нысандардың құрылысын және химиялық құрамын 0,1% дейінгі дәлдікпен анықтауға, құрамымен, өткен жылумен, термиялық өңдеу режимімен, кристаллизацияның модификаторлардың және нуклиаторлардың әсерімен шартталған материал құрылысының ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кристалдардың, бөлшектердің өлшемдерін және кристалдық фазалардың идентификациясын жүргізуге, кристалдық және аморфты фазалардың сандық арасалмағын, белгілі бір спектрдің бөлну көзін дәл анықтауға, электрондық бейне, гистограмма, диаграмма және зерттелетін нысанның химиялық құрамын сипаттайтын спектрлерді алуға мүмкіндік береді. Материалды зерттеу кезінде химиялық элементтердің тарауы бойынша карта жасауға болады. Құрылғы 0,1% дәлдікпен Менделеев кестесіндегі Na бастап U дейінгі элементтердің сапалы және сандық құрамын анықтайды, сонымен бірге химиялық элементтердің тарауы бойынша карта жасауға мүмкіндік береді .

Гамма-спектрометрия бөлімі зерттелетін нысандардың гамма сәулеленуін анықтайды. Негізгі құралдары:
«Canberra» фирмасы (АҚШ) шығарған GC2019 электрмен салқындатылатын детекторы және көп арналы DSA-1000 анализаторы бар гамма-спектрометрі. Анықтылығы жоғары германий детекторы негізіндегі гамма-спектрометрі қоршаған ортадағы және өндірістік нысандарындағы гамма сәулесін шығаратын табиғи мен техногендік радионуклидтардың сапасын және санын анықтауға арналған. Құрылғы көлемі және тығыздығы түрлі үлгілердегі гамма сәулелерін шығарушы нуклидтардың абсолюттік активтілігін және изотоптық құрамын анықтайды. Гамма-спектрометр әдісімен аумақтың стронций, плутоний сияқты қауіпті техногенді радионуклидтарымен ластануы бағаланады. Гамма-спектрометр түрлі үлгілерді, соның ішінде су, топырақ, тамақ өнімдерінің және т.б. үлгілерін талдай алады. Гамма-спектрлердің терімі және анализі арнайы бағдарламалық жасақтаманың көмегімен орындалады. Қазір құрылғы жөнделуде, 4-6 айдан кейін ол қайтадан іске қосылады.
Ол қоршаған ортадағы және өндірістік нысандарындағы гамма сәулесін шығаратын табиғи мен техногендік радионуклидтардың сапасын және санын анықтауға арналған (Калий40, Цезий 137, Аммериций 241 және т.б.).

Альфа-спектрометрия бөлімі зерттелетін нысандардың альфа сәулелерін анықтау үшін арналған. Негізгі құралдары:
«Canberra» фирмасы (АҚШ) шығарған Alpha Analyst альфа-спектрометрі. Құрылғы радиациялық қорғанысты ұйымдастыруда және қоршаған ортаны бақылауда радиациялық жағдайдың сипаттамаларын зерттеу кезінде альфа сәулелерін шығаратын радионуклеидтардың сапалы және санды анализі үшін қолданылады. Alpha Analyst - альфа-спектрометрлік зерттеулерді жасау үшін арналған толық біріктірілген аспап.
Ол қоршаған ортаны бақылауда радиациялық жағдайдың сипаттамаларын зерттеу кезінде альфа сәулелерін шығаратын радионуклеидтардың сапалы және санды анализі үшін арналған. (Плутоний 239/240).
Масс-спектрометрия бөлімі зерттелетін нысандардағы құрамындағы элементтердің сапалы және санды мөлшерін анықтау үшін арналған.
Бұл бөлімде «VARIAN» фирмасы (Австралия) жасаған VARIAN 820 ICP-MS сұйықтық-плазмалық спектрометрі бар. Құрылғы периодтық жүйедегі Li мен U аралығындағы барлық элементтердің және олардың изтоптарының сапалы және сандық мөлшерін бір өлшеу акт ішінде анықтай алады. Өлшеу дәлдігі 10-9 бірлік; масса диапазонының ортасын және шеттерін көрсететін, 3-10 калибрлеуші бөлшектен құрылған жалғыз үлгінің көмегімен периодтық жүйедегі элементтердің көбісінің жартысандық мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді (10-30 % қателікпен); жасанды элементтер мен олардың изотоптарын анықтау мүмкіндігі.
Ол Менделеев кестесіндегі Li мен U аралығындағы барлық элементтердің және олардың изтоптарының сапалық және сандық мөлшерін 1×10-9 г/л дәлдікпен анықтайды.

