imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

Инженерлік бейіндегі аймақтық университеттік «ІРГЕТАС» зертханасы

Зертхана меңгеруші

Мисевра Сергей Яковлевич
физик-математик
зертхана меңгеруші

Халықаралық қарым-қатынас

Зертханада халықаралық ынтымақтастық жақсарды.

Біздің серіктестеріміздің ішінде:

  • Отто-фон-Гуэрике атындағы Университетінің материалтану және дәнекерлеу технологиялар институты, Магдебург қаласы, Германия;
  • "Polymate" нанотехнологиялар бойынша халықаралық зертеу орталығы, Израиль;
  • Токио университетi, Токио қаласы, Жапония;
  • Акита университеті, Акита қаласы, Жапония;
  • Брайтон университетi, Ұлыбритания;
  • Жаратылыстану тарих мұражайы, Лондон қаласы, Ұлыбритания;
  • Мемлекеттiк технологиялық университеті, (Мәскеу болат және қорытпалар институты), Мәскеу қаласы Ресей;
  • Томск политехникалық университетi, Томск қаласы, Ресей;
  • И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттiк техникалық университеті, Барнаул қаласы Ресей;
  • Юрга Технологиялық институты, Юрга қаласы, Ресей;
  • Томск сәулет - құрылыс университетi, Томск қаласы, Ресей;
  • Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті, Киев қаласы, Украина;
  • И.Франк, атындағы Львов ұлттық университеті, Львов қаласы, Украина;
  • Львов ұлттық университеті «Львов политехникасы», Львов қаласы, Украина;
  • Белоруссия ұлттық техникалық университетiнің ғылыми-технологиялық паркі, Минск қаласы, Белоруссия;
  • Тау акадамиясы (Фрайбер, Германия);
  • Техникалық университет (Клаусталь, Германия);
  • Бэлфаста университетi (Бэлфаст, Ұлыбритания);
  • Ньюкасл университетi (Ньюкасл, Ұлыбритания);
  • «JEOL Ltd.» компаниясы, Жапония;
  • «Interactive Corporation» компаниясы, Жапония.
(Лондон, Ұлыбритания) Жаратылыстану тарих, мұражайдың ғалымдарымен пiкiрсайыс (Ұлыбритания ) Брайтонның университетiн рентгенқұрылымдық талдаудың зертханасында бiрлескен зерттеулер

Негізгі жетістіктер

1. Инженерлік бейіндегі зертханада 2008 - 2014 жылдар аралығында 38 ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер орындалды, сонымен қатар:

  • ҚР БҒМ ҒК-нің гранттық қаржыландырудың 22 тақырыбы бойынша;
  • ҚР БҒМ ҒК-нің мақсатты қаржыландырудың 10 бағдарламасы бойынша;
  • ҚР БҒМ ҒК-нің халықаралық ынтымақтастықтың 2 бағдарламалық-мақсаттық тақырыбы бойынша;
  • «ТЖҰА» АҚ-ның қаржыландырумен 4 тақырып бойынша;
  • 14 монография жарияланды, 9 кітап басылып шығарылды, 106 басылым отандық және 113 басылым шетелдік журналдарда жарияланды (31 рейтингтік), 216 басылым халықаралық және 59 басылым республикалық конференцияларда жарияланды;
  • 14 патент және 1 алдын ала патент алынды;
  • 1 зияткерлік меншік туралы куәлік алынды;
  • докторлық дисертацияларды дайындау барысында - 8 зертеу жұмыстары орындалды, кандидаттық - 4 зертеу жұмыстары орындалды, PhD докторантура бойынша - 69 зертеу жұмыстары жұргізілді және магистерлік дисертацияларға - 295 зертеу жұмыстары жүргізілді;
  • 38 бакалавриат дипломдық жобалар дайындауда.

2. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы аймақаралық ынтымықтастық VII форумы аясында екі елдің басшылары «IРГЕТАС» зертханасына келіп, көріп оған жоғарғы баға берді.

3. Республикамызда алғашқы рет Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен жапондық әлемге танымал «JEOL Ltd.» компаниясы арасында, «IРГЕТАС» зертханасы негізінде, Қазақстан-Жапондық білім-ғылым-зертеу нанотехнология және электрондық микроскопия қызмет көрсету орталығын құру жөнінде келісімшартқа кол қойылды.

