imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

Қарағанды Мемлекеттік техникалық Университетінің «Минералдық шикізат қорларын кешенді игеру» Инженерлік бейінді сынау зертханасы

“Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру” инженерлік бейінді сынау зертханасының қызметі туралы

“Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру” инженерлік бейінді сынау зертханасы (ИБЗС “МШРКИ”) Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің негізінде ҚР БҒМ 2007 жылдың 15-ші наурыз күнінен бұйрығымен және 2007 жылдың 30-шы наурыз күнгі № 12 хаттама Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша құрылды.

Қазақстан Республикасының жылдамдатылған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын (ЖИИДМБ) қабылдауда Тұнғыш Президент Н.А.Назарбаев: “технопарктер, өнеркәсіп орындарында, өнеркәсіпті аймақтарда, АЭА, бизнес-инкубаторларда, ашық типті ұлттық және инженерлік бейінді зертханаларда тәжірибелік-өндірістік аумақтарды құрып дамыту” туралы ерекше көңіл бөлді.

Инженерлік бейінді зертхананың дамуы “Мақсаты-мемлекеттің кен-металлургиялық комплекстің серпінді, болжамдалатын және бәсекелес дамуына жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған жоғары бағалы өнім алуға бағытталған инновациялар енгізу негізінде жағдай жасау болатын КМК-ның өнеркәсіптік-инновациялық дамуымен” тығыз байланысты. (ЖИИДМБ 2010-2014).

Зертхананың мақсаттары және міндеттері

− отандық және шетел ғалымдарға ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беру;
− магистранттар және студенттерге ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беру;
− ғылыми және ғылыми-техникалық қызметіндегі субъектілердің ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарын (ҒЗТКЖ) жүргізуін қамсыздандыру;
− ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларының іске асуында жәрдемдесу, сонымен қатар ғылыми және технологиялық дамудың басым бағыттардағы іргелі, қолданбалы бағдарламалар, магистрлік, ғылыми бағытқа сай докторлық диссертациялық жұмыстар дайындауда жәрдемдесу;
− жаңа білім және технологияларды тарату;
− студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды ҒЗТКЖ-қа тарту;
− отандық және шетел университеттерімен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
− жоғары технологиялар секторына инвестиция тарту мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің қорытындысын коммерциалауға жағдай жасау;
− мемлекеттік-дербес серіктестік механизмінің дамуына жәрдемдесу;
− кен өндірісінде, геология және металлургияда ғылыми және ғылыми-техникалық жағдайдағы мәселелерді шешуге арналған құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану;
− халықаралық ғылыми-техникалық қызметіне қатысу.

Функциялары

− ҒЗТКЖ жүргізуне қатысады;
− ҒЗТКЖ жүргізу бойынша әдістер мен бағдарламаларды, нормативті және технологиялық құжаттар құрып, жетілдіреді;
− ҒЗТКЖ жүргізуде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
− маркетинг зерттеу, өнімдердің жаңа үлгілерін, материалдар мен технологиялық процестерді тәжірибелі тексеруде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
− жобалық, конструкторлық, іздеушілік және эксперттік жұмыстарды атқарады;
− жүргізілген жұмыстардың жоғары нәтижелілігін жүзеге асырып, белгіленген тапсырма және бағдарламаларға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары уақытында және сапалы орындалуына бақылау жүзеге асырады;
− Қазақстан Республикасының Заң шығаруымен белгіленген талаптарға сай зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, мемлекеттік және коммерциялық құпияларды сақтауды ұстанып, орындалған ҒЗТКЖ жайлы ақпараттарды жинау, сақтау және жүйелеуді қамтамасыз ету;
− ИБСЗ “МШРКИ” жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар кадрларды даярлау және қайта даярлауды өткізеді.

ИБСЗ “МШРКИ” жетекшісі

andreyashenko-v-a

Андреященко В.А. «МШРКИ» ИБСЗ жетекшісінің м.а., доцент, PhD
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Биографияық мәліметтер
Теміртау қ. 1983 жылы ақпанның 13 дүниеге келген.
Қазақстан азаматшасы.
2005 жылы Қарағанды металлургиялық институтын«инженер-механик» біліктілігін иемденумен «Материалтану жәнежаңа материалдар технологиясы» мамандығын бітірді. 2007 жылы магистр академиялық дәржесін иемденумен «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығын аяқтады. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды мемлекеттік индустриалды универсиетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының ассистенті. 2007-дан 2010-ға дейін – ассистент, сосын Қарағанды мемлекеттік индустриалды универсиетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының оқытушысы.
2010 жылы «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша докторантураға түсіп, 2013 жылы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі үшін Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Наноқұрылымды және субультұсақдәнді материалдарды пластикалық деформация әдісімен зерттеу және жасау» тақырыбында диссертациясын ойдағыдай қорғады. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды мемлекеттік индустриалды универсиетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының оқытушысы.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының аға оқытушысы, 2014 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың наурызынан бастап Қарағанды мемлекеттік индустриалды универсиетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті.
2015 жылдың наурыз айынан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының доценті.
2009 жылдың қараша айынан 2015 жылдың наурыз айында дейін ҚМИУ-нің СЖМ басқару бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Зертхана ұжымы

Демина Олеся Андреевна – зертхана инженері. 1998 жылдан 2003 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық унивеситетінде «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша оқыған.

Жакупова Арайлым Рымбековна – зертхана инженері. 2006 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық унивеситетінде «Машина жасау» мамандығы бойынша оқыған.

Кобеген Ерболат Кобегенулы – зертхана инженері. 2007-2011 ж. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті, «Металлургия» мамандығының бакалавры; 2011-2013 ж. «Металлургия» мамандығының магистрі. 2011 -2013 ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының бакалавры.

Савельева Надежда Александровна – зертхана инженері. 2001-2006 ж. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті, «Металлтану және металдарды термиялық өңдеу» мамандығының инженері; 2006-2008 ж. «Металлургия» мамандығының магистрі.

Ульмаганбетова Гульдана Мейрмановна — зертхана инженері. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқыған.

Cулейменова Гульдана Саттаровна – зертхана технигі. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық унивеситетінде «Аспап жасау» мамандығы бойынша оқыған.

Смагулова Жанат Галаминқызы — зертхана технигі. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық унивеситетінде «Металлургия» мамандығы бойынша оқыған; 2012 ж. «Металлургия» мамандығы бойынша магистратураға түсті