imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«... Ғылым еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс істеуге міндетті, инновацияның негізі осы. Жаңа технологиялар әлемде шапшаң енгізілуде, және біз артта қалмауымыз керек ...»

24.06.2014 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысының қоғам өкілдері мен кәсіпкерлерімен кездесуінен.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

2011 жылдың Аға ғылыми қызметкерлер және кіші ғылыми қызметкерлер тобы

Жоба атауы Грантты алған мекеменің атауы
Аға ғылыми қызметкерлер тобы
161 Жер қабаттарынан мұнай алуды көбейту үшін полимерлі суландыру технологиясын жасау және енгізу
№ 585, 9 қараша 2011 ж.
«Полимерлі материалдар мен технологиялар институты» Жеке Мекемесі
184 Химиялық-технологялық үдерістеріне арналған наноқұрылымды құрамында көміртегі бар материалдарды шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті жасау
№ 586, 9 қараша, 2011 ж.
«AIM Lab» ЖШС
Кіші ғылыми қызметкер тобы
036 Дәрілердің жеке мөлшерін анықтауға арналған нақты уақыт режиміндегі полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) негізіндегі жылдам фармакогенетикалық сынақты жасау
№ 580, 9 қараша, 2011 ж.
«General Genetics» ЖШС
063 Өздігінен қалпына келетін композициялық жабынуларды алудың әдістерін жасау
№ 583, 9 қараша, 2011 ж.
«AIM Lab» ЖШС

 

№ 161 Аға ғылыми қызметкерлер тобы
Жоба атауы: РЖер қабаттарынан мұнай алуды көбейту үшін полимерлі суландыру технологиясын жасау және коммерциялау

Кудайбергенов Саркыт Елекенович, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің инжинерлік бейінді зертханасының жетекшісі, «Полимерлі материалдар мен технологиялар институты» Жеке Мекемесінің директоры. Полимерлердің физикасы және химиясы салаларында аты белгілі маман, Ғылым және технологиялар саласында ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986 ж.), шетелде ең көп басылған және дәйексөз алынған Қазақстан авторы ретінде «Парасат» сыйлығының лауреаты (2010 ж.), ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған (2012 ж.), Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетінің құрметті профессоры (2011 ж.). Жұмыстарының ғылыми бағыты арнайы міндет жүктелген полимерлерді жасау және мұнай, мұнай химиясы, катализ, нанотехнология, биотехнология, медицина, қоршаған ортаны қорғау салаларына енгізу. Ол орыс, поляк және ағылшын тілдерінде жарияланған 15 монографияның, 400 аса ғылыми мақалаладының серіктес авторы болып табылады, олардың ішінде 100 астамы халықаралық төрелік ететін журналдарда және импакт-факторы жоғары басылымдарда жарияланған. Ол қорғалған 3 докторлық және 9 кандидаттық диссертацияның жетекісі болды. 1400 дәйексөзі алынған, Хирш индексі – 12 (толығырақ қарау). 2002 жылы “Polyampholyets: Synthesis, Characterization and Application” атты монографиясы ағылшын тілінде «KluwerAcademic/PlenumPublishers» (NewYork, Boston, Dordrecht, London, Moscow) американың беделді баспасында жарияланды. «ISI Web of Knowledge» мәліметі бойынша ол полиамфолитті зерттеу және синтездеу саласында әлемнің 25 жетекші ғалымдарының арасында алдынғы қатардағы орынға ие болған. “Supramolecular Catalysis” журналының редакция алқасының мүшесі және “Macro Molecular Complexes” ИЮПАК Халықаралық симпозиумының Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Еуропа одағының Алтыншы және Жетінші нобайлы бағдарлама сарапшысы.

Жоба мақсаты: Қазақстандағы кен орындарының жер қабаттарынан мұнай алуды көбейту үшін полимерлі суландыру технологиясын жасау және коммерциялау. Оның ішінде: 1) Жер қабатының зертханалық физикалық моделін дайындау және жасау, керндерді, полимерлерді және түрлі кен орындарының қабат сұйықтықтарын зерттеу; 2) Полимерлі суландыру технологиясын зертханалық физикалық модельде сынау; 3) Полигон жағдайында полимерлі суландыруға ірілендірілген сынақтар жүргізу; 4) Мұнай кен орындарында полимерлі суландыру технологиясына тәжірибелік-өндірістік сынақтар жасау.
Байланыс ақпарат: «Полимерлі материалдар мен технологиялар институты» Жеке Мекемесі,
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22,
тел. 292-50-80, 292-58-08, 292-05-48,
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