Жоғары нәтижелі сұйықтық хроматография бөлімі зерттелетін нысандарды хроматографиялық бөлу үшін арналған.
Қолданылу саласы:

  • дәрі-дәрмек анализі;
  • жем, құрама жем, шикізат анализі;
  • витаминдер, биологиялық белсенді үстемелер, аминқышұылдар құрамының анализі;
  • миотоксиндер, тамақ өнімдеріндеі бензапирен анализі;
  • алкогольсіз сусындардың анализі;
  • экологиялық нысандар анализі.

Сынақ түрлері

Уытты заттарды анықтау (қорғасын, кадмий, сынап, күшән)

  • ет және қосалқы өнімдер;
  • балық және оның өнімдері;
  • шырындар және шырын өнімдері;
  • жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері;
  • нан, нан-тоқаш өнімдері және тәтті таған өнімдері;
  • өсімдік майы;
  • көкөністер мен жемістер;
  • алкогольды өнімдер.

Гамма сәулелерін және альфа сәулелерін шығарушы плутоний-239, 240 радионуклеидтарының келесі үлгілердегі үлестік белсенділігі:

  • топырақ, жер, су түбіндегі қабаттар;
  • табиғи су, ауыз су;
  • жем, шөп, өсімдіктер;
  • құрылыс материалдары, металл сынықтары;
  • аймақтар, ғимараттар және құрылыс нысандары.

Сұйықтық хроматография әдісімен келесі заттарды анықтау:

  • A, B, C, D, E, PP витмаиндері;
  • аминқышқылдық құрам;
  • В1, В2, М1, М2 микотоксиндар;
  • топырақтағы, тамақ өнімдеріндегі бензапирен;
  • дәрі-дәрмек заттары.

Масс-спектрометрия әдісімен химиялық элементтердің сапалық және сандық анализін жасау.
Түрлі үлгілердің бетінің топографиясын және микроқұрылымын зерттеу. Таңдалған аймақ бойынша элементтердің таралу картасын алу.

