imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (нано-биотехнология және экология)

Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы

laboratory_head
Д.А.Мырзакожа
орталық директоры,
химия ғылымдарының докторы,
профессор

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасында ғылым мен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту Қазақ ұлттық аграрлық университеті қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Аталмыш бағыттағы жұмыс алдыңғы қатарлы шет елдік университеттермен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық бағдарламалары аясында жүзеге асырылады және университеттің халықаралық білім мен ғылым кеңістігіне енуінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Ғылыми-оқу базасын қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыру, биотехнология, нанотехнология және жаңа материалдар, жаңа агротехнология-лар, гендік-молекулалық және т.б. стратегиялық-технологиялық басымдықтар саласындағы үдемелі индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру және алға жылжыту мақсатында, «JEOL» және «Shimadzu» жапон концерндерімен Меморандум негізінде халықаралық бағдарламалар бойынша зерттеулерді бірлесіп жүзеге асыру үшін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 2010 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан – Жапон инновациялық орталығы» құрылды. Оның құрылымында инженерлік бейіндегі «Электронды микроскопия» зертханасы, «Азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік» зертханасы, оқу-ғылыми-диагностикалық зертханасы, коммерцияланған ғылыми жұмыстардың кеңсесі, бизнес- инкубатор, сонымен қатар, берілген мәліметтер топтастырылған сектор байланысының оқу-ғылыми түйіндемесі бар.

«Қазақстан – Жапон инновациялық орталығының» ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттары аясында жүзеге асырылады. Атап айтар болсақ, олар:

  • Биотехнология;
  • Нанотехнология және жаңа ақпараттар;
  • Цитология және генетика;
  • Микробиология және вирусология;
  • Ветеринарлық медицина және санитария;
  • Агроинженерия;
  • Материалтану;
  • Биологиялық, органикалық және бейорганикалық химия.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан–Жапон инновациялық орталығының міндеттері анықталған. Олар:

  • нанотехнология саласында зерттеулер жүргізу;
  • материалтану саласында зерттеулер жүргізу;
  • халықаралық талаптарға сәйкес тағам және экологиялық қауіпсіздік сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу;
  • агроөнеркәсіптік өнімдердегі гендік-модификацияланған материалдардың, гормондардың, дәрумендердің, бактериялар мен микрологиялық агенттердің түзелу деңгейінің сәйкестігін анықтау;
  • қоршаған ортаның жағдайын, қоршаған ортаға патогендік микроағзалардың таралуын зерттеу;
  • мамандарға білім беруге және оларды қайта даярлауға қатысу, алған білімдерін келешекте Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы қызметіне пайдалану;
  • агротехнологияларды коммерци яландыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, халықаралық ғылыми-техникалық кеңістікке ену;
  • шет мемлекеттермен ғылыми- техникалық байланысты дамыту, халықаралық бағдарламалар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу;
  • республиканың ауыл, орман және су шаруашылықтарындағы келелі мәселелерді шешуде университеттің ғылыми әлеуетіне ықпал ету;
  • ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың, жеке ғалымдар мен басқа да жеке тұлғалардың арнайы тапсырыстары бойынша зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау мәселесінің өзектілігіне байланысты университет өз тарапынан Sherlok (майлы қышқыл анализі негізіндегі микроағзалар сәйкестігінің жүйесі) микробиологиялық анализаторын орнатты.

Басқа микробиологиялық анализатор модельдерімен салыстырғанда (мысалы, Multi Scan) аталған жүйе ұқсас және арбитраждық қызметтерді атқаруға мүмкіндік береді, әрі өз кезегінде, референтті болып табылады. Майлы қышқылдардың автоматтандырылған анализі бүгінгі таңда биологиялық материалдар сәйкестігі дұрыстығының эталоны есептелетін, ДНК молекулалары-тірі клеткаларының негізгі генетикалық материалдар анализінен кем түспейді (кей жағдайларда басып озады). Sherlok жүйесінің микробиологиялық анализаторын қоршаған ортаның күрделі сәйкестендіретін ағзаларын сәйкестендіру мақсатында; азық-түлік сапасын анықтау үшін; ветеринарлық медицина мен фитосанитария саласында кеңінен пайдалануға болады.

Kristy Rysava - студентка Шотландского университета,
прошедшая стажировку в КЯИЦ
Посещение КИЯЦ представителями Шотландского университета

Анализатордың мәліметтер база¬сын АҚШ Қарулы күштерінің жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институ¬ты (USAMRIID) жасаған және онда 2200-ден астам микроағзалар ту¬ралы мәлімет жинақталған. Биологиялық соғыс жүргізу және биотеррор актісін жасай алатын құрал ретінде пайдаланылатын патогендік микроағзалардың ерекше маңызға ие биологиялық түрлерін жедел әрі нақты сәйкестендіруге арналған. Bioterrorism Library арнайы мәліметтер базасын қамтиды. Азық-түлік сапасын тексеру тұрғысынан мәліметтер базасын¬да Listeria, Bacillus, Campylobaster, Glostridium, Salmonella, Lastobacillus түрлері, адам үшін патогенді болып есептелетін және азық-түлік тағамдарында өсіп-өнетін организмдердің жүздеген түрлері туралы мәлімет жинақталған. Бұл көрсеткіш кез кел¬ген басқа бактериологиялық анали¬затор ұсына алатын мәліметтерден жоғары. Ветеринарлық бағыт бойынша мәліметтер базасында Campylobaster, Pasteurella, Haemophilus, Brussella, Streptococcus, Bordetella және мал үшін патогенді болып табылатын көптеген басқа да микроағзалар ту¬ралы мәлімет бар. Фитопатология бойынша мәлі-меттер базасында фитопатогенді ағзалардың бес негізгі түрі туралы мәлімет енгізілген. Сонымен бірге, өсімдіктер үшін анағұрлым патогенді болып есептелетін Xanthomonas және Pseudomonas түрлері туралы мәлімет жинақталған. Микробиологиялық анализаторды басқа салалар бойынша қолдануға болады, ол қоршаған ортаның жағдайын, қоршаған ортада патогендік микроағзалардың таралуын зерттеу¬ге, топырақ құрамын талдауға, азық-түлікті зерттеуге мүмкіндік береді. «Қазақстан – Жапон инновациялық орталығы» бюджетінің тарапынан қаржыландырылады. «Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының» директоры – химия ғылымдарының док¬торы, профессор Д. А. Мырзақожа .

Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының қызметкерлері MedInnovation GmbH
(Германия, қараша 2012) ЭПР-спектрометрда қан лейкоз ауруының алдын алу диагностикасын үйренуі.
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының қызметкерлері спектрометр жасайтын
Иокогава (Жапония, қараша 2012) компаниясында жақын инфроқызыл спектрометрінде жұмыс істеуді үйренді.
YokogawaElectricCorporation (қызметкері) Hideko Tanaka Otsuka жақын
инфрақызыл спектрометрмен жұмыс істеу бойынша мастер класс өткізді.
Малазияның Путра (UPM) университетінің қызметкерлері қатерлі ісікті
алдын-ала анықтайтын әдіс бойынша ЭПР-анализаторда біліктілігін жоғарылату курсынан өтті
Орталық Азия және Закавказ зерттеу Институтының
бас директоры Қазақ-Жапон инновациялық орталығына келді
Kwansei Gakuin университетінің профессоры Dr. Sato Hidetoshi Қазақстан-Жапон
инновациялық орталығының қызметкерлерімен бірлесе зерттеу жұмыстары бойынша кездесті