№ 184 Аға ғылыми қызметкерлер тобы
Жоба атауы: Химиялық-технологялық үдерістеріне арналған наноқұрылымды құрамында көміртегі бар материалдарды шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті жасау

Наурызбаев Михаил Касымович. ҚР БҒМ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Физтка-химиялық талдау және зерттеу орталығының директоры. Ғылым, техника және білім беру саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Техника ғылымдарының докторы, профессор
http://cfhma.kz/cfhma/?lang=ru

Жоба мақсаты: Жобаның негізгі мақсаты – шунгит жыныстарының негізіндегі көміртек-минералдық композит шығыратын өндірісті жасау. Ол келесі ақырғы өнімді – техникалық көміртегі (қара резеңке қоспаларды/құрымдарды күшейткіш толтырғыш) және түрлі химиялық-технологиялық үдірістерге арналған көміртек-минералдық сорбент.
Байланыс ақпарат: «AIM Lab» ЖШС, ҚР БҒМ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Физика-химиялық талдау және зерттеу орталығы
Тел. +7(727)292-37-31, +7(727)292-00-08, факс +7(727)2923731
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

№ 036 Кіші ғылыми қызметкер тобы
Жоба атауы: Дәрілердің жеке мөлшерін анықтауға арналған нақты уақыт режиміндегі полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) негізіндегі жылдам фармакогенетикалық сынақты жасау
Аты-жөні: Жолдыбаева Елена Витальевна
Қызметі: Ұжымдық қолданылудағы ұлттық биотехнологияның ғылыми зертханасының жетекшісі
Туылған жылы: 1979 г.
Білімі: Санкт-Петербург қаласының Мемлекеттік Техникалық Университеті (2002 ж.). Мамандығы «Биофизика». Аспирантура – Биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ҒЗИ, Гвардейский қала үлгісіндегі кенті, Жамбыл облысы.
Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының кандидаты
Негізгі ғылыми жетістіктері:
Зерттеулерінің ғылыми бағыты: вирустардың молекулалық биологиясы, популяциялық генетика және геномдық зерттеулер
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Полимеразалық тізбекті реакция негізінде құстардың жұқпалы ларинготрахеит диагностикасы». 03.04.06 – вирусология мамандығы бойынша.
45 ғылыми еңбектің авторы, ПТР негізіндегі диагностикалық тест-жүйелерін жасау бойынша 7 авторлық куәлігі бар. Л. Орбели атындағы шәкіртақы иегері, Ресей (2001). Қазақстан ғылымын дамытуда үлес қосқаны үшін ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған (2009). ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банктың «Технологияларды коммерциялау» жобасының жеңімпазы (2011). Талапты ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегері (2012-2013 жж.).
Жоба мақсаты:
Байланыс ақпарат:

Презентацияны жүктеу

 

№ 063 Кіші ғылыми қызметкер тобы
Жоба атауы: Өздігінен қалпына келетін композициялық жабынуларды алудың әдістерін жасау
Соколов Александр Юрьевич – PhD, Физтка-химиялық талдау және зерттеу зертханасының жетекшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің химия факультетінің аналитикалық химия және сирек элементтердің химиясы кафедрасының аға оқытушысы
Жоба мақсаты: функционалды агенті бар нано- және микрокөлемді капсулалар қосылған электролиттерді электрохимиялық тыңдыру арқылы өздігінен қалпына келетін композициялық жабынуларды алудың технологиясын жасау.
Байланыс ақпарат: Алматы қ., Толе би көшесі, 96 А,
тел. +7 777 3837463,
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2012 жылдың Аға ғылыми қызметкерлер және кіші ғылыми қызметкерлер тобы

Жоба атауы Грант алушы ұйымның атауы
Аға ғылыми қызметкерлер тобы
151 Магнегаз технологиясын Қазақстанда коммерциялау «АстанаТехКом» ЖШС
229 Қазақстан өсімдік шикізаты негізінде гидрогельді емдік фитодәрілердің жаңа түрлерінің өндірісін жасау «Химия және инновация» ЖШС
Кіші ғылыми қызметкерлер тобы
072 Еділбай және Қазақ архармеринос қой тұқымдарын молекулалық-генетикалық паспорттау және цитогенетикалық куәландыру «KazCytoGen» ЖШС