Зертхананың іргетасы қаланғаннан бастап, оның негізінде өткізілген іс-шаралар:

  • 2008 жылдың 24-25 маусымы, «Материалтану мен наноматериалдарға арналған перспективалы технологиялар, құрал-жабдық пен аналитикалық жүйелер» атты қазақ-ресей-жапон халықаралық ғылыми конференциясы;
  • 2010 жылдың 9-12 маусымы, «Қатты дене физикасы» (ФТТ-XI) XI халықаралық конференциясы;
  • 2010 9-12 «Өндірістік және жерасты құрылысын қорғауға арналған наноматериалдар» симпозиумы;
  • 2011 жылдың 21-22 сәуірі «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың және жас мамандардың ХІ Республикалық ғылыми-техникалық конференциясы;
  • 2012 жылдың 19 сәуірі, Белгілі металург, ҚР Инженерлiк академия корреспондент-мүшесі, «Халық қаһарманы» мемлекеттік сыйлық лауреаты, «Химия металургия және байыту» кафедрасының профессоры Куленов Асхат Салемхатұлының 80-жылдығына арналған «Металургиядағы инновациялық технологиялар. Келелі мәселесі және болашағы» халықаралық конференциясы;
  • 2012 жылдың 18-21 қыркүйегі, «Кен игерудің ресурстарын қалпына келтіру, қалдығы аз және табиғат қорғау технологиялары» XI халықаралық конференциясы;
  • 2012 жылдың қазан айы, «Алтайдың алтын шеңбері» аймағының территориялық инновациялық даму стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы;
  • 2012 жылдың 21-22 сәуірі «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың және жас мамандардың ХІІ Республикалық ғылыми-техникалық конференция;
  • 2012 жылдың 27-28 маусымында, Астрахань қаласында, «Материалтану мен наноматериалдарға арналған перспективті технологиялар, құрал-жабдық пен аналитикалық жүйелер» атты IX халықаралық ғылыми конференция;
  • 2013 жылдың 21-22 сәуірі «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың және жас мамандардың ХІІІ Республикалық ғылыми-техникалық конференция
  • 2014 жылдың 21-22 сәуірі «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың және жас мамандардың ХIV Республикалық ғылыми-техникалық конференция;
  • 2014 жылдың 13-14 мамырдың, Курск қаласында, «Материалтану мен наноматериалдарға арналған перспективті технологиялар, құрал-жабдық пен аналитикалық жүйелер» атты IX халықаралық ғылыми конференция.

Зертхана негізінде кадрларды дайындау және қайта даярлау

Зертханада өткізілген шаралар:

  • Жалпы саны 395 адамға арналған «Білім беру, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне біліктілігін жоғарылату және кадрларды қайта даярлау» 023 бюджеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын курстар өткізіліп тұрады;
  • Заманауи аналитикалық жабдықтар жеткізуші компания мамандары, жалпы саны 105 адамға үш мастер-класс жұмыстарын өткізген;
  • JEOL Ltd. (Жапония) компаниясында растрлық электрондық микроскопия маманы дайындалды.

Ұйым – серiктестері

  • ҚР, Алматы қаласы, ҰЯО Қазақстан ядролық физика институты;
  • ҚР, Өскемен қаласы, «ҚР КПМС НЦ» РМК филиалы «ВНИИцветмет»;
  • Қазақстан, Өкемен қаласы, «Үлбi металлургиялық зауыты» АҚ;
  • Казахстан, Өкемен қаласы, ЖШС «Казцинк»;
  • Казахстан, Қарағанды қаласы, «Kazakhmys Exploration (Казахмыс Эксплорэйшн)» ЖШС;
  • Қазақстан, Өкемен қаласы, «Quantum Group» ЖШС;
  • Қазақстан, Өкемен қаласы, «Дальтек У-Ка» ЖШС;
  • Қазақстан, Өкемен қаласы, «Крис-Аналит» ЖШС.

Зертхана туралы

Инженерлік бейіндегі аймақтық университеттік «ІРГЕТАС» зертханасы 2007 жылы 25 желтоқсанда Д.Серікбаев атындағы Шығыc Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылдың 15 наурызындағы №120 бұйрығы негізінде кұрылған.
Зертхана материалтану және ұжымдық қолдану орталығы болып танылады, әр түрлі экономика салалар үшін машина жасау, құрылыс өндiрiсi, химиялық және қайта өңдейтiн өнеркәсiп, геология және басқа өнеркәсiп салаларының пайдалы қазба барлаулары, технология және нанотехнология дамыту бойымен жаңа материал алуды көздейді, сонымен қатар ғылымнын әр түрлі облыстарында минералогия, материалтану, химия, экология және тағы басқа, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Зертхана университет бас ғимаратының жеке қанатында, бiрiнші және шығыңқы iргелiк қабаттарда жайғастырылған, жалпы ауданы 504,3 шаршы метрден тұратын 16 жеке бөлмелерден құралады. Сондай-ақ:

  • ғылыми-зерттеу және талдау бөлімі – 123,7 м2;
  • cынама дайындау бөлімі – 120,7 м2;
  • кеңсе - 62,5 м2;
  • конференц-зал – 35,5 м2;
  • қосалқы жайлар және дәліз – 99,4 м2;
  • технологиялық бөлiмшелер– 62,5 м2.

384 шаршы метрден тұратын аумақта технологиялық алаң жайғастырылған. Соның iшiнде:

  • минерал шикiзаттың гравитациялық байытуын бөлiмшесі – 144 м2;
  • қоймалар – 240 м2.

