imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

«Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы

Заведующий лабораторией «Наноинженерные методы исследований им. А.С. Ахметова», д.т.н., профессор

Исабай Исакович Бекбасаров.

 

Саясаты

«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы инновациялық технологияларды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік, республикалық, салалық бағдарламаларының қатысушысы, тамақ инженериясы, құрылыс өндірісі, химия саласы, жеңіл және текстиль өнеркәсібі салаларында жаңа білім мен технологияларды дамытумен және таратумен айналысатын, тамақ шикізаттарының (дән, ұн, жармалар және нан) сынағын жүргізетін, Қазақтан Республикасының ірі, бәсекеге қабілетті ғылыми орталығы болуға талпынады.
«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы мынадай негізгі мақсаттар қояды:

  • зертхана қызметтеріне тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • заң талаптарын орындау;
  • сапа менеджменті жүйесін жетілдіру;
  • ҚР СТ ИСО\МЭК 17025-2007 стандартының талаптарын орындау;
  • зертхананың материалдық-техникалық базасын дамыту және қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін жоғарылату;
  • көрсетілетін ғылыми және инженерлік қызметтер аясын кеңейту;
  • тамақ және өңдеу өнеркәсіптерінде өсімдік тектес наноқұрылымданған материалдарды қолданудың ғылыми және тәжірибелік негізін құру;
  • өсімдік тектес шикізаттардың композитті қоспаларын пайдалану негізінде ұлттық қышқыл сүттік сусынын өндіру бойынша шағын технологиялық желісін жасау;
  • инновациялық геотехникалық конструкциялар және олардың Қазақстан құрылыс саласына қолдану технологиясын жасау;
  • теңіз мұнай кен орнынынң күкіртінен күкіртқұрамдас инсектофунгицидтер алу технологиясын дайындау;
  • өсімдік тектес талшықтар негізінде жаңа целлюлозалық текстиль материалдарын алудың технологиясын жасау;
  • дән, оны өңдеу өнімдері және нан сияқты тамақ өнімдерінің физикалық-химиялық талдау әдістері сынақ зертханасының аккредитациядан өтуі және зертхананың аккредиттеу аясын ары қарай кеңейту;
  • микробиологиялық зерттеулер зертханасын (орталығын) құру;
  • ғылыми зерттеулердің тиісті салаларында магистерлік, докторлық диссертациялар дайындауға көмек көрсету;
  • ғылыми зерттеулерге білімгерлерді, жас оқытушыларды, шетелдік ғалымдарды тарту;
  • «Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі зерртеу әдістері ғылыми-зерттеу зертханасының ҒЗИ, жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындарға қызығушылығын қамтамасыз ету.

«Біз, «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының ұжымы аталған саясатты мүлтіксіз ұстануға және өзімізге жүктелген барлық міндеттерді орындауға дайын екенімізді білдіреміз».

Зертхана құрылымы

stryktyra_laboratorii

Зерхана құрал

oborydovanie_laboratorii

Мақсаттары, міндеттері, функциялары

Зертхананың жұмыс мақсаты

«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының мақсаты тамақ инженериясы, құрылыс өндірісі, химия саласы, жеңіл және текстиль өнеркәсібі салаларында зертхананың материалдық-техникалық және мамандарының әлеуетін тиімді пайдалану негізінде алдыңғы қатарлы технологиялар құру бойында теориялық және эксперименталдық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Зертхананың негізгі міндеттері

«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының негізгі міндеттері мынадай:

  • ғылыми және ғылыми-техникалық, соның ішінде ғылымның және технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша фундаменталды және қолданбалы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға ықпал жасау, ғылыми бағыттардың тиісті салаларында магистерлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға көмек көрсету;
  • жаңа білім мен технологияларды тарату;
  • білімгерлерді, магистранттарды, докторанттар мен жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу;
  • отандық және шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • жоғары технологиялар секторына инвестициялар тарту мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерциаландыру үшін жағдайлар жасау;
  • мемлекеттік-жеке серіктестіктің механизмдерін дамытуға ықпал ету;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық сипаттағы мәселелерді шешу үшін құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану;
  • халықаралық ғылыми-техникалық әрекеттерге қатысу.

Зертхана функциялары

«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының негізгі функцияларына мыналар жатады:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • ҒЗЖ жүргізу бойынша әдістемелерді, бағдарламаларды, жобаларды және реттеуші құжаттамаларды дайындау және жетілдіру;
  • ҒЗЖ жүргізу кезінде, бұйымдардың, материалдардың және технологиялық үрдістердің жаңа үлгілерін тәжірибелік тексеру кездерінде әдістемелік және кеңес беру көмектерін көрсету;
  • орындалатын жұмыстардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, бекітілген тиісті тапсырмалар мен бағдарламаларға сәйкес ҒЗЖ уақытылы және сапалы орындалуын бақылау;
  • зияткерлік меншік құқығы, мемлекеттік және коммерциялық құпияларды қорғау жайындағы ҚР заңнамаларының талаптарын сақтай отырып ҒЗЖ туралы ақпараттарды жинау, сақтау және жүйелеу;
  • зертхана қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату, сондай-ақ оларды дайындау және қайта даярлау.

Бейінді зертханалардың келесі функциялары бар:

Бейінді зертхананың атауы Негізгі функциялары
Электродық микроскопия және рентгенді микроталдау зертханасы 1) Құрылымы мен құрамын зерттеу үшін қатты және сусымалы заттардың үлгілерін дайындау.
2) Материалдар үлгілерін растрлі электрондық микроскопта зерттеу және оларға рентгендік микроталдау жүргізу.
Тамақ өнімдерін физикалық-химиялық талдау әдістері зертханасы 1) Тамақ шикізаттарының, жартылай дайын өнімдердің және дайын өнімдердің органолептикалық, физикалық-химиялық және құрылымдық-механикалық көрсеткіштерін анықтау.
2) Нан, ұнды кондитер өнімдері, дәндік негіздегі қышқыл сүттік сусындардың рецептураларын және өндіру технологияларын дайындау.
3) Наноқұрылымданған дәнді және бұршақты дақылдарды пайдалана отырып функционалды мақсаттағы тамақ өнімдерін жасау технологияларын дайындау.
Текстиль материалдарының технологиялары зертханасы 1) Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары үшін материалдардың физикалық-механикалық және гигиеналық көрсеткіштерін анықтау.
2) Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары үшін материалдардың электрондық базасын және оларды таңдау алгоритмдерін құру.
3) Текстиль өнеркәсібінің бұйымдары үшін маталарды өңдеудің технологияларын жетілдіру.
Бейорганикалық заттарды синтездеу және талдау зертханасы 1) Наноқұрылымданған каталитикалық жүйелер алу бойынша ҒЗЖ ұйымдастыру және жүргізу.
2) Минералды тыңайтқыштар өндірісінің қалдықтарына экологиялық-геохимиялық талдау жүргізу бойынша ҒЗЖ ұйымдастыру және жүргізу.
Геотехникалық зертхана 1) Топырақтардың физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтау.
2) Жаңашыл геотехникалық конструкциялар және құрылыс үшін оларды дайындау технологияларын жасау бойынша ҒЗЖ орындау.