 

№ 151 Аға ғылыми қызметкерлер тобы
Жоба атауы: Магнегаз технологиясын Қазақстанда коммерциялау

Арынгазин Аскар Канапьевич, физика-математика ғылымдарының докторы
Туған күні: 06.10.1961
Білімі:
1985 г. – үздік диплом, М.В. Ломоносова атындағы ММУ-нің физика факультеті, Мәскеу қаласы.
1985-1988 гг. – М.В. Ломоносова атындағы ММУ-нің физика факультетінің аспиранты, Мәскеу қаласы.
1988 г. – М.В. Ломоносова атындағы ММУ-нің физика-математика ғылымдарының, Мәскеу қаласы.
1998 г. – физика-математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетті, Алматы қаласы.
Ол 70 астам ғылыми еңбектің авторы, олар Греция, АҚШ, Ресей, Югославия, Жапония елдеріндегі әріптестерімен бірге жазылған. 60 артығы ағылшын тілінде жазылып, кейбір бөлігі халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған (Phys. Lett. A, B, Phys. Rev. B, E, Int. J. Mod. Phys. A, Physica A, Rep. Math. Phys., Class.& Quantum Grav., Hadronic J., Algebras, Groups & Geometries, Gen. Relat. & Grav, Вестник МГУ, Известия Вузов және т.б.). Ол – бірнеше монографиялардың серіктес авторы, бірталай халықаралық конференцияларың шақырылған баяндамашысы (Мәскеу, Протвино, Греция, Италия, Англия, Түркия, Оңтүстік Корея).
А.К. Арынгазинның ғылыми қызметінің салалары: салыстырмалық теориясының, гравитацияның және космологияның қазіргі мәселелері; гамильтон, квант және адрондық механика, қарапайым бөлшектер физикасы; топологиялық квант өріс теориясы, химиялық физика, квант нүктелері, физика, химия, плазма технологиялары, газдағы доғал разряды, газ және сұйық отын технологиялар саласында қолданбалы зерттеулер, сұйық пайдаланылған сулардың және жылу генераторлық қондырғыларының регенерациясы, ұзақ уақытты дербес электр қуат көздерінің турбуленттігі, баяу балқитын металлдарды кесуге арналған газ, ақпараттық технологиялар.
ҚР БҒМ және басқа грант ұсынушылармен қаржыландырылатын бірқатар іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми жетекшісі: газ және сұйық отын технологиялар саласында (2003-2005), жылу генерациясы (2004), газ отынын өндірудегі плазма-химиялық технологиялар, турбуленттік қасиеттер және бағдарламалық жасақтама (2009-2011), көртышқан індерінің астрофизикасы (2012), квант нүктелері және оларды медицинада қолдану (2012), және магнегаз технологиясын Қазақстанда коммерциялау (2012).

Жоба мақсаты: Ацетиленнің баламасы ретінде сұйық қалдықтарды металлдарды кесуге арналған таза газға қайта өңдеу плазма-химиялық технологиясын дамыту және коммерциялау.
Байланыс ақпарат: 010008, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мұңайтпасов к.,5, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университет, Оқу-зертханалық ғимарат, 819, 824, 825 каб
Телефон:+7 (7172) 709500 доб. 32816, 32806, 32810,
E-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
www.astanatechcom.kz

 

№ 229/12 Аға ғылыми қызметкерлер тобы
Жоба атауы: Қазақстан өсімдік шикізаты негізінде гидрогельді емдік фитодәрілердің жаңа түрлерінің өндірісін жасау