Зертхананың негiзгi мақсаты, жақын арадағы Қазақстан Республикасы бiлiм дамуының басым бағыттарына сәйкес тау-металургия өнеркәсіп ресурстарын кешенді пайдалану негізінде жаңа материалдарды алу, сол бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Зертхана қызметінің негізгі бағытары

Инженерлік бейіндегі зертхананың негізгі бағыты - тау-металургия өнеркәсіп ресурстарын кешенді пайдалану негізінде жаңа материалдарды алу, сол бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зертеулер жүргізу.

Сонымен қатар, зертхана қызметтерінің бағыттары:

  • материалталдау және нанотехнология салаларында ҒЗЖ (ғылыми-зерттеу жұмыстары) және ҒЗТҚТ-ның (ғылыми зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық талдама) орындалуы;
  • шетелдік серіктестермен және Қазақстан Республикасындағы әріптестермен ғылыми ынтымақтастық құру.

Зертхана міндеті

Негiзгi мақсатына және ғылыми бағыттарына сәйкес, зертхананың қызметі мен практикалық міндеті қалыптасты:

  • минералды және техногендi шикiзаттерең зерттеу;
  • ғылыми өнiмдердi және нанотехнологи коммерциялық технологиялар;
  • шетелдік серіктестермен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, және халықаралық бағдарламалар бойынша шетелдік серіктестерімен бірлескен зертеулерді іске асыру, Қазақстан Республикасындағы және шетел елдердің ғалымдарын өзара алмасуға жәрдемдесу;
  • докторлық және магистрлiк диссертацияларды, дипломдық және бакалавриат студенттерi курстық жұмыстарын дайындау бағдарламасы бойынша зертеулер жүргізу;
  • мемлекеттк бюджетжобаларды орындау ғылыми зерттеулерджүргзу;
  • өнеркәсптк кәспорындар және ұйым, ғылыми-зерттеу орталықшаруашылық келсм жеке ғалымдар.

Инженерлік бейіндегі «ІРГЕТАС» зертханасының негізінде жасалатын аналитикалық зерттеулердің түрлері:

  • микро (нано) анализ жасау мүмкіндігі бар трансмисиссиялық электрондық микроскопия (ТЭМменМС);
  • микроанализ жасау мүмкіндігі бар растрлық электрондық микроскопия (РЭМменМС);
  • рентгендік дифрактрометрия (рентгенқұрылымдық талдау);
  • индуктивті байланысқан плазмалы масс-спектрометрия (МСменИБП);
  • микротолқынды плазманың атомдық-эмиссиялық спектрометриясы (АЭС);
  • рентгенфлуоресценттік спектрометрия (РФС);
  • колориметрия (К);
  • фотометриялық спектрометрия (ФС);
  • оптикалық микроскопия (ОМ);
  • металлография (МГ);
  • вакуумдық технологиялар және жұқа қабыршақтарды алу;
  • материалдарды термиялық өңдеу (соның iшiнде жоғары температуралы);
  • ұнтақ материалдармен плазмалы тозаңдату, плазмамен кесу.

Осы зерттеулердi орындау үшiн, зертханада кен кешенді телім жерлер және сынама дайындау жабдықтары бар.

Қаржы көздерi

Жылдар Негізгі бюджеттік қаражаттар, млн. теңге Гранттық қаражаттар, млн. теңге Мақсатты қаржыландыру қаражатары, млн. теңге Бюджеттен тыс қаражаттар (шаруашылық келісім) ҒЗЖ, млн. теңге БАРЛЫҒЫ, млн. теңге
2008 - 2,1 - 0,2 2,3
2009 - 15,9 - 4,2 20,1
2010 - 26,9 - 2,9 29,8
2011 13,0 19,9 50,0 3,3 86,2
2012 29,8 89,7 50,0 3,0 172,5
2013 21,3 106,8 60,0 3,9 192,0
2014 19,9 67,2 46,2 4,8 138,1
Барлығы: 84,0 545,0 205,2 18,3 852,5

Зертхананың жұмыс істеуінен бастап қазіргі кезге дейін, мемлекеттiк бюджеттік жобалармен қатар, бюджеттен тыс-шаруашылық келiсiм жұмыстары бойынша игерілген қаражат көлемі үздіксіз өсуде.

Зертхананың қызметкерлері

Зертхана штаттық қызметкерлерінің саны (негізгі қаржыландыру бойынша): 18 адам (1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы).

Штаттан тыс қызметкерлері (грантық және мақсатты қаржыландыру жобалары, шаруашылық келісімдер бойынша): 81 адам (12 ғылым докторы, 19 ғылым кандидаттары, 1 PhD докторы).

