imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті «Зерттеудің физика-химиялық әдістері» инжинерлік бейінді зертхана

Орталық туралы

Орталық туралы

Зертхана Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің құрылымдық бөлімшесі. Зертхана 12 ақпанда 2009 жылы Ректордың № 156 бұйрығы бойынша ұйымдастырылған. Зертхананың штаттық саны 5-ке тең, оның ішінде 2-і ғылым кандидаттары. Зертхана Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартынына сәйкестігін дәлеледі. (Аккредиттеу куәлігі №KZ.И.10.0745, 13 сәуір 2010 ж.).

Зертхана қызметінің басым бағыттары
Өзекті іргелі, қолданбалы және енгізбелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау және өзекті, ғылыми-тәжірибелік маңызы бар физика-химиялық анализдерді жасау.

Мақсаттар

  • нанотехнологиялар және жаңа материалдар;
  • көмірсутек, тау-кен-металлургиялық секторларға және олармен байланысқан сервис салаларына арналған технологиялар;
  • пкөмірсутек шикізатын өңдеу өнімдерін сынау;
  • қоршаған орталарда (су, топырақ) және биоматериалдарда зиянды заттардың мөлшерін анықтау үшін анализ жасау.

Негізгі мақсаттар

  1. Сынақтар жасау, оның ішінде: көмірсутек шикізатын өңдеу өнімдерін сынау, қоршаған орталарда (су, топырақ) және биоматериалдарда зиянды заттардың мөлшерін анықтау үшін анализ жасау, сонцмен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің рәсімдері мен ережелеріне сәйкес басқа жұмыстарды орындау.
  2. Орындалатын сынықтар мен анализдердің толықтығын және дұрыстығын, нәтижелердің әділеттігін және анықтығын қамтамасыз ету.
  3. Тапсырыс берушілерге ұсынылатын қызметтердің сапа жүйеснің үздіксіз жұмысын қаматамасыз ету.
  4. Аккредиттеу саласында және бекітілген бағыттар бойынша теориялық және тәжірибелік зерттеулерді жасау.

lip_kargy

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті «Зерттеудің физика-химиялық әдістері» инжинерлік бейінді зертханасы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитетінің 2008 ж. 3 сәуірдегі № 58 бұйрығы бойынша ұйымдастырылған.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті «Зерттеудің физика-химиялық әдістері» инжинерлік бейінді зертханасының ұйымдық-құрылымдық схемасы

Ұжым құрамы

Ұжым құрамы:

  1. Мустафин Едиге Суиндыкович – х.ғ.к., зертхана меңгерушісі.
  2. Касенов Рымхан Зейноллаевич - х.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер.
  3. Кайкенов Даулетхан Асанович – ғылыми қызметкер.
  4. Пудов Александр Михайлович – ғылыми қызметкер.
  5. Сатымбаева Айнур Саткаримовна - лаборант.

Құрал-жабдықтар

Зертхана жаратылыстану ғылымдарының түрлі салаларында зеттеу жасауға мүмкіндік беретін, түрлі аналитикалық химилық және биологиялық анализдер жасауға арналған құралдармен жабдықталған.

 

LC-20_Prominence Shimadzu (Жапония) фирмасы жасаған LC-20 Prominence жоғары нәтижелі сұйықты хроматограф.
Аgilent Масса талғамалы детекторы бар газды хроматограф (Аgilent, АҚШ)
JSPM–5400 JEOL (Жапония) фирмасы жасаған JSPM–5400 сканирлеуші зондтық микроскоп
UV-1800 Shimadzu (Жапония) фирмасы жасаған UV-1800 екі сәулелі спектрофотометр
AA_140 Varian (Австралия) фирмасының AA 140 атомдық-абсорциялық спектрометрі
2100_AN 2100 AN Кәсіби зертханалық тубидиметр (нефелометр)

Фотогалерясы

Зертхана меңгерушісі - Мустафин Едиге Суиндыкович, х.ғ.к., мақалалары шетелде ең көп басылатын автор номинациясы бойынша «Парасат» мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Жоғары нәтижелі сұйықты хроматография маманы - Касенов Рымхан Зейноллаевич, х.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер

Газды хроматография маманы - ғылыми қызметкер Кайкенов Даулетхан Асанович

Атомдық-абсорциялық спектрометрия маманы - ғылыми қызметкер Пудов Александр Михайлович

УК-спектометрия маманы – лаборант Сатымбаева Айнур Саткаримовна

Ғылыми бағыттар

Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар

Жобаның атауы, ғылыми тақырыбы, қаржыландыру көлемі Өзектілік бағыты Ғылыми бағыты Болжалды нәтижелер
Орындау мерзімі 2009-2011 жыл.
«Кокс-химиялық және мұнай өңдеуші өндірістердің қалдықтарын (тас көмір шайыры,гудрон, мұнай шламдары) гидроимпульсті қуат арқылы сұйық мұнай-химиялық фракцияларына айналдыру». Қаржыландыру көлемі – 1 366 000 теңге. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранты. Тас көмір шайырыды,гудронды, мұнай шламдарыды сұйық жанармайға және мұнай-көмір-химия өнімдеріне айналдыру көміртек шикізатын терең қайта өңдеу үшін өзекті мәселе болып табылады, және қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық мәселесін шешеді. Жаңа материалдарды жасаудың, бастапқы мен қайталама көмірсутегі, көмірді шикізатты дайындау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми негіздерін әзірлеу. Қалдықтардан (тас көмір шайыры,гудрон, мұнай шламдары) сұйық мұнай фракцияларын және мұнай-химиялық өнімдерін алу бойынша зерттеулер жүргізілді. Шикізаттың 10 тоннасын өңдейтін тәжірибе қондырғысын іске қосу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі, қондырғы үшін қолайлы технологиялық режим таңдалады.
Орындау мерзімі 2008-2009 жыл.
«Сарыарка спец-кокс» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» АҚ тас көмір шайырынан жол битумын жасау технологиясын дайындау». Қаржыландыру көлемі – 500 000 теңге. Тапсырыс беруші – «Дорстройматериалы» АҚ Кокс-химиялық өндірістердің қалдықтарын битумға және басқа жол-құрылыс материалдарына айналдыру көміртек шикізатын терең қайта өңдеу үшін өзекті мәселе болып табылады. Жаңа материалдарды жасаудың, қайталама көмірсутегі шикізатын дайындау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми негіздерін әзірлеу. Жол битумының түрлі үлгілері жасалды, олардың физика-химиялық қасиеттері зерттелді. Тас көмір шайырынан жол битумын жасау технологиясы әзірленді. Дайындалған битумдар өндіріс жағдайларында сыналды.
Орындау мерзімі 2009 жыл.
«Оптоэектроника, спинтроника және микроэлектроникаға арналған көп атқарымды наноқұрылымды материалдарды алу үшін жаңа қос ферритарды синтездеу технологиясын жасау». Қаржыландыру көлемі – 5,5 млн. теңге. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранты Ферриттардың қолданылу саласының кеңеюі және олардың негізінде жасалатын құрылғыларға қойылатын талаптардың күшеюі жаңа феррит материалдарын жасауды талап етуде. Олардың маңызды қасиеттерін, сол қасиеттердің уақыт бойынша тұрақтылығын басқару, оларға түрлі тұрақсыздандыру факторларының әсері. Феррит бұйымдарын жасаудың технологиялық үдірісін дайындау. «Нанотехнологиялар және жаңа материалдар», бейорганикалық материалдар технологиясы, оның ішінде, электрохимиялық (минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғайтын химиялық құралдары, жаңа құрастырымдық және атқарымдық материалдар, тазалығы жоғары материалдар және т.б.). Құрамы LnMe3Fe5O12 (жаңа қос ферриттерді синтездеу әдісі жасалды. Синтездің режимі, уақыты, температурасы және кезеңділігі анықталған. Рентгенфазалық анализ жасалып, алынған фазалардың кристалдық торларының парметрлері анықталған.