Абилов Жарылкасын Абдуахитович
Ғылыми дәрежесі: химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Ғылым академиясының Қазақстанның жоғарғы мектебінің корреспондент-мүшесі
Ғылыми еңбектері және өнертабыстары: 500 аса мақала, 5 монография, 12 оқу-әдістемелік құралы, 1 ҚР БҒМ оқулығы. Ғылыми зерттеу нәтижелері Қазақстанның 52 патентімен және авторлық куәлікпен, 20 фармакопеялық мақаламен, 10 тәжірибелік-өндірістік реттемесімен қорғалған. 2011-2013 жылдар аралығында жоғары импакт факторы бар рецензияланатын арнайы журналдарда мақалаларын жариялады: World Applied Sciences Journal (2011), Phytochemistry Letters (2011), Synlet (2012), Tetrahedron (2012), Monatshefte für Chemie − Chemical Monthly (2012), Heterocycles (2012), Journal of Fluorine Chemistry (2013), Helvetica Chimica Acta (2013), Z. Naturforsch (2013).
Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • синтетикалық полиэлектриттердің негізінде жоғары молекулалы беттік-белсенді заттектер және оларды беттік-белсенді заттектермен ассоциацияларын жасау;
  • бірқатар бағалы биологиялық белсенді табиғи қоспаларды жетілдіру мен медицина және ауыл шаруашылығына арналған жаңа дәрі-дәрмектерді жасау;
  • алифатикалық және гетероциклді қосылыстардың аминдарының негізіндегі белгіленген қасиеттері бар жаңа фармакологиялық белсенді қосылыстарын алу бойынша жіңішке органикалық синтез саласында зерттеулер;
  • биологиялық белсенділік, өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу бойынша табиғи қосылыстардың химиясы саласындағы зерттеулер және олардың негізінде медицинаға арналған дәрілерді жасау;
  • полимер тасушыларда және балшықты композицияларда дәрілік заттектерді шашырату.

Мемлекеттік және басқа марапаттары: «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы қызметі үшін» құрмет белгісімен марапатталған, Қазақстан Республикасының Білім беру Озаты, «Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасының дамуына маңызды үлес қосқан мамандар мен ғалымдар үшін» Мемлекеттік ғылыми шәкіртақысының лауреаты. Ол ҚазҰУ-нің үздік оқытушыларының қатарында екі рет болды.

Жоба мақсаты: Қазақстан өсімдік шикізаты (кермек гмелина, қырғыз жантағы және т.б.) негізіндегі фитодәрілері бар жаңа жоғары нәтижелі полимерлі гидрогельді майлар мен таңғыштардың ұйымдық-өнеркәсіптік өндірісін және технологиясын және медецинада ауқымды жарақат пен күйіктерді емдеуде қолданылатын Рихлокаин синтетикалық анестетик жасау.
Байланыс ақпарат: 0050042, Алматы қ., Таугүл-1 шағын ауданы 52/33 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

№ 072 Кіші ғылыми қызметкерлер тобы
Жоба атауы: Еділбай және Қазақ архармеринос қой тұқымдарын молекулалық-генетикалық паспорттау және цитогенетикалық куәландыру
Мусаева Айжан Сеилканова, биология ғылымдарының кандидаты. Жасушалы биология, гистофизиология және цитогенетика салаларының маманы, 2005 жылдан бастап жануарлардың генетикасы және цитогенетикасы салаларында зерттеулер жасайды. 35 астам ғылыми еңбектің авторы. Ол қойлардың түгінің өсуінің гистологиялық-физиологиялық аспектілерін зеттеуге қатысқан, сонымен қатар тірі жүйелерге радиациялық фонның және қоршаған ортаның басқа мутагендік ықпаларының әсерін зерттеген.
Жоба мақсаты: Еділбай және Қазақ архармеринос қой тұқымдарын молекулалық-генетикалық паспорттау және цитогенетикалық куәландыру, тұқымдардың геномдық кәуліктерін жасау, олардың геномының бағалау көрсеткіштерін генетикалық-селекциялық жұмыстарында жоғары өнімді асыл тұқымды қойдың санын тез және сапалы көбейту үшін қолдану.
Байланыс ақпарат: 050060, Алматы қ., Әл-Фараби д., 93, 331 кабинет. Академ қалашық.
Тел. +7 (727) 269- 46-16
Fax: +7 (727) 269-45-87
Моб. 8 701 728 95 34
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Презентацияны жүктеу

2013 жылдың Аға ғылыми қызметкерлер және кіші ғылыми қызметкерлер тобы

Жоба атауы Грант алушы ұйымның атауы
Аға ғылыми қызметкерлер тобы
64 Қоспа жемдерге арналған минералды қосымшаларды алу технологиясын жасау және оны өндіріске енгізу «GLAY SK» ЖСШ
80 Күйік пен хирургиялық жарақаттарды емдеу үшін арналған табиғи полимерлер негізіндегі биобүркеулер «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорын ЖСШ
157 Жаңғыртылатын энергетикаға, электрлік автокөліктерге және электроникаға арналған металл литийсіз инновациялы литий-иондық күкірт батареясын жасау «Аккумуляторлар институты» ЖШС
Кіші ғылыми қызметкерлер тобы
4 Спутниктік радарлық интерферометрия негізінде жердің беткі қабат жағдайының анализінің геоақпараттық моделі «KazGeoSkan» Ғылыми Техникалық орталығы» ЖШС
55 Мұнай құбырларының ішкі қуысын тазартуға арналған композициялық гидрогельді қырғыш жасау «Полимер материалдар мен технологиялыр институты» жекеменшік мекемесі