Байланысу ақпараты

Адрес: Мекенжай: 070010, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Серікбаев к-сі, 19, Г-3-114

Телефон/факс: 8 (7232) 541-488 (зертхана кеңсесі)

Телефон: 8 (7232) 541-487 (зерттеу бөлімдері)

Зертхана меңгерушісі - Мисевра Сергей Яковлевич

Телефон/факс: 8 (7232) 541-488

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бөлімше туралы

Зертеу бөлімдері

Трансмиссиялық электрондық микроскопия бөлімі

Трансмиссиялық электрондық микроскоп JEM-2100, «JEOL Ltd.» компаниясының өнімі (Жапония), STEM-жүйесімен және INCA Energy TEM 350 энергодисперстік микро (нано) талдау жүйесімен, X-MAX 80 кристаллымен «OXFORD Instruments Analytical Limited» компаниясының өнімі (Ұлыбритания).

  • Үдетуші кернеу: 200 кВ-қа дейін
  • Ажырату қабілеті: 0,19 нм дейін
  • Аспаптық ұлғайту: х1 500 000 дейін
  • Анықталатын элементтер: Be-ден Pu-ға дейін
  • Детектордың энергетикалық ажырату қабілеті: 127 эВ

Материалдардың құрамын зертеу, микродифракция әдісімен кристалдық фазаларды сәйкестендіру, бөлшектердің және кристалдардың өлшемін анықтау, кристалдық және аморфты фазаларының сандық арақатынасын анықтау, нүктелік облыста сапалы және сандық элементтік микро (нано) талдау жасау, берілген тізбек бойынша элементтердің үлестіруінің кескіндерін құру, таңдалған бөлімшесінде элементтерді үлестірудің карталарын құру.

Зерттеушi – жоғарғы санатты жетекшi инженер-зерттеушi, физик-математик, Мисевра Сергей Яковлевич, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Трансмиссиялық электрондық микроскопқа сынама дайындау:

PIPS 691 дәлме-дәл иондық жылтырату жүйесі. Трансмиссиялық электрондық микроскоп үшін жұқа қабыршақтарды алу тәсілі. TenuPol-5 электролиттiк жiңiшкерту автоматтық құралы. Жұқа фольга алу.

Сынама дайындаушы – инженер-лаборант, материалтану магистрі Джес Алексей Владимирович, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Растрлік электрондық микроскопия бөлімі

JSM-6390LV растрлық электрондық микроскопия, «JEOL Ltd.» компаниясының өнімі (Жапония), «OXFORD Instruments Analytical Limited» компаниясының (Ұлыбритания), INCA Energy Penta FET X3 энергодисперсті микроталдау жүйесімен.

  • Үдетуші кернеу:30 кВ дейін
  • Ажырату қабілеті: 3 нм дейін
  • Аспаптық ұлғайту: х300 000 дейін
  • Анықталатын элементтер: B-тан U дейін
  • Детектордың энергетикалық ажырату қабілеті: 137 эВ

Сынамалардың тегіс бетіндегі микроструктурасымен топографиясын зертеу (сонымен қатар, төмен вакуумда – диэлектриктерді), нүктелік облыста сапалы және сандық элементтік микро талдау жасау, берілген тізбек бойынша элементердің үлестіруінің кескіндерін құру, таңдалған бөлімшесінде элементтерді үлестірудің карталарын құру.

Зерттеушi – екінші санаттағы инженер – зертеуші, физика магистрі Садибеков Айдар Бекадилович, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сынама дайындаушы – инженер-лаборант, техникалық физика бакалавры Сағидұғұмар Амангелді Нұрмұханбетұлы.

Рентгендік дифрактометр бөлімі

X’Pert PRO рентгендік дифрактометр, «PANalitical» компанияның өнімі (Нидерланды).

  • Дифракция бұрышын өлшеу диапазоны 2θ: от -12º до +140º;
  • Сканерлеудің минималды адымы: 0,001º.

Сапалы, жартылайсанды және санды фазалық талдау жасау, ұяшықтардың параметрлері мен кристаллдардың бағыттарын анықтау, поликристалдардың құрамы мен текстурасын және микро кернеуін анықтау.

бірінші санаттағы инженер-зертеуші, ф.-м.ғ.к. Кабланбеков Болат Мукаметкалиевич, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
инженер – зертеуші, ф.-м.ғ.к. Прохоренкова Надежда Валерьевна, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сектор масс-спектрометрии и атомно-эмиссионной спектрометрии

Индуктивті байланысқан плазмалы ICP-MS Agilent 7500cx масс-спектрометрі, «Agilent Technologies» компаниясының өнім (АҚШ).

Анықталатын элементтік минималды концентрациясы

  • сұйық нысандарда: 10-9 г/дм3 дейін;
  • қатты заттарда: 1 ppb дейін.

Бейорганикалық заттар мен материалдарға сапалы элементті талдау жасау, (бейорганикалық сұйықтар, таужыныс, кен, металлдар, керамика), изотопты анализ.

Микротолқынды плазманың атомдық-эмиссиялық спектрометрі Agilent 4100 «Agilent Technologies» компаниясының өнімі (АҚШ).

Анықталатын элементттік минималды концентрациясы

  • сұйық нысандарда: 10-7 г/дм3 дейін;
  • қатты заттарда: 0,1 ppm дейін.