Оқыту, қызметкерлердің біліктілігін көтеру курстары

2008 жылдың 18-22 ақпан аралығында, 2010 жылдың 23-24 мамыр аралығында «JEOL» фирмасының қызметкерлері ұйымдастырған JEOL JSM-6390 LV электрондық растрлық микроскобында және INCA ENERGY рентгендік микроанализаторларында жұмыс істеу және күту бойынша оқыту курстары болды.
2010 жылдың 17-19 наурыз аралығында Oxford Instruments фирмасының Мәскеудегі өкілеттігінің жетекшісі Козлов В. В. «Электрондық-зондттық микроанализ» тақырыбы бойынша шеберлік сабағын өткізді.
2011 жылдың 21-30 сәуір аралығында Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығының қызметкерлері радиациялық қауіпсіздік және иондаушы сәулелену көздерін ұстай білу бойынша кәулік берілетін арнайы дайындықтан өтті.
2012 жылдың 7-8 мамыр аралығында зертхана қызметкерлері (Дюсембаев С.Т., Иминова Д.Е., Чередов О.И.) Ұлттық аккредиттеу орталығында (Алматы қ.) СТ ҚР ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлік зертханалардың жұмыстарына жалпы талаптар», «Өлшеу нәтижелерінің белгісіздігін көрсету» тақырыптары бойынша курстарға қатысты.
2012 жылы 9-13 шілде аралығында Иминова Д.Е., Есимбеков Ж.С. зертхана қызметкерлері Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Құрастырымдық және биохимиялық материалдар» инженерлік бейінді сынақ зертханасында (Шымкент қ.) ИСП-820 МС индуктивті қатынасқан плазмасы бар масс-спектрометрінде жұмыс істеу бойынша біліктілікті көтеру курстарында болды.
2012 жылдың 16-18 шілде аралығында Иминова Д.Е., Есимбеков Ж.С. зертхана қызметкерлері Алматы қаласындағы Ядролық физика институтында «Қоршаған орта нысандарында плутонийдің (239+240) жасанды радионуклеидтарын анықтау әдістері» бойынша тағылымдамада болды.
2012 жылдың 15-19 қазан аралығында зертхана қызметкері Мельничук А.А. «Өндірісті метрологиялық жағынан қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша біліктілікті көтерудің теориялық курсын аяқтады.
2012 жылдың 26-30 қараша аралығында зертхана қызметкерлері Ибрагимов Н.К., Омаргалиева Н.К. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде (Алматы қ.) Шимадзу сұйықтық хроматографында аминқышқылдық құрамды және витаминдерді анықтауға үлгілерді дайындау бойынша тренингке қатысты.
2012 жылдың 8-15 желтоқсан аралығында зертхана жетекшісі Дюсембаев С.Т. К.И. Скрябин атындағы Мәскеу мемлекеттік мал дәрігерлігі және биотехнология академиясында (Мәскеу қ.) «Мал дәрігерлік-санитарлық сараптамасындағы инновациялық әдістер» тақырыбы бойынша біліктілікті көтеру курстарына қатысты.
2013 жылдың 9-20 қыркүйек аралығында зертхана жетекшісі Дюсембаев С.Т. және аға қызметкер Иминова Д.Е. Щучинск қаласында ҚР ИЖТМ-нің Техникалық реттеу комитетінің «Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты» ұйымдастырған техникалық реттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстарына қатысты.

Зертхананың негізінде біліктілікті арттыру бойынша бюджеттік курстар ұйымдастырылды:

  • 14.05.2012-09.06.2012 ж. аралығында 72 сағаттық, 30 тыңдаушыға арналған «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтау және бағалау әдістері»;
  • 08.10.2012-31.10.2012 ж. аралығында 72 сағаттық, 30 тыңдаушыға арналған «Жаңа заманның тағам өнімдерінің химиялық құрамын зерттеу» тақырабы бойынша;
  • 08.10.2012-31.10.2012 ж. 72 сағаттық, 35 тыңдаушыға арналған «Астық өңдеу өндірісіндегі функционалды тағам өнімдерін зерттеудегі инновациялық технологиялар».

Зертхананың ғылыми-зерттеу қызметі

Зертхана негізінде ҚР БҒМ ҒК 5 ғылыми-зерттеу жобасы орындалуда

Бағыт Ғылыми зерттеу тақырыбының атауы 2012 ж. қаржыландыру көлемі
1 2. Шикізатты және өнімді терең өңдеу;
2.3 Өнімді өңдеу технологиялары
Жануар мен өсімдік шикізаты негізіндегі функционалды тамақ өнімдерінің технологиясын жасау 5 000 мың теңге
2 2. Шикізатты және өнімді терең өңдеу;
2.3 Өнімді өңдеу технологиялары
Жем өндіру үшін арналған жануар шикізатын өңдеу үдірістерін және техникасын жасау мен жетілдіру 3 700 мың теңге
3 2. Шикізатты және өнімді терең өңдеу;
2.3 Өнімді өңдеу технологиялары
Құрамдастырылған тамақ өнімдерін шығаруға арналған жануар шикізатын кешенді қалдықсыз өңдеудің жаңа технологияларын жасау 10 000 мың теңге
4 4. Өмір туралы ғылым;
4.3 Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер
Бұрынғы Семей полигонының және оның маңайындағы аумақта өсірілетін мал шаруашылығы өнімдерін ветеринарлық-санитарлық бағалау және қауіпсіздігінің ғылыми негіздерін жасау 5 500 мың теңге
5 4. Өмір туралы ғылым;
4.3 Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер
Жануар және өсімдік шикізаттарындағы Семей, Шығыс Қазақстан облысына тән радиациялық элементтердің және ауыр металдардың жиналу дәрежесі 8 500 мың теңге
  Барлығы   32 700 мың теңге

