imsc-faviconfacebookrss

header a position

Жүйеге кіру

header-picture-kz
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
president

«Жаңа технологиялар, роботтану және автоматтандыру еңбек ресурстарына және адамдық капиталдың сапасына талаптарды күрделендіреді. Бұл жағдайларда мемлекеттің жетістігінің негізі және сұраныстарға жауап басты құндылық – адамды дамыту болып табылады »

Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан. 2018 ж 5 қазан.

Вебсайт туралы

Бұл бөлімде Халықаралық Материалтану Орталығының ұжымы туралы ақпарат таба аласыз

Жаңалықтар

Барлық соңғы жаңалықтар және жаңалықтар архиві

RSS жаңалықтары

RSSке жазылу. Хабардар бол. RSS барлық жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді

Біздің журнал

Халықаралық Материалтану Журналы

Сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? Бұл бөлімде сізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз, алғыс немесе ұсыныс білдіре аласыз

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕРИАЛТАНУ ОРТАЛЫҒЫ

Қазіргі таңда ХМО базасында келесі ғылыми жобалар орындалуда: «Дайын өнім сапасын арттыру мақсатымен станционарлы емес қысым кезінде құмтасты-шайырлы қалыптар өндірісін енгізу және әзірлеу» (ҚР БҒМ ҒК 2018 ж. 16 наурызынан № 198-6 келісім-шарт, 2018-2020 жж. қаржыландыру – 27,2 млн. тг.), «Металлургия агрегаттарының бөлшектерін алу үшін заманауи тозуға төзімді материалдарды өңдеу және өндіру технологиясын құру, енгізу және әзірлеу» (ҚР БҒМ ҒК 2018 ж. 20 наурызынан № 217  келісім-шарт, 2018-2020 жж. қаржыландыру – 170 млн. тг.); «Оңтайлы кеуекті және жылуға төзімділігі жоғары металлургия өнеркәсібі үшін отқа төзімді материалдар дайындау технологиясын әзірлеу және енгізу» (ҚР БҒМ ҒК 2018 ж. 16 наурызынан № 198-7 келісім-шарт, 2018-2020 жж. қаржыландыру – 30 млн. тг.), «Қазақстандық мазмұндағы шикізат пен жабдықтарды пайдалану арқылы құрылымы мен қасиеті гомогенделген күрделі легірленген болаттан жасалған дәлме-дәл құймаларды дайындау технологиясын жетілдіру» (ҚР БҒМ ҒК 2018 ж. 16 наурызынан № 198-8 келісім-шарт, 2018-2020 жж. қаржыландыру – 24,2 млн. тг.),  «Қушоқы» қимасының жоғарыкүлді көмірінің сынамасын, ферросиликоалюминий қорытпасымен өңделген болат және ферросиликоалюминийдің әртүрлі маркаларын металлографиялық және петрографиялық зерттеу» (ЖШС «Кешендік қорытпалардың Қарағандылық зауытымен» 2017 ж 1 желтоқсанынан № 17.12.02 шаруашылық келісім-шарт, қаржыландыру 2018-2019 жж. – 15  млн. тг.), «Галлуазит нанотрубкаларын пайдалану арқылы қара және түсті металдардың коррозияға төзімділігін арттыру» (Ғылым Қоры» АҚ жасалған № 291 23.12.2016 ж. келісім-шарт, қаржыландыру 2017-2019 жж. – 150 млн. тг.).


«Технологияларды коммерциялау» жобасы Қазақстанда бірнеше жыл бойы іске асырылуда, бұл жоба қазақстандық және шетел мамандарымен дайындалған. Бұл жоба Қазақстандағы ғылымды дамытуға бағытталған, ал оның мақсаты – зерттеулердің коммерциялық маңызын арртыру. Халықаралық Материалтану Орталығын (ХМО) ұйымдастыруға арналған грант 21.06.2013 жылдың «Технологияларды коммерциялау» жобасына кіреді. Ол зерттеулерді жүргізу кезіндегі халықаралық стандарттардың қолданылуын, халықаралық ғылыми қоғам және индустриямен ынтымақтастықтың дамуын мақсат еткен қосалқы жлба болып табылады.

itogi_konkyrsa

Байқаудың нәтижесін жариялау

(сол жақтан бастап Ыбырайым Н. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы,
Швайтцер Г. – Халықаралық Ғылым және Коммерциялау Кеңесінің төрағасы,
Бексултан Е. – Даму және Қайта құру Халықаралық Банкінің өкілі)

«Технологияларды коммерциялау» жобасының аясында Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті «Халықаралық Материалтану Орталығын ұйымдастыруға» грант алды (ХҒКК мүшелерінің хаттамасы, 21.06.2013). ХМО «Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру» Сынама инжинерлік профилді зертханасының негізінде ұйымдастырылады.

pozdravlenie

Швайтцер Г. Халықаралық Ғылым және Коммерциялау Кеңесінің төрағасы байқау жеңімпаздарын құттықтауда

ХМО қызметі – ұлттық зерханалардың, ұжымдық зертханалардың, зерттеу орталықтардың қызметін шетел зерханалары мен орталықтарының қызметімен бірыңғай виртуалды кеңістікте үйлестіру, материалтану және кен өндіру саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстардың ғылыми және ғылыми-техникалық субъекттерімен орындалуын қамтамасыз ету, сонымен қатар аға ғылыми қызметкерлер және кіші ғылыми қызметкерлердің ынтымақтастығына жәрдем көрсету, зерттеу жұмыстарына магистраннтарды тарту болып табылады.