Бейорганикалық заттар мен материалдарға сапалы элементті талдау жасау.

Зерттеушi - екінші санаттағы инженер – зертеуші, химия магистрі Полежаев Станислав Николаевич, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сынама дайындаушы – аға лаборант, металлургия бакалавры Забавская Анжела Владимировна

Масс-спектрометр және атомдық-эмиссиялық спектрометрлеріне сынама дайындау

Сынамаларды ыдыратуға арналған Multiwave 3000 микротолқынды пеш, «Anton Paar» компания өнімі (Австрия).
Масс-спектрометр және атомдық-эмиссиялық спектрометрлеріне ұнтақ сынамаларды қышқылдық ыдыратуына арналған.

 

Рентгенфлуоресценттік спектрометрия бөлімі

СРВ-1М рентгенфлуоресценттік спектрометр «ТехноАналит» ЖШС өнімі (ҚР, Өскемен).

  • Өлшенетін энергия диапазоны: 2-ден 30 кэВ дейін
  • Массалық құрамды өлшеу шегі: 0,1% -дан 100% дейін
  • Детектордың энергетикалық ажырату қабілеті: 180 эВ-тан аз

Қатты, сұйық, ұнтақ, сынамалардың құрамындағы химиялық элементтерді сапалы және санды түрде анықтау, минералогиялық, биофизикалық, биологиялық, экологиялық нысандарға экспресс-анализ жасау.

Зерттеушi - екінші санаттағы инженер – зертеуші, химия магистрі Полежаев Станислав Николаевич, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Таразыға тарту бөлimi

AUM210-E электрондық аналитикалық таразы «Abbota Corporation» компаниясы өнімі (АҚШ). 0,1 мг-ға дейінгі дәлдікпен, 210 г-ға дейінгі сынамалар мен үлгіледі таразыға тарту. ВЛТЭ-1100 зертханалық таразы ЖШҚ «Госметр» компаниясы өнімі (Ресей). 0,01 г-ға дейінгі дәлдікпен, 1100 г-ға дейінгі сынамалар мен үлгілерді таразыға тарту.

Таразыға тарту – лаборант, металлургия бакалавры Забавская Анжела Владимировна

Сынама дайындау бөлімі

Жұқа қабыршақ алу және вакуумдық техника бөлімшесі

 
  Универсалды вакуумды пост ВУП-5 «Аргамак» қондырғысы
  Әр түрлі материалдардан жасалған жұқа қабыршақтарды термиялық тозаңдату әдісімен тозаңдату, трансмиссиялық электрондық микроскоп әдісімен зертелетін сынамаларды зерттеуге дайындау. Әр түрлі материалдардан жасалған жұқа қабыршақтарды магнетрондық тозаңдату әдісімен тозаңдату, электрондық микроскоп әдісімен зертелетін сынамаларды зерттеуге дайындау.

PIPS 691 дәлме-дәл иондық жылтырату жүйесі «Gatan, Inc» (АҚШ) компанияның өндірісі.

Трансмисиссиялық электрондық микроскопқа жұқа қабыршақтарды дайындап алуға арналған құрал. 3 мм иондық сәуле модуляциясымен, сынамаларды бір және екі жақты иондық жалтырату.

Термоөңдеу бөлімшесі

SNOL 6,7/1300 жоғарғы температуралық электр пеші «Умега» АҚ (Литва) компаниясының өнімі.

Әр түрлі материалдарды 50°С - 1300°С температура аралығында термоөңдеу жасау мүмкіндігімен.

ШС-80-01-СПУ кептіргіш шкафы «Смоленское СКТБ СПУ» ААҚ өнімі (Ресей).

Сынамалармен материалдарды кептіру.

Физика-химиялық сынама дайындау бөлімшесі

Трансмисиссиялық электрондық микроскоп үшінсынамаларды электролиттік жұқартуға арналған TenuPol-5 автоматтық құрылғы «Struers» компания өндірісі (Дания).

Металлдан және қоспалардан жасалған жұқа қабыршақтарды трансмиссиялық электрондық микроскоп әдісімен зерттеуге дайындау. Жұқарту үдерісінің электрлік параметрлерін оңтайландыру үшін сканерлік функцияны қолдану арқылы, бастапқы жұқарту, электролиттік кесу және 3-2,3 диаметріндегі үлгілердің соңғы жұқарту жұмыстарын іске асырады.

REV-1035 роторлық буландырғыш «Abbota Corporation» компаниясы өнімі (АҚШ).

Органикалық заттарды тазарту.

ПСБ – 1335-05 ультродыбыстық ванна «ПСБ-Галс» ЖАҚ компаниясы өнімі (Ресей). Сұйық және қатты бөлшектерді диспергациялау, эмульсияларды алу, үлгілерді тазарту. СМ-6М зертханалық центрифуга «Elmi Ltd» компаниясы өнімі (Латвия). Тұнбаны ерітіндіден ажырату.
ЛАБ-ПУ-01 араластыру құралы «Лабораторное Оборудование и Приборы» ЖАҚ өнімі (Ресей) 50- ден 2000 мл-ге дейін бірнеше арнайы ыдыста, бір уақыта сұйықтарды араластыру.