Отандық және шетел басылымдардағы жарияланған еңбектер

  1. E.S.Mustafin. Thermal capacity and thermodynamic functions of iron and cobalt arsenates.// XVII International Conference jn Chemical Thermodynamics in Russia. Kazan. June 29-Jule 3. 2009.
  2. 2. С.М.Сергазина, Б.К.Касенов, Е.С.Мустафин и др. Синтез и рентгенографическое исследование феррита ErMgFe2O5,5.// Вестник НАН РК. 2009. №2. стр. 28-29.
  3. Б.К.Касенов, Е.С.Мустафин, Сагинтаева Ж.И. и др. Синтез и рентгенографическое исследование ферритов NdMeMnFeO5 (Me- Li, Na).// Вестник НАН РК. 2009. №2. стр. 26-27.
  4. Мустафин Е.С., Касенов Р.З., Халенов О.С., Пудов А.М., Кездикбаева А.Т., Дюсекеева А. Т., Норцева М,А., Нургалиева Ж.Ш. Синтез и рентгенографическое исследование ферритов состава Ln2Na3Fe5O12, LnCa3Fe5O12 и LnNa4CaFe5O12 (Ln = Tm, Tb).// Вестник КарГУ. Серия Хим. 2009, №4, стр. 83-86.
  5. Мустафин Е.С. Исследование в Р-Т координатах давления диссоциации арсенитов ртути Hg(AsO3)3 и Hg3(AsO4)2.// Химический журнал Казахстана. 2009. №1. с. 66-69.
  6. Б.К.Касенов, Е.С.Мустафин, М.А.Акубаева и др. Рентгенографические данные манганитов NdM13Мg3Mn4O12 (Me- Li, Na, K).// Журнал неорганической химии . 2009, том 54, №1. стр. 32-34.
  7. Б.Б.Туматаева, Б.К.Касенов, С.Ж.Давренбеков, Е.С.Мустафин, М.А.Акубаева и др. Рентгенографическое исследование хромитов YbMCr2O5 (Me- Li, Na, K. Ca).// .Журнал неорганической химии . 2009, том 54, №1. стр. 29-31.
  8. Б.К.Касенов, Е.С.Мустафин, М.А.Акубаева и др. Синтез и рентгенографические характеристики новых манганитов NdM3Sr3Mn4O12 и NdM3Ba3Mn4O12 (Me- Li, Na, K).// Журнал неорганической химии . 2009, том 54, №3. стр. 424-427.
  9. Мустафин Е.С., Давренбеков С.Ж., Касенов Р.З. Предпатент РК № 36620. от 06.25.2008г. Способ получения легких и средних нефтяных фракции и продуктов органического синтеза из каменноугольной смолы Шубаркольского угольного разреза при помощи энергии импульсного разряда.
  10. Мустафин Е.С., Касенов Б.К., Давренбеков С.Ж. и др. Патент РК № 59212. от 06.12.2006г. Способ получения манганитов редкоземельных, щелочных и щелечноземельных металлов с общей формулой Ln Me1.3 Me11.3 Mn4 O12.
  11. Буркеев М.Ж., Меркулов В.В., Айтбаев Р.А., Касенов Р.З. Предпатент РК № 38620. от 04.07.2009. Способ получения винилбутилового спирта и полимера на его основе.
  12. Пудов А.М., Искакова СА., Сраубаев Е.Н., Узбеков В.А., Айтуганов К.А. «Способ определения серы в воздухе» Авторское свидетельство № 61494 от 09.09.2008
  13. Пудов А.М., Искакова СА., Сраубаев Е.Н., Узбеков В.А. «Устройство для комплексной затравки животных труднолетучими веществами и их соединениями» Авторское свидетельство № 61343 от 15.09.2008
  14. Мустафин Е.С., Ордабаева А.Т., Ермаганбетов Б.Т., Касенов Б.К. Теплоемкость и термодинамические функции углей Шубаркольского и Майкубенского месторождений в интервале 323 - 448 К //Комплексное использование минерального сырья. 2006. №2. С. 63-66.
  15. Касенов Р.З., Мустафин Е.С., Халенов О.С., Пудов А.М. Көмірсутекті қосылыстардың құрылысына және қасиеттеріне гидроимпульсті разрядтың әсерін зерттеу.// Вестник КарГУ. Серия Хим. – 2009. №3.
  16. Пудов А.М., Мустафин Е.С., Касенов Р.З., Халенов О.С., Давренбеков С.Ж. УФ- спектрометрическое определение содержания различных фракций каменноугольной смолы из углей Шубаркольского угольного разреза.// Международная интернет- конференция «Динамика научных исследований» (Польша, 07- 15 июля 2009 года).
  17. Ибраева Л.К., Сраубаев Е.Н., Пудов А.М., Узбеков В.А., Койгельдинова Ш.С., Искакова С.А.,Сейлханова Ж.А., Закарин Б.К., Аманкулов Д.Б. Дифференцированный методический подход к ингаляционной затравке животных разными видами пылей, летучими и труднолетучими веществами в токсикологическом эксперименте (методические рекомендации).- Астана, 2010.- 41 с.
  18. Пудов А.М., Мустафин Е.С., Касенов Р.З., Кайкенов Д. А., Сатымбаева А.С. Хроматографическое исследование содержания органических веществ в обработанной серной кислотой каменноугольной смоле. // Международная интернет- конференция «Новости научного прогресса» (Болгария,17-25 авг. 2010 в печати)
  19. Мустафин Е.С. Экспериментальные и расчетные определения теплоемкости и энтропии арсенатов щелочноземельных металлов. Вестник КарГУ. №2. 2010. С. 28-31.
  20. Мустафин Е.С. Исследования Р-х равновесий разрезов