Зертхана негізінде 1 PhD-докторлық, 12 магистрлік диссертация және студенттердің 17 дипломдық жұмысы бойынша зерттеулер жасалуда. Зертхана университет ғалымдарына және басқа ұйымдарға қызмет көрсетеді.

Халықаралық конференцияларда жарияланған және баяндалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері:

  • «Биоматериалдардың, наноматериалдардың және наноедицинаның қазіргі мәселелері» I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция — 17-19 сәуір 2012 жыл;
  • «Экология. Радиация. Денсаулық» Б. Атчабаров атындағы VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция — 28-29 тамыз, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университеті»;
  • «Семей сынақ полигоны. Радиациялық мұра және даму үміті» V Халықаралық конференция — 12-14 қыркүйек 2012 жыл, Курчатов қ.;
  • «Аграрлық ғылымды дамыту және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды дамыту келешегі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция — 21 қыркүйек 2012 ж.

«Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» аймақтық инженерлік бейінді сынақ зертханасы «Ядролық сынақтарды тыйым салудан ядролық қарудан тәуелсіз әлемге» атты халықаралық конференцияны ұйымдастыруына белсене қатысты. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының негізінде зертхана жетістіктері мен нәтижелерінің көрмесі ұйымдастырылды.
2012 жылдың 29 қыркүйегінде зертхана қызметкерлері «Инновациялық технология – аймақтың аграрлық-өндірістік кешенінің сапалы дамуының басты бағыты» семинар-жиналысына қатысты. Жиналысқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердыбек Сапарбаев, жетекші ғалымдар және аймақтың аграрлық секторының өкілдері қатысты.

Халықаралық ынтымақтастық және серіктестік

Халықаралық ынтымақтастық

1. Радиологиялық зерттеулер университеті, АҚШ.
2. Роуз-Халман технологиялық институты, АҚШ.
3. Брайтон университеті, Англия.
4. Рэдинг Университеті, Англия.
5. Атомдық Энергетика Агенттігі, Канада.
6. Чехия агротехникалық университеті, Чехия.
7. Анкара университеті, Түркия.
8. Белорусияның ұлттық ғылым академиясының Гомельдегі бөлімшесі, Беларусь Республикасы.
9. И. Раззаков атындағы Қырғызстан мемлекеттік техникалық университеті,Қырғызстан.
10. Кемерово қаласының тағам өндірісінің технологиялық университеті, Ресей Федерациясы.
11. РФ РҒА СБ Сібірдің ірімшік жасау ғылыми-зерттеу институты, Ресей Федерациясы.
12. Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті, Ресей Федерациясы.
13. Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті, Ресей Федерациясы.
14. Омск мемлекеттік аграрлық университеті, Ресей Федерациясы.
15. Иркутск мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясы, Ресей Федерациясы.

Серіктестік

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институты.
2. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты, Семей қаласы.
3. М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Шымкент.
4. Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық Университеті, Алматы.
5. Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы, Алматы.
6. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды.
7. Қазақ тағамтану академиясы, Алматы.
8. Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар.
9. Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы.
10. Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті.

Байланыс ақпарат

«Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы»
аймақтық инженерлік бейінді сынақ зертханасы
071412, Қазақстан, Семей қ., Физкультурная к. 4
тел. 8 (7222) 35-84-57; факс 8 (7222) 35-94-65
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; www.rlab.semgu.kz