imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

ИНЖЕНЕРЛІК БЕЙІНДІ “КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР” АЙМАҚТЫҚ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы инженерлік бейінді “Конструкциялық және биохимиялық материалдар” аймақтық сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке ұсынысы және қолдауымен еліміздегі 15 инженерлік бейінді зертхананың бірі болып Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен (2007 жылғы 15 наурыздағы № 120 бұйрығы) ашылды. Қазіргі таңда инженерлік бейіндегі «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасының менгерушісі т.ғ.д., профессор Анарбаев Абибулла Абильдаевич.

Қазіргі таңда аймақтық лабораторияның басты мақсаттары:

  • университет базасында және Оңтүстік өңірдегі басқада ғылыми зерттеу мекемелерінің аумағында жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарының, яғни конструкциялық металлдық, композициялық материалдар және ерітінділердің аса маңызды физика-механикалық құрамы, силикатты материалдар, органикалық және бейорганикалық материалдар, минералдардың шикізаттардың рационалды қолданылуы, конструкциялдық материалар өндірісіндегі ақаба сулар тәсілді алаңдарда жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарының дәрежесін жетулдіру;
  • М.Әуезов атындагы ОҚМУ-нің және басқада оқу орындарының ғалымдарымен ойлап табылған, ұйымдастырылған ғылыми зерттеу жұмыстарының дәрежесін арттыру және әлемдік бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру;
  • жас мамандар, магистранттар мен докторларды дайындауда ғылыми белсенділігін арттыру процесіне ат салысу;
  • оңтүстік өңірдегі жаңа ғылыми өндірістік және инновациалық бағыттағы аса маңызды ғылыми орталыққа айналу;
  • нанотехнология мен наноматериалдар саласындагы біраз артта қалған ғылыми бағыттарды жетілдіру үшін барлық керекті мүмкіндіктерді жасау;
  • іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарының жасалуына белсенділік таныту және оның инновациялық қолданысқа енуіне негіздік таныту;
  • аймақтың ЖОО-да ғылым және білімнің деңгейін көтеруге атсалысу;
  • жаңа шикізаттарды алу, өндіру бағытындағы ғылыми топтарға қызмет көрсету.

Лаборатория құрамы: Лабораторияда 16 қызметкер жұмыс атқарады.

AnarbayevAAАнарбаев А.А. – т.ғ.д., профессор, инженерлік бейінді “Конструкциялық және биохимиялық материалдар” аймақтық сынақ зертханасының меңгерушісі