Бидистиллятор БС «Химлаборприбор» ААҚ компания өндірісі (Ресей).

Екі есе тазартылған суды алу.

ВК-75-01 бу стерилизаторы «Тюменский завод медицинского оборудования и инструментов» ААҚ компания өндірісі (Ресей). Зертханалық ыдыстармен саймандарды бумен стерилдеу.

Жіңішкелеп ұсақтау бөлімшесі

СВУ-2 тербелмелі әмбебап стенд негізіндегі шарлы диірмен «Вибромаш» ЖШС компаниясы өнімі (ҚР, Өскемен қаласы). Бастапқы көлемі 15 мм-ге дейін, сынғыш және сусымалы, беріктігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды 0,1 – 0,3 мм-ге дейінгі түйірлер көлемінде ұсақтау. ИВ-4 тербелмелі ұсақтағыш «Грант» ААҚ компаниясы өнімі (Ресей). Бастапқы көлемі 2 мм-ге дейін, сынғыш және сусымалы, беріктігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды 0,02 мм-ге дейінгі түйірлер көлемінде ұсақтау. Ақықты үккіш. Сынғыш сынамаларды қолмен ұнтақтау.
МС-120 минералогиялық кесу білігі «Maruta» компаниясы өнімі (Жапония). Минералогиялық сынамаларды кесу. ЩД 6 Жақты уатқыш ЖШҚ «БИБРОТЕХНИК» компаниясы өнімі (Ресей). Бастапқы көлемі 50 мм-ге дейін, сынғыш және сусымалы, беріктігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды 1 – 20 мм-ге дейінгі түйірлер көлемінде ұсақтау. ДВГ 200х125 дестелеуіш уатқыш «БИБРОТЕХНИК» ЖШҚ компаниясы өнімі (Ресей). Бастапқы көлемі 20 мм-ге дейін, сынғыш және сусымалы, беріктігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды 0,25 – 12 мм-ге дейінгі түйірлер көлемінде ұсақтау.

Микрошлиф бөлімшесі

Minitom дәлме-дәл кесу білдегі «Struers» (Дания) компаниясы өнімі. Растрлық электрондық және оптикалық микроскопия зерттеу әдістеріне арналған минералдық, керамикалық және металдық үлгілерді дәлме-дәл кесу. LaboForce-3 автоматты түрде ажарлатып, ысып жылтырататын құрылғысы бар LaboPol-5 ажарлату-ысып жылтырату білдегі «Struers» компаниясы өнімі (Дания). Растрлық электрондық және оптикалық микроскопия зерттеу әдістеріне арналған минералдық, керамикалық және металдық үлгілерді ажарлату және ысып жылтырату.
Drybox-2 үлгілерді кептіру құралы Struers» (Дания) компаниясы өнімі. Үлгілерді кептіру. Metason 60 үлгілерді ультрадыбыстық тазарту құралы «Struers» (Дания) компаниясы өнімі. Үлгілерді ультрадыбыстық тазарту. ОИ-12 оптикалық микроскоп. Сынама дайындау барысында микрошлифтерді алдын-ала зерттеу.

Зерттеу жүргізу ережелері

Зертхананың негізінде жүргізілетін зертеулердің іс тәртібі

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ PhD докторанттары, магистранттары және бакалавриат студенттері, дисертация, дипломдық жұмыстарына қатысты зертханалық-талдау және ғылыми зерттеулерді зертхананың инженер-зерттеушісі көмегімен, негізгі бюджеттік қаржыландыру және бюджеттен тыс университет қаражаты есебінен, ақысыз зерттеулер жүргізеді, жыл басында бекітілген жоспар бойынша зерттеулер келесі көлемде орындалады:

  • PhD докторанттар - 15 сынамаға дейін, 15 сағат зертеу жұмыстар көлемінде;
  • Магистранттар - 5 сынамаға дейін, 5 сағат зертеу жұмыстар көлемінде;
  • Бакалавриат студенттері - 2 сынама, 2 сағат зертеу жұмыстар көлемінде;

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми қызметкерлері және профессор-оқытушы құрамы, зертханалық-талдау зерттеулерді, грант бойынша немесе мақсатық- бағдарламалық қаржы есебінен, сонымен қатар, бюджеттен тыс университеттен бастаушы тақырыптарға бөлінген қаражат есебіне іске асырылады.

