imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

Инженерлік профильді нанотехнологиялық зертхана (ИПНЗ) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ИПНЗ мақсаттары

Инженерлік профилді нанотехнологиялық зертхананың басты мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың нанотехнологиясы мен наноинженериясының дамуы үшін ғылыми-технологиялық зерттеу және білім беру инфрақұрылымын құру.

ИПНЗ міндеті

  • Жаңа наноматериалдарды зерттеу және жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Наноинженерия саласында кәсіби білікті маман даярлау үшін көпдеңгейлі үзіліссіз білім беру үдерісін ұйымдастыру (наноматериалдар және нанотехнологиялар).

Зерттеу бағыттары

  • Инно-плазмалық технологиялар негізінде диэлектрлік және жартылай өткізгішті құрылымдық-реттелмеген орталарда металды нанокластер жасау;
  • Галлий арсениді және кремний негізінде нанокристалды құрылымдар жасау;
  • Эпитаксилды әдістер негізінде нанокөлемді құрылымдар жасау;
  • Көміртек негізіндегі наноқұрылымды композиттік материалдар жасау;
  • Наноматериалдар синтездеу үшін плазмалық-шаңды технологиясын әзірлеу;
  • Нанокөлемді катализаторлар жасау;
  • Көмірсутегі жанармайының жалынында наноқұбырларды және фуллерендарды синтездеу;
  • Көп салалы қызмет атқаратын нанокөміртегі сорбенттерін синтездеу;
  • Наноқұрылымды анодтық және катодтық материалдарды синтездеу;
  • Иондық жиынтықтардың көмегімен наноматериалдарды және фуллерендарды синтездеу;
  • РНанокомпозициялы электр жабындыларын алу технологияларын әзірлеу;
  • Нанокөлемді ортада жүретін үдерістердің теориясын және компьютерлік моделдерін әзірлеу.

Зертхана ұжымы

Зертхана меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Алмасбеков Нурлан +7 (727) 377-32-75
Инженер Алпысбаева Балауса
Инженер Цыганов Иван