imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

ҚарМИУ инженерлік профильтың зертханасы

Инженерлік бейінді «Электронды микроскопия және нанотехнологиялар» (ИБЗ) зертханасы. 2008 жылы 3 сәуірде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасының бұйрығымен қарағанды мелмекеттік индустриялық университеті негізінде құрылған.

lepserc

2012 жылдың қараша айында «ЭМжН» ИБЗ қортынды аккретиттау шаралары өткізілді, ҚР ТС ИСО/МЭК17025-2007 «сынау және калибрлеу зертханаларының құзырлығына қойылатын жалпы талаптар» (№ KZ.10.И.1360 6 ақпан 2012ж ) талаптарына сәйкес аккредиттау аттестатын алды.

Зертхана сайты: http://lip.kgiu.kz.

Таруалары:

Байланыс ақпарат

Мекенжай: Республика даң. 30, бас ғимарат.

  • I-107 — зертхана жетекшісі;
  • I-134 — зертхана.

Телефон: 8 (7213) 90-84-74.

Email:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Сайт:http://lip.kgiu.kz.

Мақсаттары

ИБЗ негізгі мақсаты – металлургия және машинажасау салаларына арналған жаңа материалдарды жасау, кешенді ферроқортпаларды өндіру мен қалдықтарды өнеркәсіпте қолданудың ғылыми негіздері мен технологияларды дайындау.

Мақалалар

Зертхананың жұмыс барысында 70 астам ғылыми мақалалар, монографиялар және оқулықтар жазылды, сонымен қатар халықаралық, аймақтық конференцияларда (Қазақстан, Ресей, Украина, Чехия, Болгария, Польша, Германия) баяндамалар жасалды.

Келісімдер

ИБЗ дамуы Қазақстан Республикасын жылдамдата индустриялы-инновациялы дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасымен тығыз байланысты.

Зертхана аймақтың жеткші кәсіпорындарында басым бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындады: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, Әбішев атын. ХМИ және т.б.

Жалпы қаржыландыру көлемі 163 121 000 тенге, оның ішінде:

2009ж. – жалпы қаржыландыру сомасы 21,231 млн. теңге мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды, оның ішінде: 8,092 млн. теңге – шаруашылық келісімді ҒЗЖ; 13,139 млн. теңге – мемлекеттік бюджетті ҒЗЖ;

2010ж. – жалпы қаржыландыру сомасы 31,19 млн. теңге мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды, оның ішінде: 11,19 млн. теңге – шаруашылық келісімді ҒЗЖ; 32,45 млн. теңге – мемлекеттік бюджетті ҒЗЖ;

2011ж. – жалпы қаржыландыру сомасы 39,7 млн. теңге мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды, оның ішінде: 24,7 млн. теңге – шаруашылық келісімді ҒЗЖ; 10 млн. теңге – мемлекеттік бюджетті ҒЗЖ;

2012ж. – жалпы қаржыландыру сомасы 134,3 млн. теңге мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалуды, оның ішінде: 20 млн. теңге – шаруашылық келісімді ҒЗЖ; 114,3 млн. теңге – мемлекеттік бюджетті ҒЗЖ.

ИЗ-нің қондырғылары

2008 жылы зертхананы жабдықтау үшін бюджеттік қаржылардан 200 млн. теңге жұмсалды. Университет әлем өндірушілері жасаған айрықша жабдықтарын зертхана қорына берді.

1. JEM2100 электрондық жарықтандыратын микроскоп.

Микроскоп 50 ден 1500000 есе үлкейту арқылы материалдың атомды-кристалдық құрылымын толық зерттеуге, сонымен қатар, кристалды құрылымының морфологиясын және сипатын, кристалдық құрылысын (түйіршік шекарасы, орау ақаулықтары, шоғырлану, нүктелі ақаулықтардың әртүрлі комбинациясы) әртүрлі ақаулықтарының таралуын және сипаттық түрін, сонымен бірге, қортпаларда бөлінетін бөлшектер мен әртүрлі қоспалардың (оның ішінде газды көпіршіктердің, қуыстардың) химиялық анализін жасауға, доменді құрылымды зерттеуге мүмкіндік береді.