 

Аға ғылыми қызметкерлер тобы № 64
Жоба атауы: Қоспа жемдерге арналған минералды қосымшаларды алу технологиясын жасау және оны өндіріске енгізу
Сапаргалиев Ержан Молдашевич (1955)
Шығыс Қазақстан облысының Новоберезовка селосында дүниеге келген.
1977 ж. В.И. Ленина атындағы ҚазПТИ аяқтаған, мамандығы: «геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау».
1980-81 ж.ж. окончил Г.В. Плеханова атындағы Ленинград Тау-кен институтын аяқтаған. Мамандығы: «экология және табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру».
1993 – 2007 ж.ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімінің меңгерушісі болған. Ол «Үлкен Алтай» жалпы мәселесі бойынша іргелі-қолданбалы мақсатты тақырыптардың ғылыми жетекшісі және жауапты орындаушысы болған. Совет үкіметінен кейінгі уақытта бірінші рет Таган кен орны негізінде монтмориллонит минералындағы фармацквтикалық бентонит қорлары бекітілген. Сондықтан Қазақстанда дәрілік сорбенттердің минералдық базасы жасалды. Ол Қазақстандағы алғашқы «Тагансорбент» дәрілік энтосорбентінің, тамаққа арналған биологиялық белсенді қоспалардың және монтмориллонт Өскемен қаласында «Сорбент» ЖШС шығаратын, вирусқа және бактерияға қарсы қасиеттері бар сорбенттердің жасаушысы.
Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері 75 ғылыми еңбекте, оның ішінде 2 монографияда (серіктес автор), ҚР және РФ-ның он бес өнертабыс патентінде және алдын ала патенттерінде баяндалған.
2008 жылдан бастап «Алтай геологиялық-экологиялық институты» ЖШС-нің директоры, ҚР минералдық ресурстар академиясының академигі болып табылады. ҚР құрметті кен барлаушысы.
Жоба мақсаты: Шығыс Қазақстанның Зайсан өзенінің аймағында орналасқан бірегей бентонит сазының кен орны негізінде қоспа жемдерге арналған минералды қосымшаларды шығару бойынша тәжірибелік өндірісі ұйымдастырылады. Бұл үшін бентонит пен кен орнының карбонаттық-кремнийлі жыныстарының құрамы зерттеледі, түрлі жануарлардың жем қоспаларына арналған минералды қосымшалардың құрамы зерттеледі. Өнімге техникалық талаптар жасаумен бірге, минералдық қоспалар Қазақстан мен Ресей Федерациясының орталықтарында жануарларға беріліп тексеріледі. Алынған мәлімет негізінде жылына 1000.0 тонна шығаратын және сату көлемі жылына 60 млн. теңге болатын тәжірибелік өнеркәсіп құру жоспарланған. Тәжірибелік өнеркәсіпті Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының Ақжар селосында орналастыру жоспарланған. Облыс шекарасының аймағы жаңа өнеркәсіп алады, бұл он шақты жанұяны жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Соңғы кезде Шығыс Қазақстан аймағында ірі қара мал саны 150 мың бастан асатын бірнеше мал шаруашылығы кешені ашылды. Бұл осы жоба бойынша өнімді өткізуге мүмкіндік береді.
Байланыс ақпарат: ШҚО, 070004, Өскемен қ., Карл Либкнехт к., 21 каб. 207.
тел. (7232) 25-27-23,
еmail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Аға ғылыми қызметкерлер тобы № 80
Жоба атауы: Күйік пен хирургиялық жарақаттарды емдеу үшін арналған табиғи полимерлер негізіндегі биобүркеулер
Кауламбаева Маржан Закановна
Туған күні: 18 сәуір 1961 ж.
Білімі:С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология факультеті.
Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс орны: ҒӨӨ «Антиген» ЖШС-нің «Жасущалы биотехнология» зертханасының меңгерушісі.
Жоба мақсаты: Күйік пен хирургиялық жарақаттарды емдеу үшін арналған коллаген, гиалурон қышқылының және фибрин желімінің негізіндегі биобүркеулер технологиясы мен жасауды коммерцияландыру.
Байланыс ақпарат: 040905, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай с., Азербаев к. 4, ҒӨӨ «Антиген» ЖШС.
Телефон: 8(727)3 89 05 04 (115), сот. 8-707-432 57 63
e-mial: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Аға ғылыми қызметкерлер тобы № 157
Жоба атауы: Жаңғыртылатын энергетикаға, электрлік автокөліктерге және электроникаға арналған металл литийсіз инновациялы литий-иондық күкірт батареясын жасау
Курманбаева Индира Алтаевна, «Катализ» мамандығы бойынша (ҚР ҒА Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты) химия ғылымдарының кандидаты.
Қазіргі уақытта «Аккумуляторлар институты» ЖШС-нің ғылыми директоры.
Кәсіби тәжірибесі: материалтану, электрохимия, нанобөлшектердің дизайны, беткі қабатты түрлендіру және микро- және нанобөлшектер бойынша физикалық-химиялық зерттеулер, катализ, косметикалық өнімді жасау.
Жоба мақсаты: Li/S батареялары барлық батареялардың арасында, төмен улағыштық және арзандықпен қатар, жоғары энергия тығыздығына ие (теориялық мәні 1 676 мА/с г-1 тең), яғни бұл технология электр автокөліктердің бір зарядтағы өтетін жүрісін 6-7 есеге дейін көбейтуге мүмкіндік береді, бірақ өрт қауіпі бар литий олардың тәжірибелік қолданысын шектейді. Бұл жобада жаңғыртылатын энергетикаға, электрлік автокөліктерге және электроникаға арналған металл Li болмайтын жаңа Li/S батареясының түптұлғасы жасалады. Бұл батарея зертханалық жағдайда 1 200 мА/с г-1 және 100 % кулондық циклдеу нәтижелігін көрсетті.
Байланыс ақпарат: Мекенжай: Астана қ., Қабанбай батыр д., 53,
Назарбаев Университетінің технопаркі, 6 бөлме.
Телефон: +7 (7172) 70-92-73
Эл. пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сайт: http://batterykazakhstan.com/institute-of-batteries/

