imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана

appazov-nЗертхана жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы

«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың ғылым мен жоғары білімді біріктіру мақсатында аймақтарда осындай зертханаларды ашу туралы ұсынысын жүзеге асыру аясында 2009 жылы құрылды.

Инженерлік бейінді зертхананың негізгі бағыттары мен тәжірибелік міндеттері

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары, мақсаты және міндеттері: - Техникалық және пайдалану сипаттамалары бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи зерттеу кешенін қолдану арқылы табиғи және техногенді шикізатты өңдеу аймағындағы ғылыми зерттеулердің деңгейін жоғарылату; - Заманауи ғылыми қондырғылармен жабдықталған зертхана негізінде біліктілігі жоғары кадрлар мен мамандар (студенттер, магистранттар, PhD докторанттар) дайындауға қатысу; - Сараптамалық зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми қондырғыларды пайдалану арқылы мекемелерге басқа да ақылы қызмет түрлерін көрсету және білім мен технологияларды коммерциялау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Зертхананың материалдық базасы

Зертхана Жапония, АҚШ, Швейцария, Ресей, Нидерланды елдерінің жетекші өндірушілері шығарған жаңа заманауи қондырғылармен жабдықталған, әрбір қондырғы аналитикалық зерттеулер жүргізуге арналған. Газ, сұйық хроматографтарды, хромато-масс-спектрометрді, ИҚ–Фурье спектрометрді, спектрофлуориметрді, спектрофотометрді, төмен вакуумды электронды микроскопты, титраторды, калориметрді қолдану ауылшаруашылығы мен тағам өнімдеріне, қоршаған орта нысандарына, су, топырақ үлгілеріне, мұнай, мұнай өнімдеріне, қатты отынға сапалық талдау жүргізуде және химия саласында әртүрлі зерттеулер мен жұмыстарды орындауда алынған нәтижелер мен қорытындылардың дәлдігін қамтамасыз етеді.

Қызметтер көрсету

«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесі бойынша Ұлттық аккредиттеуорталығының 2012 жылғы 05 қыркүйектегі № 12-927 бұйрығымен аккредиттелген. Зертхана бекітілген аккредиттеу саласы бойынша өнім сапасына зертханалық-өндірістік бақылау жүргізеді.

Сынақ зертханасының аккредиттеу саласы: мұнай және мұнай өнімдері

attestat

Мұнайды физика-химиялық талдау:
- 20°С тығыздығы, фракциялық құрамы, су мөлшерінің үлесі, хлорлы тұздар концентрациясы, механикалық қоспалардың үлесі, күкірттің салмақ үлесі, қату температурасы, аққыштықтың жоғалу температурасы, кинематикалық тұтқырлығы.
- автомобиль бензинінің құрамындағы бензолдың көлемдік үлесін анықтау.

Өлшеу нәтижелерін өңдеу, есептеу және рәсімдеу заманауи қондырғылар мен компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізіледі.

Agilent 7890A газды хроматографы (АҚШ-Қытай)
Спектроскан Макс – GF2E рентгенфлуоресцентті спектрометрі (РФ)

Байланыс ақпарат: Қызылорда қ., Абай д. 66, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 5 оқу ғимараты
тел/факс: 8 (724) 23-10-41
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Зертхана ынтымақтастығы

Зертхананың жұмысын белсендіру және бірлесіп зерттеулер жүргізу үшін университет 6 ұжымдық қолданудағы ұлттық ғылыми зертханалар және инженерлік бейіндегі зертханалармен, Қазақстан Республикасының 5 ғылыми-зерттеу институттарымен консорциалды келісімге отырды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының 5 жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және облыстың мұнай компанияларымен келісімшарт жасалды.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Зертхана базасында өңірдің шикізат ресурстары мен экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ғылым дамуының басым бағыттары бойынша келесі тақырыптарда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде:

  • Гомогенді-каталитикалық жүйе қатысында олефиндерді көміртек моноксидімен гидроэтерефикациялау арқылы карбон қышқылының күрделі эфирлерін алудың ғылыми негіздерін жасау;
  • Арал маңындағы мұнаймен ластанған топырақтарды бақылау әдістерін және оларды ыстықтық климат жағдайларында биопрепараттарды қолдану арқылы тазалау технологияларын жасау;
  • Мұнай өндіру және мұнай өңдеудің қатты парафиндерін тәжірибелік пайдалы өнімдерге айналдыру технологияларын зерттеу және өңдеу;
  • Функционалдық мақсатты сүт өнімдерін өндірудің жаңа технологияларын жасау;
  • Бақша дақылдары мен субтропиктік дақылдар қолданылатын қышқыл сүт өнімдернің технологияларын жасау;
  • Сырдария өзені суы сапасын органикалық және бейорганикалық ластағыш заттардың құрамы бойынша бақылау.

Қазіргі уақытта зертхана базасында 055 бюджеттік бағдарлама «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» негізінде және 101 «Ғылыми зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру» бағдарламалары аясында төмендегідей ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда:
1) Жантақ (Alhagi pseudoalhagi) дәрілік өсімдік сығындысын атеросклероздың алдын алу және бастапқы формасын емдеуде қолдану перспективалары.

2) Гетероциклді қатардағы кетондар негізіндегі жаңа полифункционалды фосфорорганикалық қосылыстар, биологиялық белсенді заттарды іздестіру.

Зертхана университеттің кафедралары базасындағы зертханалармен және ғылыми орталықтармен тығыз байланыста жұмыс атқарады, сонымен қатар зертхана қызметінің ғылыми бағытына сәйкес зерттеулер жүргізуде оқытушыларға, магистранттарға және бакалаврларға ғылыми-техникалық қызмет көрсетеді.

Зертхананың ұйымдастырушылық құрылымы

Зертхана штаты университеттің жетекші және жас профессор-оқытушылар құрамынан тұрады. Штатта 10 қызметкер бар. Оның ішінде: зертхана жетекшісі – 1, ғылыми қызметкерлер – 3, жетекші маман – 2, техникалық қызметкерлер – 4. Зертхана қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі 60 % құрайды. Зерттеу ұжымына оқытушылар, магистранттар және бакалаврлар кіреді.
Зертхананың қызметкерлері және университет ғалымдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Жапония, Малайзия, Ресей Федерациясында, Португалияда біліктіліктерін арттырған, сонымен қатар осы елдерден тәжірибе алмасу аясында зертханаға мамандар шақырылған. Сондай-ақ, зертхана қызметкерлері Ұлттық аккредитация орталығы Алматы филиалында, Қазақстан Республикасының алдыңғы ЖОО-ның ғылыми зертханаларында біліктіліктерін арттырды.
Зертхана базасында аналитикалық қондырғыларда жұмыс әдістерін игеру мақсатында курстар жүргізілді және ұйымдастырылды, бүгінгі күні мұндай курстардан университеттің 300-ден астам оқытушылары мен қызметкерлері өтті.