Халықаралық ынтымақтастық және серіктестік

Халықаралық ынтымақтастық және серіктестік

М.В. Ломоносов атындағы ММУ мен Томск политехникалық университетімен ынтымақтастық туралы шарт жасалған. Бұл ғылыми орталықтардың мамандары зертхана қызметкерлері үшін келесі бағыттарды дәрістер оқыды:

  1. Атомдық-күш сканирлеуші зондтық микроскоптармен жұмыс істеудің негізгі қағидалары, ерекшеліктері және әдістері.
  2. Хроматография-масс-спектрометрлері және ЖНСХ жүйелерімен жұмыс істеудің негізгі қағидалары, ерекшеліктері және әдістері.
  3. Атомдық-абсорбциялық және УК/көзге көрінетін диапазонды спектрометрлермен жұмыс істеудің негізгі қағидалары, ерекшеліктері және әдістері.

Қол жеткізген нәтижелер

Қол жеткізген нәтижелер

«Кокс-химиялық және мұнай өңдеуші өндірістердің қалдықтарын (тас көмір шайыры,гудрон, мұнай шламдары) гидроимпульсті қуат арқылы сұйық мұнай-химиялық фракцияларына айналдыру» мәселесіне арналған ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 20.03.2009 ж. № 366 гранты. Қалдықтардан (тас көмір шайыры,гудрон, мұнай шламдары) сұйық мұнай фракцияларын және мұнай-химиялық өнімдерін алу бойынша зерттеулер жүргізілді.

«Оптоэектроника, спинтроника және микроэлектроникаға арналған көп атқарымды наноқұрылымды материалдарды алу үшін жаңа қос ферритарды синтездеу технологиясын жасау» тақырыбына ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 16.09.2009 ж. № 486 гранты. Құрамы LnMe3Fe5O12 (Ln – La, Nd, Ме –Mg, Ca, Sr, Ba). жаңа қос ферриттерді синтездеу әдісі жасалды. Синтездің режимі, уақыты, температурасы және кезеңділігі анықталған. Рентгенфазалық анализ жасалып, алынған фазалардың кристалдық торларының парметрлері анықталған.

«Сарыарка спец-кокс» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» АҚ тас көмір шайырынан жол битумын жасау технологиясын дайындау» тақырыбына «Дорстройматериалы» АҚ-нан тапсырыс. Жол битумының түрлі үлгілері жасалды, олардың физика-химиялық қасиеттері зерттелді. Тас көмір шайырынан жол битумын жасау технологиясы әзірленді.

01.10.2009 ж. ҚР Төтенше жағдайлар министрі, төтенше жағдайлар департаментінің, Қарағанды облысының қоршаған ортаны қорғау департаментінің өкілдері, ҚарМУ ғалымдары қатысқан төтенше жағдайлар зардаптарын жою мәселелері бойынша кездесу өтті. Түрлі нысаналардың анализдері жасалуда: «Химиялық-металлургиялық институтының», Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің тапсырыстары бойынша жер және су үлгілеріндегі гептилды анықтау әдісі меңгерілді.