 

Кіші ғылыми қызметкерлер тобы № 4
Жоба атауы: Спутниктік радарлық интерферометрия негізінде жердің беткі қабат жағдайының анализінің геоақпараттық моделі
Мозер Дмитрий Владимирович, техникалық ғылымдар кандидаты, директор,
- 5 авторлық патент, 2 монография (Германия)
- 10 халықаралық грант пен шәкіртақыны жеңіп алған. 2005 жылы Неміс академиялық алмасу қызметі (ДААД). № А 05/21961, 2008 ж. A/07/73042, 2012 ж. А/12/05170, «Инспайр» Британ кеңесінің гранты, Ұлыбритания.
2011 - «ЖОО үздік ұстазы» мемлекеттік грантының иегері
2012-2013-2014 – ҚР БҒМ Ғылым комитетінің мемлекеттік шәкіртақысы.
2012-2014 – ғылыми зерттеудің гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі.
2011 ж. – «Қазақстан маркшейдерлер одағының» ғалым-хатышысы. Қазақстан маркшейдерлерінің I конгрессінің ұйымдастырушысы.
2012 ж. – «Еуразиялық халықаралық ғылым, экология және қауіпсіздік академиясының» корресподент мүшесі.
№ 1396, 21.12.2012 ж., № 252, 15.03.2013 ж. № 835, 10.06.2013 ж. , № 827, 07.06.2013 ж. зерттеу тақырыптары бойынша 4 авторлық куәліктің иегері.
Жариялынымдар:
- Using Global Positioning System when Observing Open Pit Slope Displacements in Kazakhstan// Zeitschrift Markscheidewesen, Germany, № 2-3/ 2012. S 8-13
- Exploiting the metallurgical throughput–recovery relationship to optimize resource value as part of the production scheduling process// Minerals Engineering 53, IF Thomson Reuters=1.207, 2013 p.74–83
- Спутниктік радар интерферометрияның Қазақстандағы қолданылуы // XV. Халықаралық ISM Конгрессінің еңбектері 2013. Аахен қ., Германия. 213-221 б.
- Қазақстан тау-кен өнеркәсіптерінің маркшейдерлік қызметтерінің қазіргі жағдайы // Халықаралық ISM Конгрессінің еңбектері 2013. Аахен қ., Германия, 222-228 б.
- Monitoring of Karaganda City Undermined Territories Displacements Using Satellite Radar Interferometry// Monitoringvon Ingenieurbauwerkeram Beispielvonaktuellen Projektenin Osteuropa, ShakerVerlagAachen 2013, Germany, s.65-70
Өнертабысқа Қазақстанның инновациялық патенті №74341.- 2011.-39 б. // Жарылыстан қорғалған тұтас жалғастырғыш, №4959, 14 ақпан 2013 ж.// Спутниктік сигналдардың бұрмалануын қабылдануын азайтуға арналған GPS антенна.
28.05.2012 ж. «Сарыарқа-ENERGY» ЖШС мердігерлік келісім бойынша «Жалын» кен орынындағы 11.11.01 ж. тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың жетекшісі.