Жарықтандыратын микроскоппен зерттелетін нысандар: арнайы операциядан кейінгі таспа-төсемге шөгілетін жоғары дисперсті ұнтақтар, үлкен нысандардан химиялық жіңішкерту тәсілімен алынған тотықтандырылған таспалар – қақтама, метал қаңылтырдары, репликалар, яғни зерттелетін нысанның бет бедерін қайталайтын жұқа таспалар.

jem-2100

2. JSM 5910 сканирлейтін электрондық микроскоп.

Микроскоптың фокусының тереңдігі өте үлкен болғандықтан, бет бедердің топографиясын бақылауға мүмкіндік береді. Ол құрылымның жіңішке бөлшектерін зерттеуге жағдай жасайды. Құрылымның көлемді бейнесін және конфигурациясының суретін алуға және зерттеуге болады. Сонымен бірге, микроскоппен кристаллографикалық жазықтық деңгейінде субжұқа құрылымды зерттеуге болады. Фазалардың санды және сапалы құрамын және фазалық түрлену кезінде қалыптасқан қалдықты кернеу анықталады .

jsm-5910

3. ДРОН-6 жалпы қолданысты рентгенді дифрактометр.

ДРОН-6 жалпы қолданысты рентгенді дифрактометр технологиялық бақылау желілерінде, зауыт, оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларында аморфты және кристалды материалдарға рентгендифракционды талдау жасауға арналған.

Рентгендифракционды талдау көмегімен анықталатын және/немесе бағаланатын көрсеткіштер: фазаның сандық және сапалық құрамы; элементарлы ұяшық парметрлері; жұқа құрылым параметрлері – когерентті ыдыраудың таралу және микродеформациялардың аумағы және шамасы, деформациялық және ораудың қосарлы ақаулықтарының шоғырлануы; дислокациялардың тығыздығы және таралуы; микрокернеу (І түрдегі кернеу) шамасы; аморфты және крситалдық фазалар құрамы; текстура; монокристалдар бағыты және т.б. параметрлер.

dron-6

4. SPECTROLAB химиялық құрамдар анализаторы.

SPECTROLAB химиялық құрамдар анализаторы темір, алюминий, мыс және мырыш негізіндегі және тағы 20 элементке дейін (Cr, V, W, S, P, C, Nb, Mo, Ni, Ti, As және т.б.) қосылған қорытпалардың химиялық құрамын анықтайды. Бұл - жартылай өткізгіш CCD-детекторлы және ұшқында және/немесе доғада спектрді қоздырумен металдар мен қорытпаларды талдауға арналған үстел үсіне орнатылатын эмиссионды спектрометр. Толқын ұзындықтарының оңтайлы диапазоны - 175 нм-ден бастап 550 нм дейін, сонымен бірге сілтілі және сілтілі-топырақты элементтерге арналған детекторлы бар.

spectro

5. “LEICA” оптикалық микроскопы.

“LEICA” оптикалық микроскобы х100 еседен бастап х1000 есе үлкейту арқылы металдар мен қорытпалардың құрылымдық ерекшеліктерін және фазалық құрамын зерттеуге арналған. Микроскоп дербес фазалардың микроқаттылығын анықтауға, сонымен қатар, микроқұрылымның микрофотоларын автоматты түрде түсіруге арналған құрылғы-тұғырмен жабдықталған. Оқыту мақсатында SONY түсті видеожүйесімен және микроскоптағы бейнелерді көрсететін теледидар экранмен жабдықталған.

leica

6. Olympus оптикалық металлографикалық микроскоп.

olympus

7. «РИКОР» рентгенді өлшеу кешені.

«РИКОР» рентгенді өлшеу кешені сарапталатын нысанға бағытталған рентгенді сәулелердің әсер етуінен түзілетін дифракционды шыңдардың бұрыштық жағдайларын өлшеу үшін қолданылады. Шыңдардың анықталған бұрыштық жағдайлары зерттелетін заттың фазалық құрамын анықтауға арналған негіз ретінде қолданылады.