Инжинерлік бейінді зертхана қызметкерлері облыс әкімнің 2010 жылы 25 ақпандағы тапсырысы және Облысты жылдамдатылған индустриялды-инновациялық дамыту бойынша Үйлестіру Кеңесінің 2010 жылы 26 ақпандағы № 44 мәжіліс хаттамасына сәйкес Дербес Жылыту Станцияларымен атмосфераға шығарылған зиянды заттардың сапалық және сандық анализін жасады. 2010 жылығы академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Сары-Арқа әуежайы», КОМЛДО нысандарының зиянды заттарды шығару көздері түгелденді, 2010 жыл бойынша кәсіпорындар шығарған зиянды заттардың көлемінің сапалық және сандық анализі жасалды.

Байланыс ақпарат

Байланыс ақпарат

Зертхана 100028 г. Караганда, Муканова к. 41. мекен-жайы бойынша орналасқан.
№ 102 – офис
№ 105 – хроматография-масс және ЖНСХ спектроскопия
№ 106 – УК-спектроскопия
№ 107 – атомдық-күш микроскопиясы
№ 108 – атомдық-абсорбциялық спектроскопия
№ 109 – дайындау бөлімі.
Телефон: 8(7212)791576, 87013064391
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Зертхананың даму жоспары

Зертхананың қысқа мерзімді даму жоспары

  • ЖНСХ және хроматография-масс спектроскопия, атомдық-абсорбциялық спектрометрия, сканирлеуші зондтық электрондық микроскопия үлгілерін дайындау әдістерін жасау.
  • Зертханалық құралдарды толықтыру:
    • АА-140 атомдық-абсорбциялық спектрометріне 3 элементке арналған іші қуыс катоды бар шамдар және үлгілерді дайындау мен бастапқы материалды минералдауға арналған шағын толқынды пеш;
    • ЖНСХ үшін келесі детекторлардың біреуі: спектрофометриялық, амперометрилық немесе диодматрицалық және оларға арналған хроматографиялық колонкалар;
  • 5975 inert XL масса талғамалы детекторы бар Agilent 7890A газды хроматографқа (АҚШ) қаттыфазалық микроэкстракцияға арналған жинақ, қаттыфазалық экстракция адсорбенттерін сақтауға арналған станция.
  • Инжинерлік бейінді зертхананың құрылғыларында аналитикалық зерттеу қызметтерінің өзіндік құнын есептеу.
  • Басқа жоғарғы оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттардың ғалымдарына қызмет көрсету үшін төленетін баға тізімін бекіту.
  • Сусымалы және шаң жинайтын беттерді қаптайтын композициялық таспаларын өндіру технологиясын жасау.
  • Тас көмір шайырыды,гудронды, мұнай шламдарыды - кокс-химиялық және мұнай өңдеуші өндірістердің қалдықтарын жеңіл және орта мұнай фракцияларына гидроимпульсті қуат көмегімен айналдыру.
  • Микроэлектроникада қолданыс табатын электрофизикалық және көп артымдық қасиеттері бар жаңа бейорганикалық керамикалық наноматериалдарды зерттеу және синтездеу.

Зертхананың ұзақ мерзімді даму жоспары

  1. 01.11. 2009 ж. ҚР ТЖМ ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес «Байқоңыр» ғарыш айлағынаның зымыран ұшыру трассасының оңтүстігіндегі қоршаған ортаның нысандары мен бионысандарын бақылау.
  2. ЖНСХ және хроматография-масс спектроскопия, УК және атомдық-абсорбциялық спектрометрия үлгілерін дайындау әдістерін жасау.
  3. Химиялық, биологиялық және экологиялық-химиялық зерттеулеріне арналған үлгілерді алу және дайындау әдістерін жасау.
  4. Зертхана қызметкерлерін шетелдің жетекші ғылыми және аналитикалық орталықтарына (Жапония, Германия, Мәскеу, Санкт- Петербург, Томск) оқуға жіберу.
  5. Аккредиттеу саласын кеңейту және орындалатын қызметтің сапасын жақсарту мақсатында қосалқы бөліктерді және шығын материалдарын сатып алу, құралдарды толықтыру.