Республикалық және аймақтық ұйымдарымен кәсіпорындары, сонымен қатар, шетелдік тапсырыс берушілер, шаруашылық келісім шарт негізінде немесе ынтымақтастық туралы келісім шарт бойынша зерттеулерді орындай алады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ PhD докторанттары, магистранттары және бакалавриат студенттерінің «IРГЕТАС» ИБЗ негізінде зерттеу жүргізу

1. ҒЗТҚТ, зертханалық-талдау зерттеу жұмыстары мен сынама дайындау IРГЕТАС» ИБЗ-да тек қана зерттеу жүргізу кестесіне енгізілген тұлғалар (әрі қарай - Зерттеуші) ғана, олардың жеке қатысуымен (мүмкін ғылыми жетекшісімен), тек мәлімделген тақырыптар бойынша, және қатаң түрде кестеде көрсетілген уақыт бойынша осы бекітілген ережелер бойынша жүргізіледі. Зерттеу жұмыстары зерттеу жүргізу уақытынан 5 күн бұрын ресімделген Өтінім (Өтінім бланкі зертханада бар) бойынша өткізіледі.

2. ҒЗТҚТ ИБЗ негізінде бар құрал-жабдықтармен ИБЗ мамандарын және университеттің ғылыми қызметкерлерін, олардың құзыреттілігінің шегінде қатыстыру арқылы жүргізіледі.

3. Зертханалық-талдау зерттеу жұмыстарын ИБЗ жабдықтарында тек қана ИБЗ -ның инженер-зерттеушілері ғана жүргізеді. Зерттеуші қолданылатын зерттеу әдістері саласына қажетті білімнің ең аз деңгейін білуі қажет, құрал жұмысының жалпы ұстанымын білуі керек, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анық білуі қажет, бағдарлама мен зерттеу барысын, күтілетін нәтижелерді көрсетуі керек.

4.Сынама дайындауды, қажет болған орайда, Зерттеуші өз бетінше орындайды. ИБЗ-да бар жабдықпен орындаған жағдайда, Зерттеуші ИБЗ инженер-зертханашыларының бақылауы және басқаруымен, жұмысты өз бетімен орындауы үшін зертханаға кесте бойынша талдау жұмыстарын жүргізетін уақыттан 5 жұмыс күнінен кешікпей баруы қажет. Зерттеуші сынама дайындаудың әдістерін білуі қажет, сынама дайындайтын жабдықта жұмыс істеу дағдысы болуы керек, немесе сынама дайындау жабдығы бекітілген ИБЗ инженер-зертханашысынан онымен жұмыс істеуді үйренуі керек.

5.«IРГЕТАС» ИБЗ негізінде орындалатын ҒЗТҚТ түрлері:

  • вакумдық технологиялар және жіңішке қабықша алу (ВТжәнеЖҚА);
  • материалдарды температурамен (соның ішінде жоғары температура) өңдеу (ТӨ);
  • материалдың электрогидроимпульстік дезинтеграциясы (МЭГД).

6.IРГЕТАС» ИБЗ-да жүзеге асырылатын зертханалық-талдау зерттеу жұмыстарының түрлері:

  • трансмисиссиялық электрондық микроскопия (ТЭМ) - кемінде 1 сағатта бір үлгіге, сонымен қатар микро (нано) анализ жасау - кемінде 5 сағаттан бір үлгіге;
  • растрлық электрондық микроскопия (РЭМ), - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге соның ішінде микросараптамаға (РЭМменМС) - кемінде 1 сағаттан бір үлгіге;
  • рентгендік дифрактометрия (РД) - кемінде 1 сағаттан бір үлгіге;
  • индуктивті байланысқан плазмалы масс-спектрометрия (МСменИБП) - ең кемінде 1 сағаттан бір үлгіге;
  • атом-эмиссион спектрометрия (АЭС) - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • рентгендік-флуоресцент спектрометрия (РФС)- кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • фотометр спектрометрия (ФС) - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • колориметрия (К) - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • оптикалық микроскопия (ОМ) - кемінде 0,5 сағаттан бір үлгіге;
  • металлография (МГ) - кемінде 1 сағаттан бір үлгіге

7. IРГЕТАС» ИБЗ-да жүзеге асырылатын зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне сынама дайындаудың (СД) түрлері:

  • сынама мен үлгілерді кесу және ұнтақтау (металл мен минералдарды кесуге арналған кесу білдегі, дестелеуіш және жақты уатқышты, тербелмелі ұнтақтағышты, шарлы диірменді, электрогидроимпульстік дезинтеграторды, ақықты үккішті қолдану арқылы дайындайды);
  • жоғары сапалы кесу, микрошлиф (дәлме-дәл кесу білдегі, ажарлау - ысып жылтырататын білдегін, үлгілерге арналған ультрадыбыстық ванна және кептіргішті пайдалану арқылы дайындайды);
  • ТЭМ-ға үлгі дайыдау (қабыршық қағаздар мен жіңішке қабықшаларды электролитикалық жұқарту, дәлме-дәл иондық ысқалап жылтырату әдістерін, ұнтақтарды жіңішкелеп ұнтақтау және мыс торға көміртекті қабықша-төсемеге түсіру әдісітерін қолдану)
  • РЭМ-ға үлгі дайындау (дәлме-дәл кесу, сынамалар мен үлгілерді компаундқа пресстеу, механикалық тегістеу және ысып жылтырату, химиялық өңдеу, өткізгіш көміртек қабықшаларды тозаңдату);
  • РД-ға үлгі дайындау (ұнтақтар, жіңішке қабықшалар мен пластинкалар);
  • МСменИБП және АЭС-ға үлгі дайындау (жіңішкелеп ұсақтау, дәлме-дәл салмақтау, сынамалардың химиялық ыдырауы);
  • Талдау зерттеу жұмыстарының басқа түрлеріне үлгі дайындау.