Қолданылу салалары – микроэлектроника, цемент, химиялық, тау-кен-байыту, фармацевтік өндірісте, металлургия салаларына арналған материалдарды өндіру үрдісінің сапасын тексеру үшін қолданылады.

rikor

8. МИ-40КУ оқу әмбабап бұрау-үзу машинасы.

МИ-40КУ оқу әмбабап бұрау-үзу машинасы үлгілердің созылуын, сығылуын және бұралуын сынауға арналған. Машина жеке ЭЕМ бірге қолданылады. ЭЕМ жүктелу жылмадығы 0,03…6 айн/мин кезінде айналу моменті 200 Нм дейінгі және жүктелу жылдамдығы 0,5…60 мм/мин кезінде 40 кН дейінгі күшпен үлгінің сығылуы немесе созылуы кезінде стандартты RS 232 интерфейсы арқылы дисплейде моменттің және күштің деформацияға тәуелділігін бейнелейтін графиктерді ЭЕМ экранына бетінде көрсетеді

Машина келесі өлшеулерді автоматы түрде орындайды: траверстердің сызықты қозғалысының мәні; F тек ағымды жүктелу мәні; бұралу қарпуының қозғалу бұрышының мәні; М тек ағымды моментінің мәні.

mi-40ku

9. УИМ-23 (УИМ-200Э түрі) әмбабап өлшеу микроскобы.

УИМ-23 (УИМ-200Э түрі) әмбабап өлшеу микроскобы тікбұрышты және полярлы координаттарда әртүрлі өнімдердің бұрыш және сызықты өлшемдерін өлшеуге арналған. Оның ішінде, микроскопта кез келген ойықты өнімдерді, кесетін инструменттерді, профильді шаблондарды және сызбаүлгілерді, құлақтарды, конустарды, таңбалаушыларды, бұранда кескіш тарақшаларды және т.б. өлшеуге болады.

uim-23

Lobotom-3 кескіш станогы.

Ол қаттылығы 30-2000 HV аралығындағы металдарды деформациялаусыз дәлдікпен кесуге арналған. Кесу станогы тегіс, аз деформацияланған бетті алуға мүмкіндік береді. Абразивті ылғалды кесу беттің аз бүлінуін қамтамасыз етеді, бұл үлгінің әрі қарай дайындалуын жеңілдетеді және жылдамдатады.

lobotom-3

11. Accutom-5 жоғары дәлділікпен кесетін станок.

accutom-5

12. Tegra Pol – Tegra қырнау-жылтырату станогы.

Struers фирмасының Tegra Pol – Tegra қырнау-жылтырату станогы автоматтандырылған жоғары сапалы қырнау және жылтырату үшін қолданылады. Станок қырнау дискілері және MD-System магнитті фиксациялы жылтырату шүберектерімен бірге қолданылады.

Станок қаттылығы 30 – 2000 HV материалды материалографикалық сынақтан өткізуге дайындауға мүмкіндік береді.

tegrapol

13. Struers электролиттік үлгі дайындау қондырғысы .

struers

Ғылыми зеттеулер

Зертхананың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

1. Қарқынды пластикалық деформациялаумен наноқұрылымды материалдарды алудың ғылыми негізі.
2. Қазақстанда өндірілетін металдардың негізінде жаңа қортпаларды жасаудың физика-химиялық негізі.
3. Бәсекелестікке қабілетті технологияларды жасауға арналған заманауи металлургиялық үрдістердің ғылыми негізі.
4. Металлургиялық өндірістер, көмірді байыту фабрикалары және көмір рарездерінің техногенді қалдықтарын қайта өңдеудің заманауи тәсілдері.

Зертхана ұжымы

Инженерлі бейінді зертхана ұжымы

nurumgaliev Нұрымғалиев Асылбек Хабадашұлы – зертхана жетекшісі, т.ғ.д., профессор.
toleuova Төлеуова Айнагүл Рымқұлқызы – жоғары білікті инженер, металлургиия доторы, PhD.
bekkulina Абилканова Фарида Жұмагелдіқызы – жоғары білікті инженер, жаратылыстану ғылымының магистрі.
panin Панин Евгений Александрович – жоғары білікті инженер.

 

Құрал-жабдықтардың толық тізімі

Буклет – PDF форматындағы файлды жүктеуге\көруге сілтеме.