imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

ҚазҰТУ Инжинерлік бейінді зертханасы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің және Президентінің бастамасы бойынша еліміздің өңірлерінде ғылым мен жоғарғы білімді біріктіру үшін басым ғылыми-техникалық бағыттар бойынша 10 университеттік инжинерлік бейінді зертхана ашылды. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-інің тау-кен-металлургиялық және мұнай-газ секторы бойынша Инжинерлік бейінді зертхана ҚР БҒМ 2007 жылдың 15 наурыздағы бұйрығының негізіндегі 2007 жылдың тамыз айында ректордың бұйрығымен құрылды.

lipЗертхана әлемдік стандарттар талаптарына сай ерекше және қазіргі заманның құралдарымен жабдықталған:
1. Jeol JSM-6490 LA энергодисперсті рентгендік микроанализ жүйесіндегі төменвакуумды сканерлеуші электронды микроскоп.
2. Интегра Прима (атомды-күшті және туннелді микроскоп) зондты зерттеу нанозертханасы.
3. X,Pert MPD PRO (PANalytical) рентгендік дифрактометр.
4. Optima5100 DV (Perkin Elmer) индуктивті-плазмамен байланысқан (ИПБ) атомды-эмиссионды спектрометр (АЭС).
5. Clarus 600 S (Perkin Elmer) масс спектрометрлі Clarus 600 газды хроматографы.
6. МЕТАМ ЛВ-31 (ЛОМО) металлографиялық микроскоп.
7. Жер қатпарларын зерттеуге арналған УИК-С(2) қондырғысы.
8. «NanoEducator» сканирлеуші зондтық микроскоптар негізіндегі нанотехнология бойынша оқу-ғылыми зертхана.
9. Сынама үлгілерін механикалық, химиялық даярлау бөлімі.
ИБЗ қызметінің негізгі бағыттары:
Аналитикалық және ғылыми зерттеулерді жүргізу; ҚР БҒМ және басқа министрліктердің, мекемелердің ғылыми және білім беру бағдарламаларына, жобаларына қатысу; Ғылым және технологияның басым бағыттары бойынша отандық, шетел университеттері және ғылыми орталықтармен бірігіп зерттеулер жасау; Өзге ұйымдарға қызмет көрсету.
ИБЗ білім саласында қол жеткізген жетістіктері:
2008-2009 жылдары 250 астам жоғарғы курс студенттері мен магистрантарға арналған ғылыми құралдарды қолдану туралы кіріспе сабақтар ұйымдастырылды. 100 студент, 50 магистр, 70 аспирант, 90 ізденуші және 6 доктарант ИБЗ құралдарында ғылыми жұмыстар жүргізуде. «NanoEducator» сканирлеуші зондтық микроскоптар негізінде студенттерге, магистранттарға және диплом жұмыстарын жазып жүрген студенттерге арналған 30 сабақ жүргізілді, 20 студент және магистранттар дипломдық жұмыстары мен магистрлік жобалары орындалды.

lip2 ИБЗ-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы негізгі жетістіктері:
А.Б. Бектуров атындағы Химиялық ғылымдар институтымен, «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» АҚ-мен, «КазТрансОйл» АҚ-мен сомасы 5 млн. теңгеге тең шаруашылық келісім-шарттар жасалды. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша сомасы 6 млн. теңгеге тең «Жер қыртыстарынан мұнай алуды көбейту технологиясын және ғылыми негіздерін жасау» жобасы орындалуда. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «2009-2011 жылдарына көмірсутегі және тау-кен-металлургиялық секторларға және олармен байланысты қызметтік салаларға арналған жаңа технологиялар» бағдарламасы бойынша сомасы 7,5 млн. теңгеге тең «Көмірсітектерді сутектендіру және тотықтандыру реакцияларына арналған нанокатализаторлар ретінде полимер-қоршалған және гель шашыратылған металдың нанобөлшектерін қолдану технологиясын жасау» жобасы орындалуда. Түркия, Румыния, Германия, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан ғалымдары мен мамандары бірігіп жасаған «Sustainable management and elimination of PCB-type pollutants in Central Asia» тақырыбына жасалған жоба НАТО «Бейбітшілікке арналған ғылым» жобасына тапсырылған. Болашақта зертхана Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ технологиялық паркі арқылы білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстар, тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар және ғылыми нәтижелерді коммерциялаудың арасындағы олқылықтарды жоя алатын Ғылыми-білім беру және Технологиялық Орталыққа айналуды мақсат етіп отыр.

ҚазҰТУ ИБЗ орындалатын ғылыми-техникалык бағдарламалар мен жобалары

1. ҚР БҒМ ФЗБ бағдарламасы : 2009-2011 жж. «Жаңа технологияның ғылыми негізін әзірлеу және түрлі қолданыстарға арналған қажетті материалдарды алу».
Жоба: «Жер қыртыстарынан мұнай алуды көбейту технологиясын және ғылыми негіздерін жасау»
Жоба мақсаты: «Амфотерлі гидрогельдер көмегімен жер қатпарынан мұнай алуды артырудың ғылыми-практикалық негізін әзірлеу»
Негізгі міндеттер:

  1. Сулы және сулы-тұз ерітінділеріндегі амфотерлі гидрогельдердің физика-химиялық және реологиялық қасиеттерін зерттеу;
  2. Әр түрлі тұздар қоспасындағы гидрогельдердің ісіну кинетикасы мен дәрежесін анықтау;
  3. Таңдалған мұнай кен орындарынан алынған керндардың химиялық және гранулометриялық анализдерін жасау;
  4. Жер қыртыс жағдайларын модельдейтін жағдайлардағы мұнай жыныстарының сорбциялық және фильтрациялық қасиеттерін зерттеу;
  5. Жер қыртысынан мұнайды алуды арттыру бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу;
  6. Кернді зерттейтін УИК-С(2) құрылғысында жер қыртысын модельдеу жағдайында полимерлік енгізу тәжірибелерін жүргізу.

