imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

«Мұнайхимия» зерханасы

saginaev_a_t

Зертхана меңгерушісі – х.ғ.д., профессор Сағынаев А.Т.

Байланыс телефондары: 8 (7122) 32-57-76, 8 7015083699

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

«Мұнайхимиясы» инженерлік бағыттағы зертхана Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ҚР БҒМ 15.03.2007ж. № 120 Бұйрығы) бұйрығы бойынша құрылған.

«Физико-химиялық зерттеу әдістері» секторы (Жумагалиев С.Ж.)

attestat

znak

Зертхана ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінің ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартынына сәйкестігін дәлеледі. (аккредиттеу субъектілерінің тізіліміндегі аккредиттеу куәлігі - № KZ.И.06.1425, 11.10.2013 жыл).

 

Міндеттер:

  • зертханалар ерекшеліктері мен өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып мемлекеттік бюждеттік және шаруашылық келісім шарттық ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатынасу;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің, ҚР Мұнай және газ министрлігінің ұсынатын бағдарламаларына, инновациялық жобалар конкурсына қатынасу;
  • зертхана пәндері бойынша оқып жатқан студенттер мен магистранттарды студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға, зертхана қызметкерлерімен бірге ғылыми жарияланымдарды әзірлеу мен басып шығаруға, республика, өңір және институт деңгейіндегі ғылыми-техникалық конференцияларға қатынасуға тарту;
  • нәтижелерді оқу процесі мен өндіріске енгізу бойынша жұмыстар жүргізу.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:

  • Батыс Қазақстан мұнайының физика-химиялық қасиеттерін зерттеу;
  • Батыс Қазақстанның күкіртті және ауыр мұнайларын өңдеу технологиясы;
  • Мұнай өнімдерінің, коррозиялар ингибиторлары мен басқа да мұнай химиясының бағалы өнімдерінің тауарлық қасиетін жақсартушы депрессорлық қоспалардың мұнайхимиялық синтезі;
  • Қатты денелі материалдар мен жыныстарды зерттеу;
  • Судың, ауаның, топырақтың құрамын талдау;
  • Тас жолдар құрылысы үшін мазутталған топырақты зерттеу;
  • Ғылыми кадрларды даярлау.

Зертхананың 2012-2017 жылдарға дамытудың келешекті жоспары.

  • мұнайхимиясы, химия технологиялары және мұнай мен газды тасымалдау саласындағы өңірлік және салалық ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға белсенді түрде қатынасу;
  • мұнайхимиясын дамыту мәселесін шешуде ғалымдар мен практиктер күшін біріктіру жолымен халықаралық ғылыми кеңістікке зертханалардың кіруін белсендендіру;
  • академиялық ұтқырлық пен ғылыми-зерттеу қызмет көрсету экспортын нығайту, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты белсенді түрде қолдау;
  • инвестициялық және инновациялық ресурстарды тауарлар есебінен зертханалар құнын арттыру.