ЗЕРТХАНА ПРИБОРЛАРЫ

1. Кескінді электронды микроскоп JSM-6490l V
Жоғарғы және төменгі вакуум жағдайларында жұмыс істейді. INCA Energy 350 энергодисперсті микроталдағыш жүйесімен және НКLBasic поликристалдар мен кристалдаудың текстурасы мен микроқұрылымын зерттейтін құрылысымен жабдықталған. Үлгідерді ток өткізгіш қабатымен жаппастан зерттейді.
Зерттеулердің басым бағыттары:
  • Наноталшықтар мен нанотүтіктерді зерттеу;
  • Металлдар, құймалар, жартылай өткізгіштер, полимерлер, синтетикалық өнімдер және т.б. көптеген материалдардың микроқұрылымын зерттеу;
  • Биологиялық және полимер заттар, шыны, керамика секілді заттарды ток өткізгіш қабатымен жаппастан зерттеу;
  • Үлгідегі фазалар мен микроқоспаларды анықтау және энергодисперсті химиялық талдау;
  • Дендриттік ликвация мен сегрегацияларды және элементтердің таралуын зерделеу;
  • Әр алуан жаппалардың қалындығын анықтау және диффузиялық процесстерді зерделеу.
2. Индуктивті-байланысқан плазманың массалық-спектралді анықтаушы (ИСП-МС) Varian-820MS спектрометрі
Жабдық сертификатталған.
Барлық заттардағы химиялық элементтер мен изотоптарды жоғары жылдамдықпен (минутына 75 элемент), 10-10% -дан 10 %дейін жоғары дәлдікпен анықтайды.
Зерттеу объектілері:
  • Металдар мен жартылай өткізгіштер;
  • Берилийден уранға дейінгі металдардан олардың изотоптары;
  • Кремний, Германий, Селен, Теллур сияқты жартылай өткізгіштерді, олардың тұздары, тотықтары, құймалары, технологиялық ерітінділері;
  • Қоршаған ортаның объектілері: сулар, өндірістік шайындылар, топырақтар, тұнбалар, өсімдіктер, биологиялық үлгілер, аэрозольдар;
  • Әр түрлі сулардың сертификаттық сынақтары.
3. Екісәулелі спектрофотометр Cary-50 (Varian)
Жабдық сертификатталған.
Қолдану аймағы: Тамақ өнімдері мен суларды талдау, фармокопеялық, криминалистикалық сот-медициналық және биоклиникалық талдаулар, басқа да спектрофотометриялық өлшеулерде қолданылады.
Зерттеулердің басым бағыттары:
  • тамақ өнімдері мен сусындарды талдау;
  • фармакопеялық талдаулар;
  • химиялық процестердің кинетикасын зерттеу;
  • ферментативті кинетикаларды зерттеу;
  • шыны мен матаның ультракүлгін сәуледен қорғағыш қасиетін зерттеу;
cary-50-2
4. Varian Pro-Star және Shimadzu LC-20 Prominence тиімділігі жоғары сұйықты хроматограф
Жабдық сертификатталған.
Зерттеу жұмыстарының басым бағыттары:
  • органикалық синтез үрдісіндегі хроматографиялық зерттеулер;
  • токсиндердің микроқоспаларын анықтау;
  • кең ауқымды органикалық қосылыстарды анализдеу әдістерін жасау;
  • фармацевтикалық өнімдердің компоненттерін анықтау;
  • тамақ өнімдеріндегі витаминдерді, антиоксиданттарды, консерванттарды, бояғыштарды, тамақ қоспалары мен азық-түліктердегі ластағыштарды анықтау;
  • наркотикалық және қопарғыш заттардың анализі;
  • биологиялық зерттеулерде;
  • экологиялық талдаулар.
Shimadzu-LC-20-1 Shimadzu-LC-20-2
Shimadzu-LC-20-3 Shimadzu-LC-20-4
5. ИК-фурье IRPresting-21 (Shimadzu)
Зерттеулердің басым бағыттары:
  • Азық – түлік және ауылшаруашылық өнімдерді талдау (майлы дәндер, жондар және кунжаралар, маргариндер, майлар, қоспажемдер, балықтар, теңізөнімдері және т.б.);
  • Мұнайөнімдерін және жанармайды талдау (бензиндер, тас көмірлер және т.б.);
  • Суды талдау;
  • Топырақты талдау (мұнайөнімдерімен топырақтың ластануын анықтау және т.б.);
  • Полимерлерді талдау (резина, полипропилен, каучук және т.б.).
IRPrestige-21-1 IRPrestige-21-2
6. GCMS-QP2010 Ultra (Shimadzu) газды хроматомасс-спектрометрі
Зерттеулердің басым бағыттары:
  • Азық – түлік және ауылшаруашылық өнімдерді талдау (шырындар және шырын өнімдердің идентификациясы, корма, балықтар, теңіз омыртқасыздары және оның өнімдері);
  • Суды талдау;
  • Атмосфералық ауаны және жұмыс орындағы ауаны талдау (фенолдың, бензопиреннің);
  • Топырақты талдау (фенолдың, бензопиреннің, органикалық заттарды анықтау, мұнайөнімдерін анықтау және т.б.);
  • Наркотикалық және жарылғыш заттарды талдау;
  • Фармацевтикалық өнімдердегі сандық және сапалық компоненттерін анықтау;
  • Азық – түлік қоспаларындағы және азық – түліктердегі дәрумендерді, антиоксиданттарды, бояғыштарды, залалсыздандыратындарды анықтау.

Байланыстар:
Орналасқан жері: Шымкент қ., Тауке хан даңғылы, 5, № 2 ғимарат, 1-ші қабат, 101-Б каб
Тел/факс: +7 (7252) 21-19-89, 30-08-36, 30-02-48
Web-сайт: www.ukgu.kz
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.