Болжамды нәтижелер:

  1. Амфотерлі гельдердің жер қыртысы жағдайына тәуелді сулы және сулы-тұз ерітінділеріндегі физика-химиялық және реологиялық қасиеттерін анықтау;
  2. Сулы және сулы-тұз ерітінділеріндегі амфотерлі гельдердің ісіну кинетикасы мен дәрежесінің тұздар табиғатына, темпертураға, рН ортасына тәуелділігі;
  3. Әр түрлі кен орындарындағы мұнай мен керн материалдарының физика-химиялық сипаттамалары;
  4. Жер қыртыстық жағдайларды модельдейтін жағдайларда мұнай жыныстарының сорбциялық және фильтрациялық сипаттамалары;
  5. Жер қыртысынан мұнайды алуды зерттеудің зертханалық құрылғысы;
  6. Полимерлік сулы технологияны қолдану бойынша практикалық ұсыныстар беру.

2. ҚР БҒМ бағдарламасы : 2009-2011 жж. арналған «2009-2011 жылдарына көмірсутегі және тау-кен-металлургиялық секторларға және олармен байланысты қызметтік салаларға арналған жаңа технологиялар»
Жоба: «Көмірсутектерді сутектендіру мен тотықтыру реакцияларының нанокатализаторы ретінде қолданылатын полимер-қоршалған және гель шашыратылған металл нанобөлшектерін алу»
Жоба мақсаты: нанокатализатор ретінде қолдану мақсатында полимер-қоршалған және гель шашыратылған металл нанобөлшектерін әзірлеу.
Негізгі міндеттер:

  1. Синтетикалық гидрофильді полимерлермен (поливинилпирролидон, поливинил спирті, полиакрил қышқылы, полиэтиленимин) қорғалған палладий, алтын және күміс нанобөлшектерін алу;
  2. Акриламид және изопропилакриламидтің гомо- және сополимерлері негізіндегі сезімтал гидрогель матрицасына полимермен-қоршалған металл нанобөлшектерін иммобилизациялау;
  3. Полимермен қорғалған және гельге иммобилизацияланған металл нанобөлшектерінің көлемдік-фазалық қасиеттерін, морфологиясын және құрылымын зерттеу. Модельдік қосылыстардың гидрлеу және тотыңу реакцияларында гельге иммобильденген металл нанобөлшектерінің катализаторлық қасиеттерін зерттеу;

Болжамды нәтижелер:

  1. Табиғаты мен құрылымы әр түрлі гидрофильді полимерлер қатысуымен өтетін металл тұздарын тотықсыздандыру жолымен металл нанобөлшектерін алу әдістерін жасау.
  2. рН және термосезімтал гидрогель матрицасына полимермен қорғалған металл нанобөлшектерін иммобилизациялаудың оңтайлы жағдайларын табу.
  3. Гидрогель матрицасына енген металл нанобөлшектерінің морфологиясы мен құрылымы туралы мәлімет жинаy, сондай-ақ су-органикалық еріткіштер қоспасында ерітіндінің иондық күшіне, рН ортаға және температураға тәуелді гидрогельдердің көлемдік-фазалық қасиеттерін зерттеу. Гидрогельдердің көлемдік-фазалық қасиеттері мен гельге иммобильденген металл нанобөлшектерінің катализаторлық белсенділігі арасындағы өзара байланысты анықтау.

3. Жоба:2010 ж. «Су құбырындағы тоттану үрдісін зерттеу»
Жоба мақсаты: Су құбырының ішкі беттінің тоттану үдерісін зерттеу.
Негізгі міндеттер:

  1. Үлгілерге рентген-фазалық зерттеулер жүргізу.
  2. Үлгілерге металлографиялық зерттеулер жүргізу.

Болжамды нәтижелер:

  1. Үлгілердегі тоттану қабатының құрамы.
  2. Тоттану үрдістерінің таралу аймағы мен тереңдігін анықтау.

4. Жоба: 2010 ж. «Магистральды мұнай құбырындағы құбырішілік тоттану үрдістерін зерттеу».
Жоба мақсаты: Магистральды мұнай құбырындағы құбырішілік тоттану үрдістерін зерттеу.
Негізгі міндеттер:

  1. Үлгілерге рентген-фазалық зерттеулер жүргізу.
  2. Үлгілерге металлографиялық зерттеулер жүргізу.

Болжамды нәтижелер:

  1. Үлгілердегі тоттану қабатының құрамы.
  2. Тоттану үрдістерінің таралу аймағы мен тереңдігін анықтау.