Халықаралық Материалтану Орталықты құрылу мақсаты:

- Материалтану саласындағы ақпараттық портал мен веб-сайтты жасау және шетел мен отандық ғалымдарға олардың негізінде ғылыми зерттеулер жасауға мүмкіндік беру;
- Қазақстанның ғылыми-зерттеу қоғамына арналған ортақ ресурстарды қолдану және ақпаратпен алмасу мақсатында орталық хабтағы ақпаратқа шығу мүмкіндігін беру;
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстардың ғылыми және ғылыми-техникалық субъекттерімен орындалуын қамтамасыз ету;
- Ұлттық зерханалардың, ұжымдық зертханалардың, зерттеу орталықтардың қызметін шетел зерханалары мен орталықтарының қызметімен бірыңғай виртуалды кеңістікте үйлестіру;
- Электрондық журнал жасау.

Халықаралық Материалтану Орталығының міндеттері:

- Модельді зертханалық орталық ұйымдастыру;
- Ғылыми мақалалар, жаңалықтар, жаңа қызмет орындары және іс-шаралармен алмасу үшін интернет-қоғам ұйымдастыру;
- Шетел профессорларын шақыру, ғылми қызметкерлер, магистрлер мен бакалаврларға арналған құрал-жабдықтарда тренингтер ұйымдастыру;
- Сапа стандарттары, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару туралы тренингтер өткізу;
- Қоршаған ортаны қорғау және сапа стандарттары жүйесіне қатысу және оны дамыту, сертификаттау бойынша консультация ұйымдастыру;
- Лабораторияларды ISO-9001 және GLP стандарттары бойынша аккредиттеу;
- Ғылым мен білім беруді біріктіру;
- Ғылыми-техникалық базаны күшейту;
- Мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және қайта дайындау.
Жобаны орындау үшім ХМО құрылымы бекітілген, ол негізгі 6 бөлімнен тұрады. Олар Қазақстан Республикасының инновациялық жүйесінің субъектілерінің шет елдердің ғылыми орталықтарымен ынтымақтастығын ұйымдастырады және дамытады:
- Халықаралық ынтымақтастық бөлімі;
- Ақпараттық-аналитикалық бөлім;
- Әдістемелік бөлім және киностудия;
- Сапа және менеджмент жүйесінің бөлімі;
- Коммерциялау және консалтингілік қызмет бөлімі;
- Электрондық журналдың редакциял және баспа бөлімі.

«ХМО» ЖШС-ның ережесі, ХМО қызметкерлерінің штаттық кестесі, ISO-9001 стандарттарына сәйкес ғылыми директордың, құрылымдық бөлімше жетекшілердің және инженерлердің лауазымдық нұсқаулары жасалды.
2013 жылдың 6 қарашасында (Астана) ХМО жобасын іске асыру жоспарының орындалуын, қажы жоспарын және ХМО бойынша сатып алу жоспарын талқылау үшін жобаның кураторы – Карен Григорямен және Дүниежүзілік банктың қаржы маманы – Хиран Хиратпен кездесу өткізілді.
2013 жылдың 6 қарашасында (Қарағанды) ХҒКК сарапшылары – Чанбаш Башир және Сергей Нетесов қатысқан жиналыс өткізілді, жиналыста ХМО қызметкерлері сарапшыларды ХМО қызметі және жобаны орындау жоспарымен таныстырды.

soveshanie

ХМО қызметкерлерінің ХҒКК сарапшыларымен жиналысы

oznakomlenie_expertov

ХҒКК сарапшылары мен ЖБТ қызметкерлеріне университеттің жобаларын таныстыру

2013 жылдың 6 қарашасында «Инновацияларды қолдауда үкіметтің орны және оның Қазақстан үшін нәтижесі» атты Халықаралық семинарда Халықаралық Материалтану Орталығының тұсаукесері өтті және көрсету, үлестірме материалдары таратылды. Бұл семинарға Қазақстан Республикасының Премьер–министрінің орынбасары Орынбаев Е.Т. қатысты.

zamestitel_premiere_ministra

Қазақстан Республикасының Премьер–министрінің орынбасары Орынбаев Е.Т. ХМО–ның көрме стендімен танысуда