ҚР БҒМ Технологияларды коммерциаландыру орталығының жобасының жетекшісі. KazGeoScan ЖШС ұйымдастырылды, интернет мекенжайы http://kazgeoscan.kz/ ҚР БҒМ Білім беру және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитетінің аккредитациясы алынды. Жетекшінің жобадағы жұмысбастылығы 25%, яғни күніне 2 сағат болып табылады.
Жоба мақсаты: Жобаның мақсаты Жерді қашықтан зондтау негізіндегі үлкен аумақты жер қабатының жағдайының дәл болжамын беру болыптабылады.
Әдісі: алынған бейнелерді ENVI бағдарламалық кешенінің SARScape модулінде өңдеу, CosmoSkyMed 1-4 спутниктік радарлық бейнелерін қолдану негізінде Қарағанды қаласының өңделген аумағының беткі қабатының жылжуларының интерферограммасы алынады. Өңделген аймақтағы өзгеру үдірістерінің нақты орналасуы анықталған. Жүйелі бақылау үшін GPS жүйенің және 3 жіктелімді нивелирлеуді қолдану арқылы жүргізіледі. Алынғын мәлімет негізінде, уақыт коэффициентін есепке ала отырып, өңделген аймақтың геомеханикалық есебі мен басылу анализі жасалады.
Нәтижесі: инновациялы бағдарламалық өнім жасалады, ол жер беті жағдайының геоақпараттық моделін жасауға және саралауға, геодинамикалық үдірістердің жүру уақытын ескере отырып жылжулар мен басылулардың есептеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалық өнімді қолдана отырып, зерттеу тобы агротехникалық кешен және тау-кен өнеркәсіптеріне инжиниринг қызметін ұсынуға мүмкіндік береді.
Байланыс ақпарат: «KazGeoScan» Ғылыми Техникалық Орталығы» ЖШС
100023, Қарағанды қ., Октябрь ауданы, 21 шағын ауданы, дом 30, кв. 70
БИН 131 240 010 270
ИИК KZ879 650 000 071 610 825
БИК IRTYKZKA, Кбе 17
АО «Альянс Банк»
870173788223
www.kazgeoscan.kz
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Кіші ғылыми қызметкерлер тобы № 55
Жоба атауы: Мұнай құбырларының ішкі қуысын тазартуға арналған композициялық гидрогельді қырғыш жасау
Садакбаева Жансая Кудайбергеновна
2013 – қазіргі уақыт. – Ғылыми директор, «Полимер материалдар мен технологиялыр институты» ЖМ
2009 – 2013 – Кіші ғылыми қызметкер, «Полимер материалдар мен технологиялыр институты» ЖМ
2010 – Жетекші маман, Иженерлік бейінді зертхана, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
2009 – Ғылыми қызметкер, Қазақстан-Британ техникалық университеті
2004 – 2009 – Маман, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
Жоба мақсаты: Мұнай саласында құбырлардың ішкі қуысын тазартуға арналған қырғыштар жасау үшін иілгіш механикалық жағынан мықты органикалық-бейорганикалық материалдарды жасау
Байланыс ақпарат: «Полимер материалдар мен технологиялыр институты» ЖМ
050013, Алматы қ., Сәтбаев к. 22
Тел.: +7(727)292 50 80
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.