8. Зерттеу жұмыстары кафедраға бөлінген үлестеме шегінде, ағымдағы жылға ИБЗ-ның негізгі бюджеттік қаржыландыруының қаражатынан жүргізіледі, сондай-ақ грант қаражатының есебінен, бағдарламалық-мақсатты қаржыландару, шаруашылық келісім қаражатынан жүргізіледі.

9. Үлестеме кафедраларға пропорционалды түрде (зерттеудің әр түріне сағаттар бойынша), зерттеу жүргізу кестесін қалыптастыру барысында, тізімге енгізілген барлық потенциалды Зерттеушілердің мәлімделген зерттеулерінің жалпы санын есепке алғаннан кейін, бұл мақсатқа жалпы құрал сағаттарының және негізгі қаржыландыру қаражатының көлеміне қарай (жалақыға, шығыс материалдарға, пайдалану шығысына т.б. бөлінетін шектелген қорға байланысты) бөлінеді.

10. Үлестеме берілгеннен кейін оны, кафедра ішіндегі потенциалды Зерттеушілердің арасында бөлуді кафедра өзі жүргізеді.

11. Бөлінген үлестеме бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстарын әр Зерттеуші зертханалық-талдау зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, олардың жалпы жиынтығына, осы ережелермен бекітілген норматив шегінде жүргізеді (үлгілердің көлемі, сағаттар бойынша).

12. 2014-2015 оқу жылындағы зерттеу жұмыстарының көлемі бойыншабекітілген норматив:

  • PhD докторанттар - 15 үлгіге (сынама) дейін, 15 сағаттан артық емес;
  • магистранттар - 5 үлгіге (сынама) дейін, 5 сағаттан артық емес;
  • студенттер - 2 үлгі (сынама), 2 сағаттан артық емес.

13. Кестеге, оны құру барысында (тізімге) зерттеу жұмыстарының түрлері мен көлемі бойынша зерттеуді жүргізудің жоспарланған уақыты – құрал уақыты (1.11.2014 ж-дан 31 05.2015 ж-ға дейін, апта күндері – дүйсенбіден бейсенбіге дейін, жұма күндері ИБЗ-да – әдістемелік күн, пайда болған сауалдарыңызды сұрауға болады) енгізіледі. Соңғы мерзім потенциалды Зерттеушілердің берілген тізімін өңдегеннен кейін кестені бекіткен кезде орнатылады. Бұл ИБЗ-ның мүмкіндігі мен оқу жылының уақытына қарай құрал сағаттарын тиімді бөлудің негізінде жүзеге асырылады. Зерттеуді жүргізудің жоспарланған мерзімін мүмкіндігінше сақтау ұстанымы келесі кезекпен жүргізіледі: бірінші кезекте - PhD докторанттар, екінші кезекте – магистранттар, үшінші кезекте – студенттер.

14. Зерттеушінің дәлелді себептермен бекітілген уақытта зерттеу жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда (дайын болмау немесе үлгілердің болмауы, Зерттеушінің іссапары, және т.б. дәлелді себептер) мерзімді өзгерту мәселесін Ғылым және Халықаралық Ынтымақтастық проректоры жекелей шешуі мүмкін. Мерзімді өзгерту ғылыми жетекшінің қызметтік хаты немесе Зерттеушінің өтініші негізінде, зертхананың мүмкіндігі мен бос құрал уақыттарының болуына қарай, кесте бойынша зерттеуді жүргізу мерзімі келгенге дейін ИБЗ меңгерушісінің келісімімен жүзеге асырылады.

15. Зертхананың дәлелді себептермен бекітілген уақытта зерттеу жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда (құралдың дайын болмауы немесе істен шығуы, қажетті шығыс материалдардың болмауы, инженер-зерттеушінің іссапарда, тағлымдамада, еңбек демалысында болуына байланысты жұмыста уақытша болмауы) мерзімді өзгерту мәселесін, кесте бойынша зерттеуді жүргізу мерзімі келгенге дейін ИБЗ меңгерушісі жекелей шешуі мүмкін.

16. Үлестеме алмаған Зерттеушілер, сондай-ақ, үлестемеден тыс зертеу көлемін қосымша орындау керек болған жағдайда бос сағаттар болса, зерттеу жұмыстары қосымша қаржыландыру көзі анықталғаннан кейін орындалады (грант қаражаты, бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру, шаруашылық келісім қаражаты).